Жүктілікке және баланың туылу процесін ұйымдастыруға деген қатынас әр мәдениетте түрліше болғанымен, әрбір дені сау адам баласының дүниеге келуі бір биологиялық тәртіпке бағынады


Әйелдер кеңес орнында және перзентхана жағдайларындағы ана өлімін төмендету резервтері



бет23/26
Дата09.12.2021
өлшемі123,61 Kb.
#78603
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
гинекология (1)
Лабораторная работа Йодометрическое определение меди в растворе медного купороса, Лабораторная работа Йодометрическое определение меди в растворе медного купороса, 32 сабақ.Рационал сандарды координаталық түзудіңкөмегімен қосу, 7 лекция
Әйелдер кеңес орнында және перзентхана жағдайларындағы ана өлімін төмендету резервтері

Әйелдер кеңес орнында:

1.  Әйелдер кеңес орнында жүктілікті ерте мезгілден (12 аптаға дейін) есепке алып, толық клиникалық зерттеу жүргізу.

2. Жоғары "қауіп-қатер" тобындағы жүктілерді ерекше диспансерлік есепке алу.

3.   "Қауіп-қатер" тобындағы әйелдерді алдын ала перзентханаға жатқызу.



Перзентханада:

1.   "Қауіп-қатер" дәрежесін анықтап, акушерия ' асқынуларын алдын ала болжау.

2. Толық клиникалық зерттеуден өткізу.

3. Диагнозды анықтап, жүктілік асқынуын емдеу.

4. Босанудың қолайлы, үтымды тактикасын анықтау.

5. Мезгілінде сапалы жедел жәрдем көрсету.

6. Босану, босанғаннан кейінгі кезендері асқынған және экстрагениталды аурулары бар әйелдерді басқа мамандармен (терапевт, хирург, нефролог т.б.) бірлесе отырып, реабилитациялау.

7. Босанған әйелдерге қолайлы контрацепция әдістерін қолдану.

Әйелдерге кеңес беру кабинеттерінде медицина психологы және дәрігер – психотерапевт мамандары жұмыс атқарады:


  • медицина психолог- жоғарғы білімді психолог және қосымша медициналық факультетте медицина және перинатальды психология саласында білім алған адам.

  • Дәрігер-психотерапевт – арнайы перинатальды психология, психопатология және психотерапия бағытында білім алған адам.

Бұл мамандар психопрофилактика, психодиагностика, психокоррекция, психологиялық кеңес беру әдістерін өте жақсы білуі қажет. Олардың міндеттері:

  • жүкті әйел мен олардың жақын адамдарымен әңгіме жүргізе отырып, оларға нақты бір бағытта кеңес береді.

  • Босану мерзімі келгенге дейін әйелге психопрофилактика жүргізеді, жас балаларға арнайы сабақ өту

  • Жүкті әйелді жүктілік кезіндегі қандай бір ауқытқуға байланысты акушер-гинекологқа жібереді және ол әйелді бұл психологиялық жағынан дайындайды.

  • Жүкті әйелдер арасында скринингті тексеру жүргізе отырып, жүйке жүйесі зақымданған әйелдерді бөліп алу

  • Акушер-гинеколог маманмен бірге әйелдің жеке ерекшеліктеріне байланысты арнайы психокоррекциялық жоспар жасау

  • Әрбір келген әйелді жеке қабылдап психодиагностика, психологиялық кеңес, психокоррекция және психотерапия қоланады

  • Акушер-гинекологпен бірге жүкті әйелдерге қолданған психопрофилактика, психокоррекция және емдік қолданған шараларды бақылап, әрқайсысына баға береді.

  • Тәжірибе жүзінде психопрофилактика, психодиагностика, психокоррекция, психотерапия және психологиялық кеңес беру бағытында жаңа бағыттарды қолдану

Әйелдерге кеңес беру кабинетінде әйелді жеке және отбасымен қабылдай алатын, релакция, арт-терапия және топтық жұмыс жасайтын арнайы бөлмелер болуы қажет. Бөлмелер желдетілген, жұмсақ диван және музыка тыңдайтын арнайы аспаптар, картина, бөлме өсімдіктері, кілем, видеомагнитофон, телевизор, компьютер, принтер, диктафон, секундомер, қан қысымын тексеретін құрал, түрлі-түсті қалам, бор, краска, қағаз, стол, киім шкафы, кітап сөресі т.б болуы қажет.

Алғашқы қабылдауға жүктіліктің 20-22 аптасында барады. Ол кезде әйелмен 30 миунтқа созылған диагностикалық әңгіме жасайды. Жүкті әйелмен психолог арасында эмтапиялық қарым-қатынас болуы керек. Әйелге психолог жүктілік кезіндегі болатын психологиялық стресс, қорқыныш т.б туралы түсіндіріп, бұндай жағдайдан шығу жолдарын, босанғанға дейін арнайы өтетін курс жайында түсіндіреді.

Екінші рет кеңес беру мекемесіне жүктіліктің 24-27 аптасында барады.

Кеңес беру мекемесіне екінші триместрде барудың өзіндік себебі бар. Осы кезде жүкті әйелдің барлыға берлік скринингті тексеруден өтеді.  Іштегі баланың кемістігі не тұқым қуалаушылықтан пайда болған ауруы бар жоқтығын анықтайды. Сондықтан жүкті әйел үшін психологиялық көмек қажет болады. Іштегі баланың кемістігі жайында естіген аналар стреске тез түседі. Сондықтан акушер-гинекологтар әйелді бақылай отырып психотерапевтке жібереді.

Тағы да бір маңызды құбылыс жүктіліктің 18-22 аптасында бала қозғалады. Осы кезден бастап психолог әйелге ол баламен сөйлесуге, балаға өз махаббатын беруге кеңес береді.

Үшінші қабылдау жүктіліктің 35-37 аптасына жоспарланады. Бұл уақытқа дейін әйел арнайы босанғанға дейінгі курсты толық бітіріп, балаға арнайы бөлме жабдықтайды.

Психолог әйелдің босануға деген психологиялық дайындығын бақылап, ана болуға дайындайды. 

Жүктілік кезінде әйел бойында өзінің денсаулығына, бала денсаулығына деген қорқыныш болады. Жүкті әйелдерде болатын жүйке жүйесінде психикасында болатын өзгерісетер.

Ятрогендік ( грек iatros- медик; genes-порождаемый) – медицина қызметкерлерінің жүкті әйелге деген теріс іс-әрекеті болмаса айтқан сөздерінен әйелде болатын бұзылыс. Көбіне дәрігерлердің дөрекілігі, қабылдаудағы әйелге көп көңіл бөлмеуі, кеңес берудің нашар ұйымдастырылуы, жүкті әйелге өз дәрежесінде қызмет көрсетпеуі әйелдің психикасына қатты әсер етеді.

 Дидактогендік (герк. didaktos- поучение, genes-порождаемый ) – ятрогендік бұзылыспен қатар жүреді. Қандайда бір профилактика кезінде, босануға дейінгі дайындық курстарында алған бұзылыстарды айтамыз. Босануға дайындық курстары дұрыс ұйымдастырылған болса әйел бала жайында, әр сайын болатын өз бойындағы өзгерістер жайында, босанғаннан кейінгі әйел жағдайы туралы толық ақпаратты алады. Қандайда бір ақпарат жайында толық мағұлмат алу әйел бойында қорқыныштың сейілуіне, өзіне деген сенімділігі көбейеді. Ал ақпаратты толық түрде алмауы, медициналық түсініксіз терминдер мен теорияның болуы әйелдің сенімділігін төмендетеді.

Гестогенді (лат gestation-беременность, genes-порождаемый ) – жүкті әйелдердің бір-бірне деген жағымсыз әсері. Сондықтан арнайы босануға дейінгі курстарда әйелдерге скрининг-диагностика жасау маңызды. 

Жүкті әйелдердің жүйке жүйесі мен психикасының өзгеруіне байланысты болатын қауіптің алдын алу үшін скрининкті бақылау жүргізу қажет. Бақылау жүргізу арқылы әйелдерді 3 топқа бөледі.

1- топқа - дені сау, психологиялық жағынан жағымды көңіл-күйде жүретін әйелдер жатады.

2- топқа – эйфориясы бар, гипогестогнозды, психикалық ауытқуға бейім, соматикалық ауруы бар әйелдер жатады.

3-топқа – депрессипті типтің барлық түрі, жүйке жүйесі мен психика зақымданудың барлық түрі бар, жеке бақылауды қажет ететін, психотерапевтің немесе психиатрдың емін қажет ететін әйелдер кіреді.

Скринингті тест жүргізу әйел бойындағы психикалық ауытқудың бар екенін анықтап ерте көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Уақытысында көрсетілеген көмек отбасы үшін, жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі уақытта пайдалы. Әйелде босанғаннан кейінгі болатын психикалық бұзылыс сүттің азаюына акеледі. Гипогалакия – сүттің азаюы.  Тест арқылы психикалық бұзылысты анықтай отырып арнайы профилактика жүргізіу арқылы сүттің жетіспеушілігіне де көмектеседі.

  Перинатальды психологияның негізі бағыты әйелді босануға дейін дайындау. Ол үшін психолог:


  • жүктілік кезіндегі физиологиялық бұзылыстарды ерте анықтап, профилактика жасау керек

  • әйел бойындағы жүктілік кезінде болатын, босану процесі кезінде болатын қорқыныштан айырылту керек

  • әйелді жүктілік кезінде, босану кезінде болатын барлық психологиялық, физиологиялық жағдайын түсіндіру керек

  • босану кезінде белсенді болуға үйрету керек.

Бұл әдісті И.З.Вельвовский жасаған алайда кемшіліктері бар болғанымен босануға дейінгі кезеңдегі жүргізетін әдістердің басшысы ретінде саналады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет