Қанның реологиясын қалпына келтіру үшін трентал, курантил, компламин, никотин қышқылы, аспирин сияқты дәрілерді қолданады.
Қанның коагуляциялық қабілетін реттеу үшін гепарин, реполиглюкин – гепарин, глюкоза – гепарин – новокаин сияқты қоспалар қолданады.
Диуретикалық дәріден гипотиазид, фуросемид, лазиксті қолданады, бірақ бұл айтылған диуретиктерді абайлап қолдану керек. Егер гиповолемияны дұрыс қалпына келтірмей тұрып мөлшерден көп не ұзақ уақыт қолданса, керісінше зияны тиюі мүмкін. Әсіресе, гестоз асқынып, ауыр түріне айналады.
Жатырдағы нәрестенің гипоксиясы мен гипотрофиясына қарсы профилактика ретінде оттегі, Николаев үштігі, кокарбоксилаза, АТФ, сигетин, унитиол, галаскорбин, глютамин қышқылы сияқты дәрілер қолданылады.
Нефропатияны емдегенде бұл дәрілердің барлығын бір күнде бермейді, өйткені бір дәрінің өзіне тән бірнеше қасиеті болады. Мысалы, жоғарыда айтқан магний сульфаты қан қысымын төмендетеді, жүйке жүйесінің қозуын реттейді, ісінуді қайтарады, ми қуысының қысымын төмендетеді, қанның коагуляциялық жағдайын реттейді. Еске алатын тағы бір нәрсе гестозды ұзақ уақыт емдеуге болмайды. Қай дәріні болса да 10-12 күннен артық бермеген жөн, ал кей дәрілерді 1-2 күн қана, кейбіреулерін тіпті бір рет қана беру керек болады.