Жұмыс нәтижелері төмендегідей көрсеткіштерді берді:
1. Суммарлы қатынас және жандану комплексінің компоненттерінің (көруден басқа) белсенділігі, байланысқа адамдармен салыстырғанда төмен.
2. Заттардың қозғалысы жас сәбиге көру және ымдаудан көрі қимыл – қозғалысты жүзеге асыруда маңызды болды.Ал байланысқа түсуші адам сәбиге қарап қимылдағанда, жас баланың комплексті тірілу фактоларының барлық компоненттерінің (көру,есту ымдау, қозғалу) барлығы белсенділік танытады.
3. Жандану комплексі адам қатынасқа түскенде жоғары түрде белсенді болады, ол заттың балаға әсерімен салыстырғанда мұнда адамның әсерінің күштілігін аңғартты. Жас сәбилер адм іс - әрекетінің өзгеруіне байланысты олар да қарым – қатынасқа түскенде өзгеріп отырады. Көңіл – күйін білдірді. Ал заттық қатынасқа келгенде қалыпты болды. Заттардың ішінен сәбиге ерекше әсер еткен адам суреттері бар түрлі ойыншықтары болды.
4. Сәбидің адам мен затқа байланысты қарым – қатынасының динамикасы. 12 адамның ішінде қашанда баланың қызығушылығын оятқан бала таңдап алған 1 ғана адам болды.Бала әр кезеңде сол бір ғана адаммен байланысқа түсуді қалайды. Ал бір ғана ойыншыққа деген қызығушылық болмайды.Сәбидің заттық әлемге деген көзқарасы өзгеріп отырады.Бала үнемі жаңа заттарды талап етіп отырады.
5. Жандану комплексінің динамикасы баланың жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады, яғни жасына байланысты болады. Екі ситуацияда бала қызығушылғы өзгереді. Мысалы: екі айға дейін ол біркелкі болса, 3-ші айдан бастап, адамды қабылдауда бала – күлімдеуді 1-ші орынға қойса, заттарды қабылдауда іс- әрекет жасау, жедел қимылдауды жүзеге асырады.
Сонымен М.И.Лисина және С.Ю. Мещерякованың зерттеулерінің нәтижесінде комплексті тірілудің негізгі актив қызметтерін таныдық. Бұл ғылыми негізі бар тұжырым. Осыған сәйкес бала сәби қарым – қатынас жасауды 2 айлық кезінен бастайды деп айтуға толық негіз бар.
Достарыңызбен бөлісу: |