Адамның психикалық ортақ қасиеттері туралы түсінік бере отырып, мінез- құлықтың түрлеріне анықтама беру
Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеттері бар. Сонымен қатар өзгерілетін қасиеттер психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептелінеді. Балаларда туған бетте ересек адамға тән мінез-құлық болмайды. Дегенмен де мінез-құлықтың қарапайым формалары шартсыз рефлекстер балаға іштен туа қалыптасуы да, баланың психикасының одан әрі дамуына, өсіп-жетілуіне шешуші рөл атқарады.