Жүйке жүйесінің құрылымының және функциясының негізгі принциптары. Жоспар



бет3/10
Дата06.03.2023
өлшемі158 Kb.
#171233
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2-3 лекция ОЖЖ doc 3

Функционалды жылжымалық, немесе лабильділік, деп ұлпада дара қозу тітіркенісінің пайда болып және басылып (аяқталып) үлгеру шапшандығын айтады. Жеке қозу толқынын тудыратын үрдістер неғұрлым шапшаң жүрсе, соғұрлым лабильділік жоғары болады, демек ұлпада белгілі мерзім ішінде туындап және өшіп үлгеретін қозу толқынының саны көп болады. Лабильділік 1-сек ішінде тітіркендіруге жауап ретіне пайда болып үлгеретін қозу толқынының санымен өлшенеді.
Жүйке ұлпасының құрылымдық элементтері: нейрон, синапс, жүйке талшығы.
НЕЙРОННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ күрделі: денесі сома деп аталады, оның пішіні әртүрлі (сопақша, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бұрышты, ұршық тәрізді, жұлдыз тәрізді және т.б.) болады. Сомада күрделі зат алмасу процестері жүреді, нейронның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті энергия түзіледі. Сомада ядро айқын көрінеді және онда көптеген органоидтар болады.
Нейрон денесінен өсінділер шығады: аксон – ұзын (1-1,5 м), бір ғана жуан өсінді; дендриттер - қысқа, көп тармақталған өсінділер. Аксон арқылы жүйке импульсі (қозу) келесі бір нейронға өтеді, яғни аксонның ұшы тармақталып басқа нейронға (немесе атқарушы мүше жасушасына) импульс беруге маманданған (аксон – дене немесе аксон– дендрит). Аксонның жасуша денесінен шығатын жері аксон төбешігі (холмик) деп аталады.
Қысқа өсінділер – дендриттер – қозуды қабылдаушы негізгі бөлік, олар арқылы қозу нейрон денесіне өтеді (дендрит – дене – аксон). Дендриттер көп болады (бір жасушадан 1-1000 дендриттер таралады), олардың ұшы күшті бұтақтанып, нейронның басқа жасушаларымен жанасу ауданын үлкейтеді.
Әртүрлі нейрондар денелерінен шығатын өсінділердің саны бірдей болмайды. Осыған орай оларды униполярлы, псевдоуниполярлы, биополярлы, мультиполярлы деп бөледі. Униполярлы нейрондарда бір ғана өсінді болады. Мұндай нейрондар омыртқасыз жануарларда және омыртқалы жануарлардың эмбриональдық даму кезеңінде кездеседі. Псевдоуниполярлық нейрондарда да бір өсінді болады, бірақ ол әрі қарай екі тармақталып кетеді. Биополярлық нейрондарда екі өсінді бар. Мультиполярлық нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады. Бұлардың үлкендігі, пішіні, атқаратын қызметтері, орналасқан жерлері әртүрлі болады.
Нейрондар қызметі жағынан 3 топқа жіктеледі:

  1. афференттік (сезімтал, қозуды орталық жүйке жүйесіне қарай (ОЖЖ) өткізеді);

  2. эфференттік (моторлы, қимыл-қозғалыс, қозуды орталық жүйке жүйесінен жұмыс мүшесіне қарай өткізед);

  3. қондырма (қосымша, жалғастырушы немесе аралық нейрон, афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады).

Нейрондарды тудыратын эффектілері бойынша да жіктеуге болады. Мысалы: қозғағыш (моторлық), секреторлық, трофикалық, тежеуші, қоздырушы т.б. Пішіндеріне қарай нейрондарды – пирамида тәрізді, жіп тәрізді, жұлдыз тәрізді, себет тәрізді, тригулярлық, бұта тәрізді т.б. деп те атайды.
Бір нейронда бір ғана аксон болады. Сырты қабықшамен қапталған аксон жүйке талшығы д.а. (деп аталады). Бірнеше жүйке талшықтары бір жүйкені түзеді. Біртекті жүйке жасушаларынан шығатын жүйке талшықтары шоғырланып ортақ жүйке жүйесі шеңберінде өткізгіш жолдар деп аталады.
Жүйке талшықтары мен жүйкелердің негізгі қызметі – жүйке импульстерін өткізу.
ОЖЖ-ге жүйке импульстерін өткізетін сезгіш (афферентті, орталыққа тепкіш) жүйкелерді, ОЖЖ-ден шеткі мүшелерге жүйке импульстерін өткізетін қозғағыш (қимыл) (эфферентті немесе орталықтан тепкіш) және сезгіш-қимыл жүйке талшықтарынан тұратын аралас жүйкелерді ажыратады.
Миелинмен (май тәрізді затпен) қапталаған жүйке талшығы миелинді талшық, миелин қабықшасы жоқ талшық миелинсіз д.а. Миелин қабығы миелоциттердің (Шванн жасушаларының) бірнеше қайтара орауының нәтижесінде пайда болады. Миелиннің атқаратын қызметі қоректік, қорғаныштық және электризоляциялау. Миелинді талшық бойымен қозу жылдам өтеді. Миелин қабығы талшықты толық қаптамай, үзілістер (әрбір 1-2 мм) сайын жасайды. Үзілістер Ранвье белдеуі д.а
Жаңа туған нәрестенің жүйке талшықтарының миелині өте жұқа, кейбір жүйке талшықтарында мүлде болмайды, бала 2-3 жасқа келгенде дами бастайды. Сондықтан оларда қозу мен тежелу өте тез және оңай тарайды.
Қабықшаның қалыптасуы баланың өмір сүру жағдайына тәуелді. Қолайсыз жағдайларда миелиндену процесі бірнеше жылға баяулап, ол жүйке жүйесінің басқарушы және реттеуші қызметін қиындатады.
Қозуды жүйкеден өткізу заңдары (ерекшеліктер):
1) Жүйкелердің морфологиялық және физиологиялық бүтіндік заңы Жүйке талшығы зақымданбаған сау бүтін (тұтас) болуы керек. Егер талшықты қысып жаншыса, кессе, оның құрылымы бұзылып зақымданып қозу үрдісін өткізбейді. Мұнымен бірге жоғарғы не төменгі температураның, улы заттардың (тетродотоксинмен), анестетиктердің (новокаин) немесе ұйқтататын, есірткі заттардың (кокаин, хлороформ, эфир ж/е т.б.) әсерінен жүйке қозу үрдісін уақытша өткізбей қояды. Бұл заттар жүйке құрылымын бұзбайды, тек оның физиологиялық қасиетін – өткізгіштігін уақытша заттың әсері тоқтағанша дейін бұзады, одан кейін өткізгіштің қалпына келеді. Медицинада қолданады (жүйкені новокаинмен қоршау).
2) Қозуды екі жақты өткізу заңы. Жүйке талшығы қозуды екі бағытта да өткізе алады (бұл заңдылықты 1877 жылы өз тәжірибесінде (бақаның денеден бөлініп алынған шонданай жүйкесінде) Бабухин дәлелдеген), бірақ ағзада жүйке талшығы қозуды бір бағытта ғана өткізеді синапстық байланыстың болуына байланысты. Синапс қозуды бір бағытта ғана өткізеді.
3) Қозуды жеке өткізу заңы екелеп (изолированно) өткізу). Әрбір шеткі жүйке бағаны түрліше жүйке талшықтарынан құралған. Онда қозғағыш, сезгіш және вегетавтивтік жүйке талшықтары болады. Бірақ, әр жүйке қозуды жекелеп өткізеді. Осыған орай бір жүйке өзіндегі әр түрлі талшықтар арқылы түрлі шеткі мүшелерге импульстер жеткізіп, олардың қызметін өзгертеді. Мәселен, кезеген жүйке көкірек қуысындағы барлық мүшелерді, құрсақ қуысындағы көптеген мүшелерді жабдықтайды. Бір әфферентік (әкететін) жүйке талшығы бұтақталып 3-3000-ға дейін ет талшықтарымен байланысады (моторлық бірлік). Жүйке орталығынан әрбір жүйке талшығы өз бойымен моторлық (қозғалтқыш( бірлігіне жеткізіп ондағы ет талшықтарын ғана жиырылтады. Осыған байланысты мақсатына жететін дәл қажетті қимылдар орындалады. Жеке өткізуде изолятор ролін атқаратын миелин қабығының және талшықтар арасында кездесетін электр кедергілердің маңызы зор. Үш айға жетпеген баланың қимылы қозғалтқыш жүйкелерінің миелин қабығы жетілмегендіктен көнілдегідей дәл орындалмайды.
4) Жүйке талшықтарының қажымауы (салыстырмалы шаршамайтындығы). Егер ұзақ уақыт тітіркендірсе, біраздан кейін ет шаршап, жиырылуын тоқтатады, ал жүйке қозу өткізу қабілетін жоғалтпайды. Бұл қасиетті 1883 жылды Введенский байқаған. Жүйкенің қажымау себебінің бірі оның зат алмасу қарқындығының етпен салыстырғанда әлдеқайда төмендігі, екіншіден жүйке талшығы қозуды өткізу қызметін атқару үшін қувтты өте аз пайдаланады, үшіншіден ыдыраған заттар етке қарағанда жүйкеде 1000 есе тез қайта түзеледі (ресинтезделеді).
Жекелеген нейрондар арасындағы байланыс синапс арқылы жүзеге асады. Синапс құрылымында негізгі 3 бөлімді айырады: 1) пресинапстық мембранасы (аксонның ұшы түзеді); 2) постсинапстық мембранасы (келесі нейрон денесі немсе дендрит мембранасының байланыс түзетін аймағы); 3) синапс саңылауын (10-50 нм-дей болатын) ажыратады.
Аксон талшылықтарының жасуша денесінде түзетін синапстарын қандай жасуша бөлімімен байланысуына қарай: аксо-соматикалық, аксо-дендриттік, аксо-аксональдық, одан басқа әр трлі нейрондар дендриттерінің арасында дендро-дендриттік, нейрон денелерін бір-бірмен байланыстыратың сомато-соматикалық және жасуша денесі мен дендриттер арасыңда сомато-дендриттік синапстар да болады.
Химиялық синапстарда қозу арнайы химиялық белсенді заттар - медиаторлардың көмегімен беріледі.
Қызметіне қарай орталық синапстар қоздырғыш және тежеуші болып бөлінеді. Қоздырғыш синапстар негізінен аксодеңдриттік болып келеді. Олардың синапстық саңлауы кеңірек (300 А шамасында), артқы шептік мембранасы қалың және тығыз болады. Синапс саңлауында табақшалар түрінде бос жатқан қосындылар кездеседі, медиаторлы көпіршіктері ірі, дөңгелек пішінді келеді. Тежегіш синапстар саңлауы қоздырғыш синапстар саңлауынан 1,5-2 есе кем, артқы шептік мембранасы жұқа, медиаторлы көпіршіктері майда, сопақша келеді де, саңлауда қосындылар болмайды.
Қоздырғыш синапстар қозу толқынын ацетилхолин медиаторын бөлу арқылы таратады. Мұндай синапстар жұлында, торлы құрылымда, мишықта, қыртыс асты түйіңдерде, үлкен ми жарты шарларында көп кездеседі. ОЖЖ-де қозу толқынын глутамин және аспарагин қышқылдары тарататын қоздырғыш синапстар да болады. Тежеуші синапстар өз қызметін гамма-аминді май қышқылын (ГАМҚ) және глицинді бөлу арқылы атқарады. ГАМҚ әрі пресинапстық, әрі постсинапстық тежеуді тудыратын медиатор. Ол жұлын нейроңдарында да, ми нейрондарында да табылған. Оның тежеуші әсері үлкен ми жарты шарларында, ми бағаны жасушаларьнда, жұлынның қозғағыш нейрондарында байқалған. Ал, глицин тек жұлын жасушаларының ғана медиаторы болып саналады. Ол Реншоудың тежеуші нейрондары орналасқан аймақтарда көп кездеседі. Қоздырғыш медиаторлар постсинапстық мембрананы үйексіздендіріп, қоздырушы постсинапстық потенциал (ҚПСП) тудырады, ал тежеуші медиаторлар, керісінше, оны күшті үйектендіріп, тежеуші постсинапстық потенциал (ТПСП) - тудырады. Синапстық саңлаудан медиаторлардың артық мөлшерін жүйке жасушалары мен глиялық жасушалар сіңіріп алады.
ОЖЖ-де катехоламиндер (дофамин, адреналин, норадреналин) мен серотонин қоздырушы да, тежеуші де әсер етеді. Серотонин бөлетін нейрондар негізінен ми бағанында орналасады. Бұл медиатор ОЖЖ-нің жоғары бөлімдерінің жұлын қызметін, гипоталамустың - дене температурасын реттеуіңде маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет