Жүйке жүйесінің құрылымының және функциясының негізгі принциптары. Жоспар



бет8/10
Дата06.03.2023
өлшемі158 Kb.
#171233
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2-3 лекция ОЖЖ doc 3

МИ БӨЛІМДЕРІ. Құрылымдық айырмашылықтарына, даму ерекшеліктері мен қызметіне қарай нейрофизиологиялық және клиникалық талдау жұмысын жеңілдету үшін ми 5 бөлікке бөлінеді: артқы ми, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және алдыңғы ми. Артқы ми кұрамына сопақша ми мен варолий көпірі, ортаңғы ми құрамына қызыл ядро, қара зат, төрт төмпешікті дене, торлы құрылым, аралық миға – көру төмпешігі (talamus), көру төмпешігі астындағы құрылым (hуроtalamus), алдыңғы ми құрамына үлкен ми сыңарларының қыртысы мен қыртысасты түпкі (базальдық) ядролар кіреді.
Жұлын ми бағанасымен жалғасады. Бағанаға сопақша ми мен варолий көпірі, ортаңғы ми мен аралық ми және мишық жатады. Ми бағанының ішінде тармақталған тор түрінде торлы құрылым, немесе ретикулярлы формация, орналасады. Ми бағанасының бөлімдері рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады. Сопақша мида: тыныс алу және жүрек қызметін реттеу, сонымен қатар түшкіру, жөтелу сияқты көптеген қорғаныш рефлекстерінің орталықтары және У-ХІІ жұп бассүйек жүйкелері мен олардың құрамында болатын парасимпатикалық жүйкелердің ядролары орналасқан. Ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7г. Ортаңғы ми бастапқы көру және есту орталықтары мен күрделі қозғалыстарды реттеуге қатысатын және дененің кеңістіктегі қалпын бағдарлауға бағытталған жүйке орталықтары орналасқан. Аралық мида: төмпешік асты аймақ (гипоталамус) пен көру төмпешіктері – таламусты ажыратады. Гипоталамус зат алмасу, дене температура, ашығу және шөлдеу сезімдерін және бүкіл ішкі мүшелердің қызметін реттейді, биологиялық мотивация мен эмоцияның қалыптасуын атқарады. Гипофизбен бірігіп, эндокриндік бездердің жүйкелік реттелуін қамтамасыз етеді. Гипоталамустың дамуы жыныстық жетілу кезінде аяқталады. Таламус – байланыс бөлімі, ол арқылы бас миының барлық жүйкелік-сезгіш жолдары өтеді. Мишық – қозғаушы функцияларды реттеуші және үйлестіруші мүше. Мишықтың күшті өсуі 1 жастың соңына қарай байқалады. 15 жаста мишықтың көлемі ересек адамдікімен бірдей болады. Сонымен, онтогенез процесінде ми бағанасының құрылымдары постнаталдық дамудың алғашқы екі жылында қарқынды өсіп, қалыптасуы 13-16 жаста аяқталады. Ретикулярлық формация ми энергиясының аккумуляторы, ұйқы мен сергектікті, мінез-құлықтың қарапайым және инстинктивті формаларын реттеп, шартты рефлекторлық реакциялардың өтуіне қатысады.
Соңғы немесе алдыңғы ми базалдық ганглийлер мен үлкен ми сыңарларынан тұрады. Үлкен ми сыңарлары – бас миының негізгі бөлігі. Ересек адамның ҮМС массасы бас миының 80% құрап, ми бағанасының массасынан 40 есе көп болады. Ми сыңарларының үстіндегі сұр заттың жіңішке қабаты ҮМС қыртысы деп аталады. Ересек адамның үлкен ми сыңарларының жалпы ауданы 2200-2600 см2, қыртыстың қалыңдығы 1,3-4,5 мм, 12-18 млрд нейрон болады. Олар құрылымдық және әрекеттік ерекшеліктеріне қарай 6 қабат құрайды: 1) Молекулярлы қабат. 2) Сыртқы түйіршікті қабат. 3) Сыртқы (ұсақ) пирамидалық қабат. 4) Ішкі түйіршікті қабат.. 5) Ішкі (үлкен) пирамидалық қабат. 6) Полиморфтык қабат (көпқыртысты).
ҮМС-ң беті жүлгелермен тілімделген, ал олардың арасында иірімдер орналасқан.
Оң және сол жақ ми сыңарларында 4 бөлікті ажыратады: маңдай, самай, төбе және желке. Олар бір-бірімен сүйелді дене арқылы тығыз байланысқан.
Үлкен ми сыңарларының қыртысында 3 аймақтарының ажыратады: 1) сенсорлық (барлық шеткі рецепторлардан жүйке импульстерін қабылдайды, көру, иіс сезу, дәм сезу, соматикалық, висцеральдық аймақтар); 2) моторлық (қимыл) (аймақтан жүйке импульстері әр түрлі бұлшықеттерге барады); 3) ассоциативтік (тек адамға ғана тән 2-ші сигналдық жүйенің қалыптасуы
Қыртыстың астында ҮМС-ның ақ заты орналасқан, оның құрамына 3 талшықтар кіреді: 1)ассоциативті (бір ҮМС жеке бөліктерін бір-бірімен байланыстырады); 2) комиссуральді (екі ми сыңарының симметриялық бөліктерін байланыстырады); 3) проекционды (қыртыс пен ОЖЖ-нің басқа бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады).
Дамуы: Ми сыңарларының белсенді қалыптасуы эмбриогенездің 12 аптасынан басталып, 2 жасқа дейін қарқынды жалғасады. Жасушалық құрылысы, формасы, иірімдер мен жүлгелердің орналасуы ересек адамдікіне 7 жасқа жеткенде жақындайды. Олардың жетілуі 20-22 жасқа жеткенде аяқталады. Жаңа туған баланың ҮМС массасы миның жалпы массасының (370-400г) 80% құрайды. 1 жасқа келгенде 2 есе, 6 жаста 3 есе артады, 20-60 жас аралығында бір қалыпты, 60 жастан кейін оның салмағы біртіндеп төмендейді. Бас миының ҮМС жоқ дүниеге келген балаларды анэнцефалдар (бірнеше күн ғана тіршілік етеді) деп атайды.
ҮМС қыртысы гипоталамус, миндалина және орталық мидың кейбір ядроларымен тығыз байланысты. Бұл құрылымдар мидың лимбикалық жүйесін құрайды, ол эмоция мен зейіннің қалыптасуында маңызды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет