Жџйке жџйесініњ патофизиологиясы


Синапстардың бұзылыстарынан



бет4/11
Дата22.05.2022
өлшемі2,62 Mb.
#144532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жүйке жүйесі патофизиологиясы
қатерлі ісі-8 лекция

Синапстардың бұзылыстарынан:

  • Жүйкеленетін тіндерде дистрофия дамиды;
  • Постсинапстық құрылымдарға зат алмасуларын және нәруыздар түзілуін реттейтін заттар (трофогендер) тасымалдануы бұзылады.

Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері:

  • Тежелудің тапшылығымен;
  • Сезімталдық бұзылыстарымен;
  • Қимыл-қозғалыс бұзылыстары-мен;
  • Жүйкелік нәрленіс бұзылыстары-мен – байқалады.

Тежелудің тапшылығы

  • Ми қыртысының қызметтері бұзылғанда қыртыс асты құрылымдар, жұлын және шеткері жүйкелер тежеуші әсерден шығып кетуінен әртүрлі дерттік (Бабинский, емізік, жармасу) рефлекстері, бұлшықеттердің жекелеген топтарының сіресіп қалуы, еріксіз қимыл-қозғалыстар пайда болады.

Сезімталдықтың бұзылыстары

  • Гендік ауытқулардан;
  • Жарақаттан;
  • Уланулардан (ішімдік, ауыр металдар;
  • Ми қанайналымы бұзылыстарынан;
  • Ми қабынуынан;
  • Аутоиммундық бүліністерден;
  • ОЖЖ-де өспе өсуінен т.б. пайда болады.

Сезімталдықтың бұзылу түрлері:

  • Анестезия (сезімталдықтың болмауы);
  • Гипестезия (төмен сезімталдық);
  • Гиперестезия (жоғары сезімталдық);
  • Парестезия (бұрмаланған сезімталдық);
  • Дизестезия (әсер еткен тітіркендіргішке сәйкессіз сезімнің болуы).

Анестезия немесе гипестезия туындататын себепкер ықпалдар:

  • Рецепторлардың сезімталдығы азаюы;
  • Гендердің әсерленуі бұзылыстарынан рецепторлардың аз түзілуі;
  • Афференттік жүйкелердің өткізгіштігі бұзылуы (диабет, неврит, уыттанулар кездерінде);
  • Жұлынның артқы және бүйірлік бағаналары, таламустың, ми қырты-сының сезімдік нейрондарының бүліністері.

Гиперестезия туындататын себепкер ықпалдар:

  • Терінің немесе шырышты қабықтардың құрылымдық бүліністері (жарақат, күйік, оралмалы ұшық);
  • Невроздар, энцефалиттер т.б. кездерінде сезімдік жүйе (ми қыртысы, таламус, гиппокамп т.б.) нейрондарының қозымдылығы артып кетуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет