Сабақ тақырыбы: Бәйшешек. Заттың атын білдіретін сөздер Топ мүшелері: Бураханова А. А. Күмпеисова К. М. Наурызбаева А. С



Дата02.10.2019
өлшемі31,5 Kb.
#49108
түріСабақ
Байланысты:
Байшешек.1-сынып

ШҚО, Аягөз қаласы

“Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда мұғалімнің құзіреттілігі” тақырыбында өткізілген курс тыңдаушыларынан құралған топ даярлаған сабақ

Ана тілі, 1-сынып

Сабақ тақырыбы: Бәйшешек. Заттың атын білдіретін сөздер

Топ мүшелері:

Бураханова А.А.

Күмпеисова К.М.

Наурызбаева А.С.

Бекказина М.А.

Кәрібаева Ш.Ф.

Тлегенова Р.К.


Ана тілі 1-сынып

Сабақ тақырыбы: Бәйшешек. Заттың атын білдіретін сөздер

Сабақтың мақсаты: оқушылардың оқу жазу дағдыларын жетілдіру, заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту; сөздік қорларын дамыту; эстетикалық, экологиялық тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: бәйшешектің суреті, құстар суреті, жеке суреттер, интерактивті тақта

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі . Оқушыларды сабаққа психологиялық даярлау.

«Миға шабуыл»:

пойыз жолы - (темір жол)

кеме жолы (су жолы)

машина жолы (тас жол)

адамдаржүретін жол (соқпақ жол)

құс жолы (әуе жолы)
ІІ. Өткен материалды қайталау

Үй тапсырмасын қайталау

Суреттегі құстарға тән қасиеттерді дәл тауып сол құстың орнына қою:
Сауысқан сурет Көкек суреті
Берілген сөздер: құйрығы ұзын, өз атын өзі шақырады, ала құс, сақ құс, жұмыртқасын бөтен ұяға салады, жылтырға әуес құс, ұя салады, ұя салмайды.
ІІІ. Жаңа материалды игеруге дайындық кезеңі:

Ойын «Кім тапқыр?» ойыны. Қимылды білдіретін сөздер беріледі. Оқушылар сол қимылдың иесін анықтауы керек.

Машинаны кім жүргізеді? (жүргізуші)

Көмірді кім қазады? (шахтер)

Электрді кім жөндейді? (монтер)

Не шақырады? (әтеш)

Не ұшады? (Құс, ұшақ)

Не өсті? (Гүл)


ІҮ. Жаңа материалды меңгерту кезеңі:

Жүргізуші, шахтер, монтер, әтеш, құс, ұшақ, гүл сөздеріне сұрақ қою.

Бұл сөздердің адамға байланысты атаулар, заттар мен жануарларға қатысты екеніне назар аударту. Ол сөздерге Кім? Кімдер? Не? Нелер? Сұрақтарын қоятындарына назар аударту.

Бекіту жаттығуы: Берілген суреттерге қойылатын сұрақтарына байланысты орналастыру.

Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Берілетін суреттер: оқушы, оқушылар, ұшқыш, ұшқыштар, машина, машиналар, дәптер, дәптерлер, гүл, гүлдер, т.б.

Оқулықпен жұмыс:

1.Кіріспе сөз. (Нұрсұлтан Әлімқұлов жайында қысқаша мәлімет беру)


  1. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы

  2. Оқушылардың оқуы( іштей, тізбектей, тұтас)

  3. Өлеңді талдау

а)«Бәйшешек» сөзіне ассоциациялық аймақ құру

Сергіту сәті:

Қане қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық

Ұшып ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.


ә) Өлең жолдарындағы ұйқасты тауып көрелік

білеміз — күлеміз

қалғанын, жарғанын

келіпті, көрікті

берейін, терейін
Ұйқасқа қатысты шартты белгілерді үйрету.

Бәйшешектен білеміз А

Көктем келіп қалғанын Б

Мәз боламыз, күлеміз А

Көрсек гүлін жарғанын Б
б) Көркем сөздермен жұмыс:

Бәйшешекке қатысты сөздерді ата: гүлін жарды, алғашқы гүл, көрікті

Адамға қатысты сөздер: үйшік жасаймыз, күлеміз, білеміз, сыйлаймыз, тереміз.

в) Дәптермен жұмыс: Бос орынға керекті сөздерді табу:


......тереміз. .... келеді. ..... гүл сыйлайды.

91-жаттығу. Бағандардағы сөздерді екі нұсқаға бөліп беру. Көп нүктенің орнына Кімдер?

Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді жазу. Өздік жұмыс.
Ү. Бекіту кезеңі: Тақтада берілген бәйшешек суреттерін теріп алып, вазаға салу, Әр суреттерді алған сайын тақтадан сурет шығады. Оқушы сол суретке сұрақ қою қажет.

Бәйшешек гүлдерінен жиналған гүл шоғына назарларын аударту. Келе жатқан аналар мерекесіне тарту екенін айту.


ҮІ. Қорытындылау: Өлең құрастырып көрелік:

(Далаға) шығып,

(Бәйшешек) көрдік.

(Гүлдерді) жинап,

(Анаға) бердік.

ҮІІ. Үйге тапсырма: «Бәйшешек» өлеңін жаттау. Өлең құрастырып келу.



ҮІІІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет