Алғы сөз
Табиғат көп нәрсені үйретіп қана қоймайды, тәрбиелейді. Сондықтан тәрбиеші туған табиғатты жете білуі тиіс және оның барлық ерекшелігі мен байлығын, әсемдігі мен әдемілігін, мекен етушілерін балаларға таныстырып, сырын аша білуі керек.
Белгілі әдіскер, профессор В.Е.Райнов тірі және өлі табиғатқа бақылау жасау арқылы балалармен одан бұрын байқамаған көп ғажайып сырларды ашуға болатынын айтқан.
Табиғат аясында жасалатын бақылаулар балаға мынадай нақты деректер алып, өзін-өзі одан әрі дамытуға жол ашады:
Заттарды бақылап, тану арқылы қисынды ойлау қабілеттері дамиды, өзгерістерді өздігінен бақылап қорытынды жасайды. Мысалы: жыл мезгілдерінің, құстардың, жабайы аңдар мен үй жануарларының маусымдық ауысуы, жәндіктер, ағаштар, олардың жапырақтары мен гүлдері, гүлзардағы гүлдердің өзгеріске түсуі және т.б.
Серуен кезіндегі бақылаулар бала бойындағы зейінінің тұрақтануына, есте сақтау мен тапқырлық, білімге қызығушылық қасиеттерінің дамуына себепкер болады. Серуен кезіндегі жүйелі түрдегі дұрыс ұйымдастырылғанбақылау – мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерімен қоса еңбек сүйгіштік, ұқыптылық, жауапкершілік, шапшаң жұмыс жасау шеберліктерін дамытады.
Ұсынылып отырған «Балалардың айнала қоршаған ортаға деген эмоционалдық қатынастарын қимылдық, танымдық белсенділіктерін серуендегі бақылау негізінде арттыру» тақырыбындағы қалалық семинар мектепке дейінгі ұйым және шағын орталық тәрбиешілері мен әдіскерлеріне тәжірибелік көмек боларына сенімдіміз. Семинардың негізгі мақсаты мен алға қойған міндеттері «Не білгім келеді?!» тренингі негізінде бастау алады.
Семинар барысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың жас кезеңдеріне сай шығармашылық топтарға бөліну арқылы жүргізіледі. Топты тьютор бағыттап, бағдарлап отырады.
Семинарды қорытындылау рефлексивті бағалаумен аяқталады.Сондықтан бүгінгі семинарға қатысушылар ментьюторларғе сәттілік тілеймін.
Құрметпен,
№20 «Нұршуақ» балабақша-бөбекжай
директоры: В.А.Аубакирова
СЕМИНАР БАҒДАРЛАМАСЫ
Уақыты (сағ)
|
Мазмұны
|
Өтілетін жері
|
Жауаптылар
|
ТАҚЫРЫБЫ: «Балалардың айнала қоршаған ортаға деген эмоционалдық қатынастарын қимылдық, танымдық белсенділіктерін серуендегі бақылау негізінде арттыру»
|
08.30 - 09.00
|
Қонақтарды қарсы алу (тіркеу)
|
1 қабат
|
Слямбекова Ж.С.,
Анаш Серікгүл
|
09.00 – 09.05
|
Тезистік сөз
|
Музыка залы
|
Балабақша-бөбекжай директоры Аубакирова В.А.
|
09.05 – 09.15
|
Тренинг: «Не білгім келеді?!»
|
Музыка залы
|
Алладин: Тайф Елка
Жын:Көкенаева Н.М.
|
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ
|
09.20 – 10.00
1-ші шығармашылық топ
|
«Балалардың айнала қоршаған ортаға деген эмоционалдық қатынастарын серуен кезіндегі қимылдық ойындар негізінде арттыру»
|
Спорт зал
(1-ші қабат, сол жағалау)
|
Тьюторлар:
Нажбиева Жұпар Мураткановна.,
Мұратбек Айдынгүл
|
09.20 – 10.00
2-ші шығарма-шылық топ
|
«Орта топ балаларының танымдық белсенділіктерін серуен кезіндегі мақсатты бақылау барысында жүзеге асыру»
|
Хореография залы
«Еркін микра-фон» бағдарлама-сы негізінде.
(2-ші қабат)
|
Тьюторлар:
Құрмаш Бақытгүл., Қалинұр Күлайхан
|
09.20 – 10.00
3-ші шығарма-шылық топ
|
Ересек тобы балаларымен серуен кезіндегі бақылауды «Ізденісті –эксперименталды іс әрекеттер» негізінде жүзеге асыру.
|
Балкон
(2-ші қабат, оң жағалау)
|
Тьютор:
Өнерхан Айнагүл.,
Турсынгалиева Г.Т.
|
10.00-10.20
|
КОФЕ - БРЕЙК
|
10.20- 10.30
|
«СЕРУЕН КЕЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ»
әдістемелік нұсқаулықтың тұсау кесері
|
Музыка залы
|
Балабақша-бөбекжай директоры Аубакирова В.А.
|
10.30 – 11.00
|
РЕФЛЕКСИЯ:
Семинарды қорытындылау
|
Музыка залы
|
ҚББ мектепке дейінгі бөлімінің әдіскері Касымова А.М.,
Балабақша-бөбекжай әдіскері Зәкиева Н.З.
|
Достарыңызбен бөлісу: |