Жүйке жүйесінің құрылымының және функциясының негізгі принциптары. Жоспар



бет6/10
Дата06.03.2023
өлшемі158 Kb.
#171233
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2-3 лекция ОЖЖ doc 3

ОЖЖ-дегі иррадиация мен индукция. Қандай да бір тітіркену кезінде туындаған қозу импульстері ОЖЖ-не түскеннен кейін көрші жерлерге тарайды. Бұл – иррадиация (лат. иррадиация таралу, жайылу) құбылысы. Иррадиация кішкене балаларда жақсы көрініс табады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушылар әдемі ойыншықты көрген кезде ауыздарын ашып, секіріп, күлуін иррадиация құбылысымен түсіндіруге болады, яғни бірнеше орталықтардың қызметі пайда болады.
Бірақ ОЖЖ-де қозу белгілі бір шеңберде ғана таралады. ОЖЖ-не түскен қозуды тежелу шектеп тастайды. Нәтижесінде қозу нейрондардың белгілі бір топтарында тұрақтанады. Ал, олардың айналасындағы нейрондардың қозуы төмендеп, олар тежелу күйіне көшеді. Бұл құбылыс бір уақыттағы теріс индукция (лат. индукция — орнату, кіргізу) деп аталады. Қозу болған нейрондарда қозудан кейін тежелу пайда болады және керісінше, тежелуден кейін сол нейрондарда қозу туады. Бұл ізді индукция деп атайды. Мысалы, оқушылардың сабақтан кейін үзілістегі белсенділігі (тежелу қозуға ауысса – оң индукция, қозу тежелуге ауысса – теріс индукция). Егер бір аяқты бүгетін еттермен байланысты жүйке орталығында қозу туғанда, оның жазғыш еттерімен байланысты тежелу туады (теріс индукция), ал екінші аяқты жазғыш еттерімен байланысты орталықта қозу туғанда, бүгуші еттерімен байланысты керісінше, тежелу туған (оң индукция). Антогонистік еттердің жүйке орталықтары бір мезгілде қарама-қарсы күйде болады
Қозу мен тежелудің индукциясы олардың жүйке талшықтарының миелин қабығының қалындығына байланысты болады. Сондықтан бала неғүрлым жас болса, қозу мен тежелудің индукциясы соғұрлым нашар болады. Мысалы: кішкентай бала ауырғанда күндіз-түні тынымсыз әбден шаршағанша жылай береді. Ересек адамда қозу мен тежелудің индукциясы күшті болады.
Жүйке орталықтарының қызмет атқаруының негізгі қасиеттерінің біріне доминанта принципі жатады. Оның негізін ең алғаш А. А. Ухтомский ұсынған. Оның қозу мен тежелудің доминантасы( лат. доминанта - басым) туралы ілімі бойынша жүйке жүйесінің қызметінде бір жүйке орталығының қозуы басқаларының қозуын (серпіністерді) өзіне тарту арқылы белгілі бір сәтте басымырақ болады да, басқа орталықтарының қызметін өзіне бағындырады. Мұндай жағдайда басқа жүйке орталықтарын қоздыратын тітіркендіргіштер доминантты (басымды) орталықтың қозуын күшейте түседі. Әдетте басым қозу ұзаққа созылмайды, тіршілікке қажет қызметі орындалғын соң оның үстемдігі жоғалады, биілігі тоқтайды.
Мысалы, “2” алып жылап отырған баланы жолдастары жұбатса, оның жылауы удей түседі. Себебі бұл сәтте баланың ОЖЖ-інде басым жүйке орталығы басқа орталықтардан қозуын өзіне тартып қоза түседі. Бір мүшесі қатты ауырып отырған адамның ауырмайтын сау мүшесіне қол тиіп кетсе, оның ауру мүшесі одан сайын қатты аурады. Балаларда басымдылық оңай және жеңіл пайда болады. Сондықтан балалардың зейіні тұрақсыз: жаңа тітіркендіргіштер оның миында басқа орталықтың басымдылығын тудырады. Педагогикада кездесетін балалардың белсенді зейінін ми сыңарларында басым орталық және шетте индукциялы тежелудің пайда болуымен түсіндіріледі. Балаларда белсенді зейіннің ұзақтылығы жасына қарай әртүрлі. Кішкентай балаларда белсенді зейін нашар қалыптасады: тек 7 жасқа таман ол ұзара бастайды, 7 жасар балада – 15 мин., 10 жаста – 20 мин., 12 жаста 25 минөтке созылады, 13-15 жас арасында жарты сағаттай, 16 жаста 40 минөттей, ересек адамда 1 сағатқа жуық. Еске алар жай: егер бала ұзақ уақыт жұмыстың бір ғана түрімен шұғыдданса, оның басым орталығы шаршап, белсенді зейіні томендейді. Мұндай жағдайда басым жүйке орталығы 3 кезенді өткізеді: 1) басымды орталықтың маңайында индукциялық тежелу пайда болып, бала мазасызданады; 2) басым орталықтың қозуы темендейді де, шартты жүйкелік байланыстардың пайда болуы баяулайды. Бала сабақты түсінбейді, есінде сақтамайды; 3) басым жүйке орталығында шектен тыс тежелу пайда болады, белсенді зейін жойылады, бала мүлде сабақ тындамайды, тіпті мұғалімнің айтқанын естімейді. Сондықтан мұғалімдер балалардың сабаққа зейініне көңіл бөлуі шарт. Егер олар тындамай бара жатса, онда еңбектің түрін ауыстыра қою керек. Мысалы, сабақ түсіндіруді тоқтатып, әдістемелік картамен жұмыс істету сияқты әдістерді пайдалануы керек.
Жүйкелік орталық байланыстың молдылығынан бір жүйке жасушасына жүйке жүйесінің бірнеше жерінен жүйке импульстері келуі мүмкін. Әртүрлі талшықтар арқылы келген қозулардың ұшырасуын конвергенция (лат. конвергенс -түйісу) деп атайды. Айталық, дыбыс, көру, тері рецепторларынан келген қозулар бір нейронда түйісуі мүмкін. Жалпы алғанда балалардың жасына қарай ұшырайтын үйлесімділіктің кейбір кемшіліктері жасы ұлғайған сайын бәсеңдеп, 18-20 жаста толық жойылады да, үйлестіру қабілеті толық қалыптасады. Бұған қарама-қарсы құбылыс – дивергенция (тармақталық), яғни бір нейрон аксонының серпінісі бірден бірнеше нейронды қоздырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет