1922 жылы КазАКСР-інің партия ұйымдары мен кеңес органдарының барлық күш-жігері ашаршылықпен күреске бағытталды. Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия мен жергілікті кеңес органдары жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 1922 жылдың ортасына қарай 777 192 адамды тегін тамақтандыру мүмкіндігі туды.
Елдің орталық аудандарындағы ауыр жағдайларға қарамастан РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақстандағы ашаршылық құрбандарына дәрі-дәрмек, азық-түлік, астық түрінде айтарлықтай көмек көрсетті.