Дерттік жүйені қалыптастыратын, айқындап анықтайтын және басқаратын негізгі эндогендік құбылыс.
Дерттік жүйе
Дерттік жүйе – деп ОЖЖ-нің бүліністерінен пайда болатын жаңадан қалыптасқан дерттік өзгерістерді дамытып тұратын функциялық құрылымды айтады.
Әрбір дертке өз бетінше дерттік жүйе қалыптасуы тән.
Эпилепсия
Аяқ астынан күтпеген жерден қайталанатын тырыспа-селкілдек ұстамалары пайда болуына бейімділікпен көрінетін психоневрологиялық сүлде дертті эпилепсия (қояншық ауруы) дейді.