Жүйке жүйесінің құрылымының және функциясының негізгі принциптары. Жоспар



бет1/10
Дата06.03.2023
өлшемі158 Kb.
#171233
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2-3 лекция ОЖЖ doc 3


2-3 АПТА. 2-тақырып- Жүйке жүйесінің құрылымының және функциясының негізгі принциптары.
Жоспар: Жүйке жүйесінің құрылымының және қызметінің негізгі бағыттары. Жүйке ұлпасынын құрамы (нейрондар және глиальдік элементтар). Нейрон, оның денесі, өскіндері. Дендриттермен аксондардың құрылысы. Нейрондардың түрлері. Синапс туралы ұғым, оның түрлері, кұрылысы, жұмысының принципі. Жүйке импульсінің жүргізуін іске асыратын синапстардың ролі. Медиатор туралы ұғым, оның түрлері. Рефлекс және рефлекторлык доға, рефлекторлык шеңбер. Жүйке орталығы, оның қасиеттері. Вегетативті жүйке жүйесінің маңызы. Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері.
Жүйке жүйесінің маңызы, жалпы сызбанұсқасы.
Жүйке жүйесінің маңызы: 1) мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, ағзаның біртұтастығын жүзеге асырады; 2) денедегі барлық мүше мен жүйелердің қызметін реттейді; 3) ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады.
Жүйкен жүйесінің жалпы сызбанұсқасы: Адамның жүйке жүйесі 2-ге бөлінеді:
1) Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) – ми, жұлын; 2) Шеткі (перифериялық – лат –периферикус –шеткі) жүйке жүйесі (ШЖЖ) – ОЖЖ-дан тыс орналасқан жүйке жасушалары мен барлық жүйке талшықтары. Сонымен қатар, шеткі жүйке жүйесі (ШЖЖ) тағы да 2-ге бөлінеді:
1) Вегетативті жүйке жүйесі – ішкі мүшелер қызметі мен зат алмасуды реттейді. ВЖЖ өз кезегінде 2-ге бөлінеді: а) симпатикалық ; б) парасимпатикалық. 2) Соматикалық (лат-сома) жүйке жүйесі көлденең жолақты бұлшықеттің жұмысын реттеп, дененің сезімталдығын қамтамасыз етеді.
Жүйке ұлпасы, оның құрылымдық элементтері: нейрон, синапс, жүйке талшығы
Жүйке жүйесі жүйке ұлпаларынан тұрады. Жүйке ұлпасын 2 түрлі жасушалар құрайды: нейрон және глиальдық (нейроглия) жасушалары. Жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі нейрон, ал оның негізгі қызметі алынған ақпаратты қабылдау, өндеу, сақтау, одан әрі өткізу және интеграция (жинақтау) үрдістері болып табылады. Глиалдық жасушалар жүйке ұлпасын қоршап, тірек, қоректік және электроизоляциялық (электрлік оқшаулау) қызмет атқарады. Жаңа туған нәрестеде глиалдық жасушаларға қарағанда нейрондардың саны көп болады. 20-30 жаста олардың мөлшері теңесіп, кейін нейрондардың саны азайып, глиалдық жасушалар көбейеді (8-9 есе артық).
Тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайына бейімделуінің нәтижесі ретінде ерекше қозғыш ұлпалар — жүйке, ет және без ұлпалары пайда болған.Қозғыш ұлпалар 3 түрлі физиологиялық күйде – физиологиялық тыныштық, қозу және тежелу болуы мүмкін. Қозғыш ұлпалар бір күйден екінші күйге баяу өрбіген сандық өзгерістер әсерінен өте шапшаң, секірмелі түрде көшеді, Физиологиялық тыныштық деп жеке ұлпалар мен мүшелердің өздеріне тән әрекетін байқатпаған күйін айтады. Мысалы, бұлшық ет жиырылмаса, без сөл бөлмесе т.с.с, оларды тыныштық күйде деп есептейді. Қозу деп тітіркендіру салдарынан жеке ұлпалар мен мүшелердің өзіне тән әрекетті атқаратындай белсенді жағдайға келуін айтады. Қозу түрлі физика-химиялық, функционалдық өзгерістер жиынтығынан тұратын күрделі биохимиялық реакция. Қозу – тірі құрылымға жайыла таралатын тітіркеністің пайда болуымен сипатталады. Тітіркену – шектелген процесс, ол тірі құрылымның білгілі бір жерінде шоғырланады, басқа жерге таралмайды.
Тежелу – тірі құрылымдар әрекетінің толастауымен, бәсеңдеуімен сипатталатын ерекше биологиялық күй. Тежелу үрдісі де тірі ұлпаның тітіркендіргіштерге белсенді реакциясы нәтижесінде туындайды. Тежелу сыртқы белгілері жағынан физиологиялық тыныштыққа ұқсас. Бұл екі күй де ұлпалар мен мүшелер әрекетінің тиылуымен сипатталады. Бірақ тыныштық күй мен тежелудің арасында зор ішкі айырмашылық бар: тежелу кезінде ұлпалар мен мүшелердің қозғыштығы, лабильділігі күрт төмендейді, теріс шыңды потенциал тіркеледі. Тежелу қозу үрдісімен бірлесе отырып тірі құрылымдардың сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді.
Жүйке ұлпасының негізгі қасиеттеріне тітіркенгіштік, қозғыштық, өткізгіштік және функционалды жылжымалық (лабильділік) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет