Жүйке жүйесі (нервная система) адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр neurologia



бет3/4
Дата12.09.2022
өлшемі28,64 Kb.
#149320
1   2   3   4
Байланысты:
Жүйке жүйесі

Қауіп қатерлі факторлар:
- Омыртқа аномалиясы;
- Люмбализация немесе сакрализация;
- Омыртқааралық буындар қуыстарының асимметриялы орналасуы;
- Омыртқалық каналдың туа біткен тарлығы;
- Спондилогенді соматикалық жəне бұлшықеттік ауыру;
- Физикалық зорығу;
- Жарақат;
- Вибрация, мысалы, транспорт жүргізу кезінде;
- Психоэмоционалдық факторлар;
- Аз қозғалысты өмір салты;
- Темкі тарту;
- Семіздік.
Диагностика критерилері:
1. Ауыру.
2. Тартылудың оң симптомдары.
3. Қозғалыстық жəне сезімталдылық бұзылулары.
4. Мануальді тестілеу .
5. екі проекциядағы рентгенография .
6. КТ жəне /немесе МРТ.
Шағымдар мен анамнез
Бел деңгейіндегі зақымданулар (Люмбаго. Люмбалгия. Люмбоишалгия. Алмұрттəрізді бұлшықет синдромы. Кокцигодиния. Компрессиондық синдром.)

Люмбаго: физикалық ширығу, ыңғайсыз қозғалыс, ұақ ширығу, мұздау кезіндегі, кейде анық себепсіз бел ауыруы. Кенеттен немесе бірнеше минут немесе сағат ішінде, жиі жағдайда оқ тəрізді. Ауыру қозғалыс кезінде ауыр көтергенде күшейеді. Тыныштық жағдайында ауыру кетеді.


Люмбалгия жіті басталмайды, ал бірнеше күннің ішінде.


Люмбоишалгия: арқа, бел аумағындағы ауырсыну, бөксеге жəне санның артқы бетімен табанға жетпей таралып ауыруы.


Кеуде деңгейіндегі зақымдалулар: кеуде бөлімінің диск жарықтары барлық омыртқааралық дисктердің 1% азын құрайды.
Мойын деңгейіндегі зақымданулар: цервикобрахиалгия, цервикалгия. Иық-жауырындық периартроз. Иық жəне қол синдромы. Эпикондилит. Алдыңғы сатылық бұлшықет синдромы. Кіші кеуде бұлшықеті синдромы. Артқы мойындық симпатикалық синдром. Компрессионды синдромдар.

Цервикобрахиалгия, цервикалгия: мойындағы шүйдеге, иық алдына таралатын ауыру, Қозғалу кезінде немесе бір қалыпта ұзақ уақыт тұрғанда күшейеді.




Физикаллық тексерулер
Люмбаго. Қалыпты қозғалыс белсенділігі, сезімталдылық пен рефлекс өзгермеген. Бел аумағындағы қозғалыс көлемі төмендеген, бел аумағы пальпация кезінде ауырады, негізінен паравертебральді мускулатура спазмы байқалады, бел лордозының қалыңдауы немесе кифоз, жиірек сколиозбен.

Люмбалгия. Клиникасы дəл люмбаго кезіндегідей.


Люмбоишалгия. Вазомоторлық бұзылулар, қантолулардың бұзылулары, бояудың жəне аяқ терісі температурасының өзгеруі.

Цервикобрахиалгия, цервикалгия. Мойын бұлшықеттерінің ширығуы, басты мəжбүрлеп бір қалыпта ұстау, мойын лордозының түзелуі. Терең пальпация кезінде жеке сүйектік өсінділерде ауыру байқалады. Омыртқаның алдында жəне артында орналасқан бұлшықеттерді қоса, рефлекторлық тониялық реакциялардың қалыптасуы мінезді.


Компрессионды синдромдар. Омыртқааралық дисктің протрузиясы – компрессионды синдромның жиі себебі. Радикулопатия кезіндегі ауырудың орналасуы 1,2 зақымдалған түбіршекпен нервтелетін дерматом шекарасымен сəйкес. Айналып кету симптомдары тəн.


Белдік компрессионды синдромдар. Түбіршек, ат құйрығы, конуса, эпиконус компрессиясыа. Компрессияға кез келген түбіршек шалдығуы мүмкін, бірақ жиірек бел - сегізкөз бөліміндегі түбіршектер қысылады: L4; L5; S1. Оқ тəрізді ауырулар, дерматомды гипалгезия, перифериялық парез, терең рефлекстердің əлсіреуі мен айналып кетуі тəн. Түбіршектік ауырулар қозғалыс кезінде күшейеді.


Мойын деңгейіндегі зақымданулар. Түбірше, жұлын, артерия компрессиясы. Түбіршектердің бірі жаншылғанда ауыру қолға, жауырынға немесе кеуде клеткасының алдыңғы бетіне беріледі. Компрессияға тек қана түбіршектер ғана емес, сонымен қатар артериялар, жұлын (қантамырларымен бірге) жəне омыртқа артериясы шалдығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет