Баяндама
«Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы»
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп көрсетілген. Білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым – қатынасқа өту қажетігі туындайды. Сондықтан да әр мұғалім өз іс – әрекетінде қажетті өзгерістерді, жаңа – әдіс тәсілдерді дер кезінде дұрыс қабылдап, іс – тәжірибесіне енгізе білу керек.
ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Оқушылардың білім сапасын көтеру – қазіргі өзекті мәселердің бірі. Сондықтан да осы салада батыл қадамдар жасалып, өзгерістер енгізілуде. Сондай жаңа бастамалардың бірі – ҚР жалпы білім беретін педагогтері біліктілігін арттыру курстары. Аталмыш курс арнайы бағдарлама бойынша жүргізіліп, 7 модуль төңірегінде, атап айтқанда білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, білім беруде АКТ пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық жүйеленген.Бағдарламада «тәрбиені» ата-аналар тәжірибесі, туыстар мен құрдастар тәжірибесі,сондай-ақ бұқаралық ақпаррат құралдары, нарықтық жағдай және әлеуметтік-экономикалық ахуал сияқты факторлар көптеген мәселелер ықпал ететін көп аспектілі феномен болып табылады деп есептейтін Джудит Харристің (1998) тұжырымдамасының негізінде оқыту мен оқу үдерістері өзара байланыста жәнеөзара тығыз қарым-қатынаста қарастырылатынын атап өту қажет.Отбасының тарапынан оң ықпал болмаған жағдайда жастар тәрбиесінде мектеп тәжірибесі маңызды рөл атқаруы мүмкін.Аталған тұжырымдамаға сәйкес Бағдарлама оқу үдерісінің орталығына өзін-өзі реттей алатын , өзінің оқуы төңірегінде ой жүгірте алатын, қоршаған орта мәнмәтінінде өзінің білім қорын сыни тұрғыдан ойластыруға қабілетті оқушы тулғасын қалыптастыру арқылы оны тәрбіелеуге мүмкіндік береді.
Тәжірибе барысында жаңа тәсілдерді қолдана отырып сабақ өткізу оңай болмады.Өзімнің, оқушылардың да реттелуі оңайға түспеді. 4-5 сабақ өткен соң қалыпқа түскендей болып, үйренісіп кеттік, тіпті қызығына да батып кеттік десек артық етпес. Сабақ жоспарлау кезеңі өте қиын болды.Алдыңғы курста оқып келген мұғалімдерден көмек сұрап, әріптестеріммен ақылдасып жоспарлар құрылды. Кері байланыс парақтарының көмегі мен үшін аз болмады. Жоспар жақсы құрылғаны мен алғашқы сабақтарым ойдағыдай болмады.Уақыт жетпей қалу,бағалау шынайы болмауы,жақсы оқитын оқушыларға қосымша тапсырмалар болмауы т.б. кемшіліктер орын тапты.Келесі сабақтарды жоспарлағанда аталған кемшіліктерді жоюға тырыстым.Сабақ барысында оқушылардың сыни турғыдан ойлауын дамыту менің негізгі мақсатым болды.Оқушылар оқып отырған ақпаратты қалай синтездейді,олар туралы ойлана білу қабілеті қандай,алған ақпаратты қалай практикада қолданады. Оқушыларыма сыни түрғыдан ойлауды арттыратын сұрақтар бере отырып, олардың пікірін тыңдаған кезде олардың ой – өрісі мен ойлағаннан әлдеқайда терең жатқандығын аңғардым. Мен оларға тек бағыт беріп, олар білімді өз беттерімен меңгеруге тырысты. Әрине, алғашқы сабақтарда бұл оңайға соқпады. Үйреншікті әдіс бойынша олар менің көмегіме көптеп жүгінді. Мен оларға дайын білімді тасымалдаушы субъект болып, оларды өз қолыммен дайынға құмар еткен екенмін. Өзгерістің бастауын мен сабақ формасын өзгертуден бастадым. Сабақты ұымдастырғаннанкейін мен оқушыларды топтарға бөліп ой қозғай отырып, тек қана тақырыпқа бағыттайтын болдым. Оқушының тұжырым жасауына бағыттайтын сұрақтар қойылды. Менің өзгерісім оқушыларыма да әсер етпей қоймайтыны анық. Олар енді топпен жұмыс жасап, мәтінмен өздері танысатын болды. Мен қойған сұрақтарға жауап беру барысында өз тұжырымдамаларын жасайды. Сабақ барысында көптеген жетістіктер мен қиындықтар кезігіп жатты. Уақыттың тапшылығы – ең жиі кездескен қиындық.
Оқушыларды бағалау өте қиынға соқты.Оқушылар өздері бірін-бірі бағалады,менде оларды формативті бағалауды үйрендім, әр сабақта жинаған балын айтып турамын. Жиынтық бағамен оқушылардың алған формативті бағасы сай келмейді.Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Тәжірибе уақыты аз болса да бірталай нәрсені түсінуімізге ықпал етті. Тапсырма дайындағанда оқушының білім деңгейіне сай ойланатындай, ізденетіндей тапсырмалар арқылы жүйеленуіне, сол секілді оқушының білімді, жаңалықты өзінің айналасынан іздеуіне, көре білуіне мүмкіндік туғыза білу керек. Сондықтан әр сабағымды бұрынғыдан өзгеше, қызықтырып құруға тырысамын. Осылайша оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға тырысамын. Сабақтар барысында менің оған көзім анық жетті. Мұғалім өмірге қатысты қандай сұрақ қоймасын, егер оқушы деңгейіне сай келсе, ол сұрақ жауапсыз қалмайды, өйткені баланың қиялында, мүмкіндігінде шек жоқ. Мәселелік сұрақтар қоюдағы ең қиыны – бүгінгі біліммен өмірді байланыстырушы жағдаятты тудыру. Үнемі тек нормативтік құжаттар деңгейінде жұмыс жасап келген мұғалімдер үшін бұл үлкен проблема. Жағдаят тудыру үшін педагог алдымен өзінің бала тәрбиесіне деген көзқарасын өзгертуі, өзінің еркіндігін сезіне білуі, орындаушылық құрсаудан босануы қажет. Оқушы мен мұғалім арасындағы «мұғалім - оқушы» деген статустық қатынас орнына тең дәрежелі адамдар арасындағы субъектілік қатынас орната білукерек. Жаңа тәсілмен оқытуда көп сұрақтар туындайды.Оларды шешуде педагогикалық шеберлік орталығы сайтының маңызы зор . Курстастармен портал арқылы байланысқа шығып, көмек те сұрап жатамыз.Оқушыны өзгерту үшін алдымен өзіміз өзгеруіміз керек екенін ұқтым. 1-2 ай өткеннен соң түбегейлі өзгердім деу әрине шындыққа санаспайды. Көптеген көзқарастар өзгергені анық.
Курсқа дейін мен оқытудың мақсаты стандарт негізінде білім, білік, дағды (ББД) қалыптастыру деп білсем, курстан соң оқыту мақсаты ББД және интеллектуальды іс - әрекет тәсілдері деген көзқарасқа келдім. Өзіме бұрын білім тасымалдаушы субьект ретінде қарасам, енді мен өзіме таным үрдісін ұйымдастырушы ретінде қараймын. Ал оқушыны бұрынғыдай орындаушы қасиеттері жақсы дамыған обьект емес, ізденушілік – зерттеушілік іс - әрекеттің субьектісі деп санайтын болсам. Ал ата – ана болса мен үшін мұғалімнің, сынып жетекшісінің, мектеп әкімшілігінің әсер етуші обьектісі болса, қазір оларды мен белсенді көмекшілерім санайтын бөлдым. Жұмыс істеу тәсілі жаттау, есте сақтау, дәстүрлі оқыту әдістері болатын болса, қазір Жаңа білім табу”, – зерттеушілік іс – әрекет деп санаймын. Бағалау үдерісіне келер болсақ, мұғалім тарапынан, оның білімі мен тәжірибесі негізіне жүргізіліп келген бағаның орнына білім алу тәсіліне көп көңіл бөлініліп, рефлексияның пайда болғандығы да менің бетбұрысым.
Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдерінің бірі « диалог арқылы оқытуды» . Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектер мен интер -активті қарым қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына жәнекогнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. (Нұсқаулық, 39 бет). Выгодский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни анағұрлым қабілетті оқушылар мен араласу және мәдениет, қоршаған орта мен өзара қарым қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъект ретінде суреттейді. Сонымен қатар Выгодский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «жақын арадағы даму айғағында» жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. (Нұсқаулық 39 бет). Выгодскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалайды. Оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Сондықтан, сабақтарымда әр оқушының шығып сөйлегеннен кейін оның сурақтарға жауабты қалай бергеніне қарамастан мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Оқушылардың сұрақ қойғанына да қолдау көрсетіледі.
Выгодскийдің оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағандай ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті(Нұсқаулық,39 бет).
Мерсер мен Ходжкинсон (2008) оқушыларды сыныпта талқылауға тарту оларға өз түсінігін көрсетуге, әр түрлі адамдардың әр түрлі пікірлері барын түсінуге мүмкіндік береді, өз пікірлерін негіздеуге және оқу үдерісінде «балалар қайда» екенін мұғалімге түсінуге мүмкіндік береді дейді. Бұл маған сабақтарымда оқушылардың жауаптарына қарай балалардың түсінігін анықтауды ,оларға бағыт беруге көмектеседі. Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу-қарым-қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, деген мен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. Көптеген талқылаулар, әдетте, әр түрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларға әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады. Мен өткізген сабақтарымда топтардың ішінде әр түрлі әңгімелер түрлерін байқадым. Бір топта әңгіме дебат түрінде жүрсе, екінші топта топтық әңгіме жүрді. Кейбір топтарда зеттеушілік әңгіме жүргізілді. Оқушыларға сұрақ қою арқылы диалогтық оқыту жүреді, сұрақтар кейде ауызша, кейде жазбаша беріледі. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. (Нұсқаулық 41 бет). Мысалы менің өткізген сабақтарымның ішінде берілген сұрақтарға жауап іздеу арқылы, талқылау арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
Оқушылардың бар назарын алдын ала белгіліжауапты табуға аударған мұғалімдер, әдетте, олардың ақпаратты игеру үдерісін бақылаудан шығарып алады. Оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек және де мүмкін болса бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың сөздеріне орайластырып құрған дұрыс.
Әріне екі айдың ішінде мен айтарлықтай өзгеріс еңгізбесемде,өзгеріс жасауға тырыстым.Мұғалім,оқушы,ата-ана, мектеп әкімшілігі бірігіп ынтымақтастық атмосферасын қурған жағдайда оқу мен оқытудың мәні табысты болады.
Баяндама
«Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы »
№11 МФМ мектебі математика пәні мұғалімі К.Т.Баймуханова
Ақтау 2014-2015 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |