- Жүйкеленетін тіндерде дистрофия дамиды;
- Постсинапстық құрылымдарға зат алмасуларын және нәруыздар түзілуін реттейтін заттар (трофогендер) тасымалдануы бұзылады.
Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері: - Тежелудің тапшылығымен;
- Сезімталдық бұзылыстарымен;
- Қимыл-қозғалыс бұзылыстары-мен;
- Жүйкелік нәрленіс бұзылыстары-мен – байқалады.
Тежелудің тапшылығы - Ми қыртысының қызметтері бұзылғанда қыртыс асты құрылымдар, жұлын және шеткері жүйкелер тежеуші әсерден шығып кетуінен әртүрлі дерттік (Бабинский, емізік, жармасу) рефлекстері, бұлшықеттердің жекелеген топтарының сіресіп қалуы, еріксіз қимыл-қозғалыстар пайда болады.
Сезімталдықтың бұзылыстары - Гендік ауытқулардан;
- Жарақаттан;
- Уланулардан (ішімдік, ауыр металдар;
- Ми қанайналымы бұзылыстарынан;
- Ми қабынуынан;
- Аутоиммундық бүліністерден;
- ОЖЖ-де өспе өсуінен т.б. пайда болады.
Сезімталдықтың бұзылу түрлері: - Анестезия (сезімталдықтың болмауы);
- Гипестезия (төмен сезімталдық);
- Гиперестезия (жоғары сезімталдық);
- Парестезия (бұрмаланған сезімталдық);
- Дизестезия (әсер еткен тітіркендіргішке сәйкессіз сезімнің болуы).
Анестезия немесе гипестезия туындататын себепкер ықпалдар: - Рецепторлардың сезімталдығы азаюы;
- Гендердің әсерленуі бұзылыстарынан рецепторлардың аз түзілуі;
- Афференттік жүйкелердің өткізгіштігі бұзылуы (диабет, неврит, уыттанулар кездерінде);
- Жұлынның артқы және бүйірлік бағаналары, таламустың, ми қырты-сының сезімдік нейрондарының бүліністері.
Гиперестезия туындататын себепкер ықпалдар: - Терінің немесе шырышты қабықтардың құрылымдық бүліністері (жарақат, күйік, оралмалы ұшық);
- Невроздар, энцефалиттер т.б. кездерінде сезімдік жүйе (ми қыртысы, таламус, гиппокамп т.б.) нейрондарының қозымдылығы артып кетуі.
Достарыңызбен бөлісу: |