Жүйке жүйесінің құрылымының және функциясының негізгі принциптары. Жоспар



бет5/10
Дата06.03.2023
өлшемі158 Kb.
#171233
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2-3 лекция ОЖЖ doc 3

Жүйке орталығы, оның қасиеттері
ОЖЖ-ның әртүрлі бөлімдерінде орналасқан нейрондардың күрделі функционалдық бірлестіктері жиынтығы (шоғыры) жүйке орталығы д.а. Жүйке орталығы рефлекторлық реакциялардың және функциялардың реттелуіне қатысады. ОЖЖ-гі қозу мен тежелу процестері. ЖЖ-дегі қозудың негізгі қасиеттері: - қозуды бір жақты ғана өткізеді; - ОЖЖ-нің синапстарында қозудың өту жылдамдығы төмендейді (синапстық кешігу). Синапстардың қозудың өткізу жылдамдығы жүйке бойымен өту жылдамдығынан 200 есе төмен. - Жүйке орталықтарының тез қажуы (шаршауы). Жүйке талшықтарына қарағанда жүйке орталықтары жеңіл және тез шаршайды. Тежелу. Жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметінде қозумен қатар тежелу процессі де маңызды роль атқарады. Тежелу процесінің нәтижесінде қозу бәсеңдейді немесе өшеді. ОЖЖ-гі тежелу құбылысы И.М.Сеченов ашқан. Тежелу құбылысы кез келген рефлекстің жүзеге асуына қатысады. Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы. Жүйке орталығының өзіне тән қасиеттері болады. ОЖЖ ең көрнекті және маңызды қызметтерінің бірі рефлекстерді келістіру, үйлестіру, координациялау болып табылады. Қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеті жүйке жүйесінің барлық күрделі қызметі мен адам ағзасындағы барлық мүшелердің келісімді қызмет етуін (үйлестіру қабілетін) қамтамасыз етеді. Сыртқы және ішкі ортадан түскен әсерлерге ағза біртұтас құрылым ретінде жауап береді. Ағзаның әртүрлі жүйелері қызметінің біртұтас құрылымға бірігуін интеграция (ж и н а қ т а л у ы), ал олардың ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделуіне әкелетін келісімі, өзара қатынасы координация (лат. координация - үйлесімділік, келісімділік) деп аталады. Интеграция мен координация ОЖЖ-нің қызметімен байланысты. Мысалы, оң аяқты бүгетін еттердің орталығы қозып тонусы көтерілсе, дәл сол сәтте бүгілген аяқты жазатын еттердің орталығы тежеледі және жұлынның екінші жартысындағы аталған орталықтарда қарама-қарсы үрдістер туады, яғни бүгу орталығы тежеледі, ал жазу орталығы қозады. Сондықтан оң аяқ бүгілгенді сол аяқ жазылады. Осының арқасында адам жүре алады. Адам бір сәтте тамақты шайнап және жұта алмайды, өйткені шайнау мен жұту орталықтары бір мезгілде қозбайды. Біреуі қозғанда, екіншесі тежеледі. Сондай-ақ дем алу орталығы қозса, дем шығару орталығы тежеледі. Осының арқасында тыныстың екі кезеңі өмір бойы бірін-бірі алмастырып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет