9.Дымқылдау оттегіні беруді қамтамасыз етіңіз.
10.Жалпы қан анализіне, коагулограммаға немесе қанның ұю уақытына және үйлесімділігіне қан алыңыз.
11.Қанның тобын, Rh-факторын анықтаңыз.
12. Себебін қойыңыз:
· жатырды тексеріңіз (ширақтығы, тіні);
· жыныс жолдарын қарауды жүргізіңіз (жарақаты).
13.Жатырдың бимануалдық компрессиясын утеротониктерді енгізумен бірге жүргізіңіз.
14.Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
15.Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
16.Қынапқа оң қолыңызбен кіріңіз және қолыңызды жұдырыққа қысыңыз.
17.Жұдырықты алдыңғы күмбезге қойыңыз және онымен жатырдың алдыңғы қабырғасын басыңыз.
18.Басқа сол қолыңызбен алдыңғы іш қабырғасы арқылы, қынапқа кірген қолдың бағыты бойынша жатырдың артқы қабырғасын басыңыз.
19.Әзірше қанағу тоқтағанша және жатыр жиырылғанша басуды жалғастырыңыз.
20.Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.
21.Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
22.Барлық мәліметтерді босану тарихына енгізіңіз.
Ескерту. Қан жоғалту көлемін анықтау әдістері:
1.Көзбен шолу әдісі (30 %қате).
2.Гематокриттің деңгейінің бастапқысынан 10 %аз төмендеуі.
3.Грамметриялық әдіс-операциялық материалды өлшеу (15 %қате).
4.Өлшейтін ыдыспен өлшеу (саптыаяқ, бөлік салынған науа).
Достарыңызбен бөлісу: |