Жүйке жүйесінің құрылымының және функциясының негізгі принциптары. Жоспар



бет4/10
Дата06.03.2023
өлшемі158 Kb.
#171233
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2-3 лекция ОЖЖ doc 3

Рефлекс және рефлекс доғасы
ЖЖ-нің барлық қызметінің негізінде рефлекстік реакциялар жатыр. Рефлекс (reflecsus- латын сөзі – тойтарыс беру) дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекс деген сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы рене Декарт (1664 ж.), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817ж.). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин.
Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекторлық доға (РД), яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі мүшеге (эффекторға) жеткізетін жол. РД 5 элементтен тұрады: 1) рецептор; 2) афференттік жүйке; 3) ОЖЖ орталығы; 4) эфференттік жүйке; 5) жұмыс мүшесі.
Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс бір жола жоғалып кетеді.
Ең қарапайым рефлекторлық доға 2 нейроннан: афферентік және эфферентік нейрондардан түзеледі, аралық нейрон болмайды. Бұларда 1 ғана синапс байланыстырады және оны моносинапстық доға деп атайды. Егер РД көп нейроннан тұрып, олардың арасындағы байланыс көптеген синапстармен қамтамасыз етілсе, онда РД көп нейронды немесе полисинапстық д.а.
Дененің барлық мүшелерінде тітіркендіргіштерге сезімтал жүйке ұштары – рецепторлар орналасқан. Рецепторлар құрылысы (көз, құлақ және т.б.), орналасуы және атқаратын қызметі бойынша әртүрлі. Орналасуына байланысты 3 топқа бөлінеді: 1) экстерорецепторлар (көздің торлы қабықшасы, құлақ, иіс, дәм сезу мүшелері, тері рецепторлары) тітіркенуді сыртқы ортадан қабылдайды; 2) интерорецепторлар ішкі мүшелердің ұлпаларында орналасып, тітіркенуді ішкі ортадан қабылдайды; 3) проприорецепторлар – бұлшықеттерде, сіңір мен буындарда орналасып, бұлшықеттің жиырылуын, созылуын қабылдап, дененің қозғалысы туралы белгі береді.
Бірнеше принципті негізге ала отырып рефлекстерді жіктеуге болады:
І) Биологиялық маңызына қарай: рефлекстер қорғану, қоректік, жыныстық, ұрпағына қамқорлық, бағдарлау немесе зерттеу (И.П. Павлов бойынша "Бұл не?" рефлексі, ол жаңа, бұған дейін кездеспеген тітіркендіргішке жауап ретінде пайда болады) болып бөлінеді.
2). Рецепторлар табиғатына қарай рефлекстер экстерорецептивтік, интерорецептивтік, проприорецептивтік болып жіктеледі.
З) Нейрондардың орналасуына қарай рефлекстер жұлындық, бульбарлық, межэнцефальдық, диэнцефальдық және қыртыстық болып жіктеледі. Рефлекстің бұл негізде жіктелуі көп жағдайда шартты топтастыру болып табылады, себебі ОЖЖ-нің әр түрлі құрылымдары арасында тығыз морфологиялық және функционалдық байланыс болады.
4) Эфферентгік бөлімнің сипатына қарай рефлекстер тұлғалық, соматикалық (тән рефлекстері) және вегетативтік болып бөлінеді. Тән рефлекстерінің эффекторлары дене еттері болса, вегетативтік рефлекстер әр түрлі ішкі мүшелер мен қан тамырлары қызметінің өзгеруімен байқалады.
5) Жауап-реакцияның сипатына қарай рефлекстер қимыл-әрекет, сөл бөлу т.б. болып бөлінеді.
6) Эффекторға әсеріне байланысты рефлекстер қоздырғыш және тежеуші больш жіктеледі.
7) Қалыптасу табиғатына қарай рефлекстер шартсыз және шартгы болып жікгеледі. Шартсыз рефлекстер туа бітеді, тұқым қуалайды. Шартты рефлекстер тіршілік үстінде жүре пайда болады, тұқым қуаламайды.
Рефлекторлық доғаны тек салыстырмалы түрде доға ретінде қарастырады, себебі эффектор мен рефлекторлық орталық арасында кері байланыс жолы болады. Егер тура байланыс арқылы орталық жүйке жүйесі эффектордың қызметін басқарса, кері байланыс арқылы эффектордың жағдайы туралы мәлімет алады, эффектордың жауап реакциясын бағалайды және қателік кетсе әр уақыт үзіндісінде түзету ендіре алады. Соңғы кезде рефлекстік доғамен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады. Оның 6-і бөлімі эфференттік мүшеден орталық жүйке жүйесіне рефлекстік әсерленіс туралы хабар, яғни кері байланыс (афферентация) арқылы орталыққа жеткізіледі. Кері байланыс рефлекстік доғасын бекітіп, оны шеңберге айналдырады. Әрбір рефлекстің сезу өрісі болады. Белгілі бір рефлекс қабылдағышы орналасқан аймақты рецептивтік өріс деп атайды. Тітіркендіргіш әсер еткеннен бастап жауап реакциясы туғанға дейінгі уақытты рефлекс уақыты деп атайды. Рефлекс уақыты тітіркендіргіш күшіне, синапстық байланыстар санына т.б. байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет