Вегетативтік рефлекстер деген не, олар қалай топтасады?
Вегетативтік рефлекстер деп әр түрлі ішкі мүшелер қызметінің вегетативтік жүйкелер әсерімен өзгеруін айтады. Вегетативтік рефлекстер бірнеше топқа бөлінеді:
1) Экстерорецепторлардан басталып, ішкі мүшелер мен тамырларда аяқталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер ағзада жылу алмасуды, қуаттың алмасуын, қимыл әрекетгерінің вегетативтік құрамаларын қамтамасыз етеді.
2) Бір интерорецептордан басталып, басқа ішкі мүшелерде аяқталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер тобына қан тамырларының рефлексогеңдік аймақтарының тітіркенуі салдарынан жүрек қызметінің өзгеруін, асқазан мен ішек керілген кезде сілекей бөлудің күшеюін қамтамасыз ететін рефлекстерді жатқызуға болады.
3) Бір мүшенің интерорецепторларының тітіркенуінен басталып, сол мүшенің өзінде аяқталатын рефлекстер. Оларға жүрек қызметі мен тамыр тонусының өздігінен реттелуін, қуықтың босауын қамтамасыз ететін рефлекстер жатады.
4) Аксон-рефлекстер, немесе ОЖЖ-нің қатысуынсыз атқарылатын рефлекстер. Бұл жағдайда рецепторларда пайда болған тітіркеніс афференттік талшықтар арқылы түйінге дейін жетеді де, одан әрі эфференттік симпатикалық не парасимпатикалық жолға ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |