Күшейген дерттік қозу ошағы (генераторы) – деп тым қуатты серпіндер туындататын, белсенділігі өте жоғары және өзара әрекеттесе алатын нейрондар топтарының жиынтығын айтады.
Күшейген дерттік қозу ошағы ОЖЖ-нің басқа құрылымдарына белсенді түрде әсер етіп, оларды дерттік серпілістерге жұмылдырып, белгілі бір дерттік жүйеге біріктірсе, онда оны дерттік анықтаушы (детерминанта) дейді.