Жүктілікке және баланың туылу процесін ұйымдастыруға деген қатынас әр мәдениетте түрліше болғанымен, әрбір дені сау адам баласының дүниеге келуі бір биологиялық тәртіпке бағынады



бет2/26
Дата09.12.2021
өлшемі123,61 Kb.
#78603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
гинекология (1)

Белсенді-адекватты босану процесіне белсене араласады. Әйеліне ыңғайлы жағдай жасайды, дәрігерлердің айтқанын істей отырып, әйелі мен дәрігерлердің арасында дәнекер болады, баланың өмірге келуіне қатты қуанады, бірақ дәрігерлерге еш кедергі жасамайды.

  • Енжар-бақылаушы - әйеліне қалай, қайтіп көмек берем деп ойланып тұрады, сондықтан босану процесіне араласа алмайды. Бұндай ер адамдар әйелін, дәрігерлерді сырттай бақылап тұрады, бірақ еш кедергі келтірмейді және ешнәрсеге араласпайды. Бала өмірге келгенде қатты қуана қоймайды бірақ балаға деген жылы көз қарас байқалады. Бұл топқа жататын ер адамдардың ішінде өзінің алғысын әйеліне, дәрігерлерге босану процесі біткеннен кейін бір сағат уақыт өткен соң айтатындарда кездеседі екен.

  • Агрессивті – босану процесіне белсенді қатысады, дәрігерлерге көп араласады, әр істеріне жауап беруді талап етеді, әйеліне көмектеспей бұйрық береді. Ер адамдардағы бұндай қатты қорқыныштың болуы босанудың алдында болатын дайындықтанда пайда болуы мүмкін. Агрессивті ер адамның босану бөлмесінде болуы дәрігерлерге кедергі келтіреді, әйелдің жүйкесіне әсер етеді кейде конфликті болуы да мүмкін. Сондықтан босану уақытысында бұндай ер адамдарды босану бөлмесіне кіргізбеу қажет. Босанғаннан кейін бөлмеге кіруге рұқсат беру қажет әрине бұл уақытта бойындағы барлық агрессия, қорқыныш сезімдері қуанышқа ауысып кетеді.

    Босану процесіне ер адамның қатысуы туралы шешу білімділікті талап етеді. Ерлі-зайыптылар босану процесінің адамға психологиялық жағынан қалай әсер ететінің жақсы білуі керек. Көптеген ғалымдар босану уақытысында әйел жалғыз қалмауы керек, сондықтан әйелге ең жақсы серік күйеуі болады дейді. Алайда ер адамның босану уақытысында әйелдің қасында болуды екеуі келсіп шешу керек. Ойланбай әйел «менің қиналғанымды көрсін?» деген оймен не ер адамның «қызық» деген оймен келісім жасауы дұрыс емес. Егер босанып жатқан әйелдің алғашқы баласы болса онда босану уақытысы 15-20 сағат болады, бұндай ұзақ және қиын сағаттарда әйелге күйеуінің қасында болуы көп көмектеседі. Толғақ қатты қысып кейін толғақ кеткен уақытта күйеуі ойын бөліп, әзілдесіп әйелдің көңілін көтеру керек. Кейде дәрігердің рұқсатымен босану бөлмесінен дәлізге алып шығып, жылы душта қабылдап алғаны дұрыс.

    Баланың сыртқа шығуы кезінде әйелдің қасында күйеуінің болуы қажет емес. Зерттеулер көрсеткендей бала шығу кезінде әйелдің ойы басқа жаққа аумауы керек алайда кейбір жағдайда толғатып жатқа әйел күйеуін көріп шашын түзегенде жағдайлар болған. Кейде күйеуі әйелдің қиналғанына шыдай алмай тез арада бірнәрсе қалдану керек деп дәрігерлерге маза бермейтінде жағдайлар болған. Сондықтан, босанып жатқан кезде күйеуін басқа бөлмеге шығарған дұрыс. Күйеуі бұл процес кезінде әйелдің қасында боламын деп шешсе, онда ол әйелдің бас жағында әйеліне жылы сөздер айтып тұрғаны абзал, ал әйелі күйеуінің түрін көрмегені дұрыс. Бала өмірге келген кездегі қуанышты ерлі-зайыптылар қатар сезіп, қуанғаны абзал.

    Ғалымдардың зерттеуі бойынша серіктестік босану арқылы дүниге келген балаға ата-анасы көп көңіл бөліп, баласына көп алаңдайды екен.

    Босанғаннан кейін 6-12 айдан кейін анкета жүргізгенде әйелдердің 88% күйеуі қасында болғаны жақсы екенін айтса, 17% әйелдер қарсылық білдірмей жақсы деп жауап берген. Әйелдердің барлығы серіктестік босанғанды дұрыс деп тапқан. Серіктестік босанғаннан кейін ерлердің 55%, әйелдердің 39% жыныстық қатынста еш өзгеріс болмады десе, әйелдердің 44%, ерлердің 28% жыныстық қатынас қайта күшейгені туралы айтқан.

    Серіктестік босанудан тиімділігі:


    • акушер-гинекологтар босану кезінде аз болады

    • дәрігерлердің арасында физикалық және психикалық жауапкершілік аз болады

    • босанғаннан кейінгі медикаменттерді аз қолданады

    • нәрестенің жарақат алуы аз келеді

    • экономикалық жағынан да пайдалы

    • ерлі-зайыптылар арасында қарым-қатынас



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет