3. Мәселе мен алға қойылған мақсаттың иерархиялық орналасуы. Мәселенің тұжырымы мен оның қиындық дәрежесін анықтаған соң алға қойған мақсат пен мәселенің шешімін қарастыруға болады. Қалыпты жағдайда аталған мәселелер мен оның мақсаты кейбір иерархияға байланысты құрылады, соның ішінде негізгі мәселелері тұрлаусыз қатарға байланысты бөліктерге жіктеледі. Осындай иерархияда түрлі кезеңнің басымдылығын анықтау мен алға қойылған мақсаттың жетістігіне жету үшін оларды аталған шаралармен ұштастыру өте қажет болып табылады. Осылайша күрделі зерттеу кезінде жүйелік анализдің мамандары экожүйе мен оны басқаруға қатысты қабылданған шешімге барынша әлсіз әсер ететін, шынайы тұрғыда ғылыми ақпарат ала алатын мәселелер мен мақсаттардың салыстырмалы кішігірім басымдылығын тағайындай алады. Бұл жағдайда аталған мәселе негізгі зерттеудің бағдарламалық бөлігін құраған кезде, зерттеуші басқарудың белгілі түрлерімен шектеген және экологиялық процесстермен тығыз байланысты мәселеге жұмылдырылған күшті шоғырландырады. Қандай жағдайда болмасын, жүйелік анализді жетістікті етіп қабылдау нақты анықталған әр түрлі мәселелерді жұмылдыру, шоғырландыру кезінде өте маңызды.