Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика. Жоспар



бет6/10
Дата27.04.2022
өлшемі74,5 Kb.
#141165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жуйе ретындегы улттык экономика

GNP = C + I + G + Xn;
мұндағы: C- тұтыну, яғни үй шаруашылықтарының тауарлар мен қызметтерге кететін шығындары (тұрғын үй сатып алу шығындары кірмейді);
I – инвестициялар – ол негізгі өндірістік қорларға, запастарға, үй құрылысына инвестициялар;
G- тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу. Мысалы: мектепті, жолдарды салу, армияны, мемлекеттік аппараттарды қамтамасыз ету. Бірақ бұған трансферттік төлемдер кірмейді;
Xn- таза экспорт, бұл импорт пен экспорттың көлемдерінің айырмасы.
Бұл теңдікті негізгі макроэкономикалық теңдік деп атайды. ЖҰӨ-нің құраушы элементтері C, I, G, Xn – ол шығындар жасайтын сатып алушылардың типтерімен ерекшеленеді. Мысалы: үй шаруашылығымен сатып алынған автомобиль тұтыну шығындарына қосылады, егер ол фирмамен сатып алынған болса, онда жалпы инвестиция құрамында негізгі қорға қосылады. ЖҰӨ-ге алдыңғы жылдары өндірілген заттарды сатып алуға жұмсалған шығындар кірмейді (мысалы 5 жыл бұрын салынған үй), сонымен бірге аралық өнімді сатып алуға кеткен шығындар кірмейді. ЖҰӨ-де ең көп үлесті тұтыну шығындары алады, ал ең өзгермелісі- инвестициялық шығындар.
ЖҰӨ-ді өндірістік әдіспен өлшегенде түпкі өнім өндірісінің әрбір сатысында қосылатын құн қосылады. Қосылған құн – ол фирмамен өндірілген құннан шикізаттар мен материалдарды сатып алуға жұмсалған соманың айырмасы. Бұл әдіс ЖҰӨ-гі әртүрлі фирмалар мен салалардың үлесін есепке алуға мүмкіндік береді. Экономика үшін қосылған құнның барлық сомасы түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасына тең болуы керек.
ЖҰӨ-ді табыс әдісімен есептегенде барлық факторлық табыстар (жалақы, рента, процент және пайда) қосылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет