Методы исследования сердечно-сосудистой системы: расспрос, осмотр и пальпация прекардиальной области, крупных и периферических сосудов. Перкуссия сердца



Дата13.04.2024
өлшемі3,32 Mb.
#200790
Байланысты:
Лекция №2Жүрек реттелуі
503679.pptx, №1. ТФП. Қозғыш тіндер. Пр БОӨЖ (1) (1)

Жүрек қызметінің реттелуі.

Қан айналымы — организм тіршілігінің маңызды қызметтерін қамтамасыз ететін қанның тұйық жүрек - тамыр жүйесі арқылы үздіксіз қозғалысы. Негізгі қызметтері : - тасымалдау - тыныс алу - трофикалық - реттелу (гуморальдық ) - қорғаныстық - жылу алмасу

Жүрек қызметінің реттеу деңгейлері:

І. Жүрек ішілік (интракардиялық) реттелу механизмдері

1. Жасуша ішілік.

2. Жасушааралық

3. Гетерометриялық

4. Гомеометриялық

5. Гидродинамикалық

6. Жүрек ішілік шеткі рефлекстер.

ІІ. Жүректен тыс (экстракардиялық) жолмен реттелу механизмдері:

1. Жүйкелік

2. Рефлекстік

3. Гуморальдық

3. Жүрек қызметінің гетерометрлік реттеу механизмі

Жүрек етінің жиырылу күші диастола кезіндегі кардиомиоциттердің созылу дәрежесіне байланысты болады, яғни жүрек еті диастола кезінде неғұрлым қатты керіліп созылса, соғұрлым оның жиырылу күші күшейеді (Франк – Старлинг (Жүрек заңы) заңы).

Жүректің жиырылу күші ет талшықтарының созылу дәрежесіне байланысты емес (Анреп эффектісі). Миоцит ұзындығы өспесе де жиырылу күші ұлғаяды. Жүректің жиырылу күшінің өзгеруі зат алмасуға байланысты. Мысалы: қантамырларға катехоломиндер әсер еткенде адреналин - АТФ түзілуі күшейеді, Норадреналин - АТФ-ыдыратады. Энергия босайды. Бұл энергия жиырылу күшін күшейтеді. Миоциттердің жиырылу күші жоғарылайды.

Жүректің жиырылу күші ет талшықтарының созылу дәрежесіне байланысты емес (Анреп эффектісі). Миоцит ұзындығы өспесе де жиырылу күші ұлғаяды. Жүректің жиырылу күшінің өзгеруі зат алмасуға байланысты. Мысалы: қантамырларға катехоломиндер әсер еткенде адреналин - АТФ түзілуі күшейеді, Норадреналин - АТФ-ыдыратады. Энергия босайды. Бұл энергия жиырылу күшін күшейтеді. Миоциттердің жиырылу күші жоғарылайды.


4. Жүрек қызметінің гомеометрлік реттелу механизмдері

6. Гидродинамикалық өзін-өзі реттеу. (Шидловский А.П.)

Жүрек қуысындағы гидродинамикалық өзгерістерді қабылдап, аралық нейрондарға, сосын мотонейрондарға жеткізіп отырады. Сөйтіп рефлекс арқылы жүрек қызметіне өзгерістеді. Жүректің осы дербес жүйке жүйесі оның бөлімдері қызметінің өзара байланысын, үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Мысалы: Сол қарыншадан қолқаға шығарылатын қанның мөлшері оң жүрекшедегі қан көлеміндей болады.

Жүрек ішіндегі шеткі рефлекстері мен олардың доғалары арқылы алдыңғы айтылған жүрек қызметі реттеуінің 5 механизмдері жүзеге асады. Олардың доғалары миокардтың интрамуральдық ганглиінде орналасады. ОЖЖ-не бармайды.

  • Жүрек ішіндегі шеткі рефлекстері мен олардың доғалары арқылы алдыңғы айтылған жүрек қызметі реттеуінің 5 механизмдері жүзеге асады. Олардың доғалары миокардтың интрамуральдық ганглиінде орналасады. ОЖЖ-не бармайды.
  • Алайда жүрек қызметі оның автоматиялық қасиетіне, клеткалық механизмдер мен жүректің өзіндегі шеткі рефлекстерге ғана байланысты емес.

1. Жүрек қызметінің жүйкелік реттелуі

Симпатикалық және парасимпатикалық (ВЖЖ) жүйке жүйелері қамтамасыз етеді. ВЖЖ – қос нейронды. Біреуі ОЖЖ-де, ал екіншісі шеткі ганглийлерде орналасады.

Жүрек қызметін реттейтін парасимпатикалық жүйке жүйесінің бірінші нейроны сопақша мида, ал екінші нейроны жүректің интрамуральдық ганглийде орналасады.

Жүректің симпатикалық жүйке жүйесінің бірінші нейрондары жұлынның бастапқы 1-5 кеуде сегменттерінің бүйір ашаларында орналасады.

Кезеген жүйкенің (ПЖЖ) жүрек қызметіне әсері

1845 жылы ағайынды Веберлер ашқан. Кезеген жүйке жүректің физиологиялық қасиеттерін төмендетеді.

Кезеген жүйкенің жүрекке 5 теріс әсері бар:

      • теріс хронотроптық әсер – автоматиялық қасиетін төмендетеді, яғни соғуын азайтады;
      • теріс инотроптық әсер - жиырылу күшін төмендетеді;
      • теріс дромотроптық әсер - жүрек етінің қозу өткізгіштігін төмендетеді;
      • теріс батмотроптық әсер - қозғыштығын төмендетеді;
      • теріс тонотроптық әсер - жүрек етінің тонусын төмендетеді.

Симпатикалық жүйенің жүрек қызметіне әсері

( 1867 жылы Цион ашқан.) Симпатикалық жүйкенің жүрек етіне тигізетін әсері көбінесе кезеген жүйке әсеріне қарама-қарсы, жүрек етінің барлық физиологиялық қасиеттерін күшейтеді:

Симпатикалық жүйенің жүрекке 5 оң әсері бар:

      • оң хронотроптық әсер – автоматиялық қасиетін жоғарылатады, яғни соғуын жиілетеді;
      • оң инотроптық әсер - жиырылу күшін жоғарылатады;
      • оң дромотроптық әсер - жүрек етінің қозу өткізгіштігін жоғарылатады;
      • оң батмотроптық әсер - қозғыштығын жоғарылатады;
      • оң тонотроптық әсер - жүрек етінің тонусын жоғарылатады.

2. Жүрек қызметінің рефлекстік реттелуі
Кезеген және симпатикалық жүйке орталықтарының тонусы өзгеруінен болады. Орталықтар тонусы рецептордардан келетін импульстармен реттеледі.
  • экстрорецепторлардаң
  • проприорецепторлардаң
  • интерорецепторлардаң
  • Рефлексогенді аймақтардаң (аорталды, сино-каротидті, өкпелік, Бейинбридж аймағы).

О.Леви 1921жылы жүрек қызметінің жүйкелік гуморалдық реттелуінің біртұтастығын дәлелдеген .
Жүректің эндокринді қызметі
Жүрекше миоциттерінде натрийуретикалық гормон пайда болады.
гормон түзулуін күшейтетін :


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет