Жүйке жүйесінің маңызы.
1 Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
2 Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.
3 Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты).
Омыртқа остеохондрозы
Омыртқа остеохондрозы – омыртқа аралық диск шеміршегі дегенеративті зақымдалуының жəне омыртқаның аралас денелері мен айналасындағы тіндер тарапынан реактивті өзгерістердің дамуымен мінезделетін ауру.
Жіктемесі
Синдромды принцип – қандай нерв түзілулеріне патологиялық əсер етуіне байланысты, омыртқаның зақымдалған құрылымын – рефлекторлық жəне коммпрессиондық деп бөледі.
Рефлекторлық – иннервацияланатын бұлшықеттердің рефлекторлы ширығуы, бұлшықет - тонустық бұзылулар, қантамырлық, вегетативтік, дистрофиялық.
Компрессиондық түбіршек, нерв, жұлыны немесе қантамырдың тартылуы, жаншылуы (тиісінше радикулопатия, нейропатия, миелопатия, радикулоишемиялық синдром).
Ауру жіті 3 - аптаға дейін, жітілігі 3-12 апта, созылмалы 12 аптадан көп өтуі мүмкін.
Компрессионды синдромның дамуы кезінде келесі кезеңдерді бөледі:
- Жіті кезең (экссудативті қабыну стадиясы) 5-7 тəулік;
- Жітілеу кезең 2-3 апта продуктивті фаза;
- Ерте қалпына келу кезеңі 4-6 апта;
- Кеш қалпына келу кезеңі 6 аптадан 6 айға дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |