5. Мінез-құлықтың аналық қажеттіліктін мотивациялық аумағы
1. Гештальт нәрестелік қалыптасуы
2. Мінез-құлықтың аналық қажеттіліктін мотивациялық аумағының онтогенезде қалыптасуы.
3. Мінез-құлықтың аналық қажеттіліктін мотивациялық аумағы блогының мазмұны
Нәрестенің дүниеге келуі, оның ана құрсағынан бөлініп, үлкен әлемге өтуі, оның оның төртінші базальды перинатальды матрицасын құрайтын күйзелісін анықтайтын күшті стресс болып табылады. С.Гроф былай деп есептейді, (туылу) дүниеге келу актісі – бұл бостандыққа шығу және сонымен бірге өткенге қайтарымсыз бас тарту. Сондықтан бала бостандыққа шығар алдында үлкен қарқын (серпіліс) апатының ақындағанын сезінеді. Өмір есігін ашу үшін күрестің қиын (азапты, ауыр) процесі өзінің шарықтау шегіне жетеді, ауырсыну (қиындық) шыңының артында кенеттен жеңілдену мен релаксация тұр. Бірақ бостандыққа шығу қуанышы үреймен (қорқынышпен) үйлеседі: ана құрсағы ішіндегі қараңғылық тұрақты температурадан соң бала алғаш рет, жарық пен, суықпен, жаңа (дене арқылы) түйсіну, сезінулермен бетпе-бет келеді, тыныс алу керек... Кіндігін кесу анасымен дене байланысын дағдарды, және нәресте анатомиялық тұрғыда байланыста болады, бірақ психологиялық тұрғыда емес. Дүниеге келу процесінде бала ағзасында катехолагиндерді күшті тастау процесі жүреді. Осының салдарынан олар мөлшері нәрестелер қанында ересектерге қарағанда анағұрлым көп бөлады.
Бұл нәрестенің туылғаннан кейін гомеотазды ұстап тұруын және ана құрсағынан босаған 40 минут ішінде сергектік жағдайын қамтамасыз етеді. Бұл кезең қиын болады және баланың сыртқы факторлар ды ерекше қабылдаумен сипатталады. Бұл уақытта қоршаған орта нысандарын есте сақтап қалу, алғашқы аостнатальды тәжірибе алу процесі жүреді. К.Лоренц бұл құбылысты 1935 жылы импринтинг деген атпен суреттеді. Демек, импрингтинг ағзаның күй, зейінін әр сәтте және тұрақты түрде есте қалдырудың тұқым қуалайтын бағдарланған қабілеті болып табылады. Импритинг шартты рефлекстермен және оперантты себепкерлікпен қатар оқыту формаларының бірі болып табылады. М.Клаус пен Дж.Кеннен, туу кезінде және баланың өмірге келген алғашқы сағаттарында жүзеге асырылатын импринтинг механизмдері бала мен ана арасындағы өзара қарым-қатынасты қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Сондықтан, қоршаған орта заттарының ішінде есте қалатыны анасы, сол сияқты әкесі болғаны өте маңызды. Егер ата-аналарды босанғанға дейінгі күндей өткізілетін сабақтарда пренейтпен қарым-қатынас жасауға сауатты үйретсе (сөйлесу, гаптономия көмегімен жанасуды сезіну, т.б.) онда тыныс сөздер, тыныс дауыстар, анасы мен әкесінің жұмсақ алақандарын, жанарын, көзін-көзіне қадап күлімсіреу (байланысын) анасының жылы денесіне тікелей жанасуынан сәби оң эмоцияларды сезінеді. Бұл сепарациялық үрейленуін (қорқуды) төмендетеді, оның ана құрсағынан тыс жаңа өмір сүру жағдайларына бейімдеуіне себепші болады. Бұл қиын қыстау кезең нәрестенің анасына күшті әсер етумен сипатталады. Ол оның мінез-құлқын анықтайтын белсенді көзі болады. Егер әкесі де сауатты өткізілген серіктестәк босануға қатысса, әкесі туралы да айтуға болады. Басқа сөзбен айтқанда, босану процесінде стресс әйелмен пренейттің жалпы шекарасы бұзылады, ал ерте постанальды кезеңде көбінесе липринтингтің арқасында, бұл шекараларды жекелей қалпына келтіреді мұнсыз нәресте жаңа жағдайда өмір сүре алмайды. Демек, импрингтинг ана мен баланың (диадты) бірлігін сақтауға себепші болады, басқаша сөзбен айтқанда бондингті қалыптастыруға себеп болады.
Жүктіліктің кезеңнің толық 37 аптасы біткенге дейін мерзімінен ерте босанған кезде, соңғы етеккірдің алғашқы күнінен бастап есептегенде, егер оның денесінің салмағы 2500 г. Ал денесінің ұзындығы 48 см-ден аспаса, бала шала туылған деп белгіленеді. Шала туылған (уақыты жетпей) балада, ереже бала, орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ перинаталды зақымдануы белгіленеді. В.В. Абрамченкомен Т.У. Кузьминаның мәліметі бала, әрбір 3-ші шала туылған балада жеңіл неврологиялық белгілері, әрбір 4-де бірқалыпты, әрбір жетіншіде ауыр белгілері байқалады.
Е.А. Грон мен П.Г. Иманалиева жүктілік қарым-қатынас тестін (ЖҚТ) қолдана отырып, жүктілігі қиын өту қауіпі бар.
Әйелдерде гостационды доминанттың психологиялық компонентінің эйфарикалық, гипогестогнозикалық варианттың жиі кездесетінін анықтады. Бұны біздің зерттеуіміз де растады. Баласын мерзімінен бұрын босанған әйелдерде ПКГД-нің эйфорикалық, гипогестогнозикалық және қорқынышты вариантты басын болды, ал ПКГД-ң тиімді варианты баласын уақытыны босанған әйелге қарағанда 4 есе сирек кездеседі.
Шала туылған баланың функционалды жүйесінің пісіп жетілуі бондингтің қалыптасуын қиындатады. Мұндай жағдайда жаңа туылған сәбилер арада ауру мен оны жиілігі артады.
Егер тіпті нәресте денісау және мерзімінде туылса да, оған постнатальды кезеңде оған дұрыс күтім жасалмаса, сепарациялық рей деңгейін төмендетуге және бондинг қалыптасуға кедергі болатын созылмалы жүйкені жаралайтын жағдай құруы мүмкін. Бұны болдырмас үшін, кішкене бала үнемі қамқорлықпен назарда болуы тиіс, яғни Д.В.Винникоттың сөзімен айтқанда, босанғаннан кейінгі холдинг пен қамтамасыз ету керек (ағылшынша – қамқорлық жасау, қолына ұтау).
Бондинг пен холдинг
Бондинг деп бала мен ана арасындағы, туылғанна кейін пайда болатын көзге көрінбейтін (интуициялық) түйсіну арқылы болатын байланысын айтады, соның арқасында олар жалпы шекараны сақтайды және біртұтас болып қалуды жалғастырады. Мұндайда анасы баланың вертальды емес сигналдарын түсінуге, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оның сепарациялық (базальды) үрейленуін (қорқынышын төмендетуге және жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесуге қабілеті). Бондингтің көрінуі әртүрлі. Мысалы, анасымен қиын кезеңде байланыста болатын және әрі қарай одан (ажырайтын) бөлінген кезде де анасының иісін сезеді және оның сүтінің иісінде ажырата біледі. Нәресте өмірінің алғашқы минутында анасының жүзіндегі көзқарасты белгілей алады және онымен 10-15 секунд ішінде шолу байланысын орната алады. Жаңа туған нәресте өзімен сөйлесіп тұрған анасының жүзін бақылайды, оның мимикасына еліктейді, оның дауысын басқалардан ажыратады.
Өзінің жаңа туған нәрестелермен, туғаннан нәрестелермен, туғанна кейінгі ең кеш 1 сағат болған жерлерде оларды иісі бойынша тани алады. Көзін байлап, жұлған әйелнің 69 проценті өзінің нәрестелерін понтальды байланыс арқылы (біледі), таниды. Олар өзінің баласын жылаған дауысынан да таниды, олардың суретін басқа нәрестелерден ажырата алады.
Баланың өмір есігін ашқан алғашқы сағаттарда анасынан айырған кезде феномендер пайда болмайтынын немесе әлсіз байқалатынын атап өту керек. Бұл анасының нәрестесіне деген эмоционалды көңіл-күй деңгейін түсіде отырып, «ана-бала» жүйесіндегі байланысты қалыптастыруға барынша жағымсыз байқалады және әрі қарай ең алдымен баланың психикалық дамуына теріс әсер етуі мүмкін.
Нәрестенің қиын кезеңде анасымен физикалық бологиялық тұрғыдағы байланысын үзу «ана-бала» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастың қалыптасуына алып келеді, көру талдағышының жұмысын нашарлатуға, кеңістікті нашар бағдарлауға алпы келуі мүмкін.
Осыған қарамастан, шамамен ХХ ғ. 1970 г. Дейін Батыс Европада бала мен ананың бала туылғаннан соң бірден айыру тенденциясы басым болды. Кеңес Одағы кезінде де бұл тенденция ұзақ уақыт сақталып келді.
Біздің зерттеулеріміз ана мен баланы бала туылған соң бірден айыру босанған анада үрей (қорқыныш) деңгейінің артуына, баланы бөтен балаға айырбастап қою мүмкіндігі сияқты ойының қалыптасуына сүт шықпай қалуына алып келеді. Баланы анасынан айыру, біздің пікірімізше, жаңа туған нәрестеге күш көрсету ретінде бағалануы мүмкін.
1995 жылдан бастап Санкт-Петербург қалағы №13 перзентхана да жаңа туған нәресте мен оның анасына күтім жасаудың әртүрлі үлгілерін салыстыру мақсатында зерттеу өткізілді, ол әртүрлі тәсілдердің артықшылығы мен кемшіліктерін ғылыми негізде анықтауға көмектеседі. Зерттеуге сегіз ғылыми негізде анықтауға көмектеседі. Зерттеуге сегіз топқа бөлінген 176 жұп (ана-жаңа туған нәресте) қатысты. Әрбір топ жаңа туған сәбидің алғашқы екі сағат ішіндегі жақындығын белгілі бір әртүрлі үйлесімдермен жүзеге асыруы тиіс болды. Туылған соң бірден «денесін денесіне тигізу» тәсілі түрлендірілді. Киім кигізілген нәрестенің туылған соң анасының қолында болуы, туылғаннан соң бала мен ананы айыру, сол сияқты әрі қарай бала мен ананы айыру немесе босанғаннан кейінгі бөлімде олардың бірге болуы.
Үнің (модель) жімділігі нәрестенің температураға ойдағыдай бейімделуі бала, сол сияқты «ана-бала» жүйедегі өзара әрекет бойынша, анасүтімен қоректендірудің қалыптасуы өзара әрекет бойынша бағаланады. Зерттеулер нәтижесі бала үшін неғұрлым қолайлысы анасымен ерте және ұзақ уақыт бойы дене байланысында болу деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Баламен ананың денесін денесіне ерте тигізу тәсілі бала (туылған соң бірден жүзеге асырылатын) нәрестені тыныштантырады, оның жаурап қалуына кедергі болады, сәбиін кеудесіне ерте басу анасында сүттің пайда болуына себепші болады.
Туылған соң баланы анасынан ерте айыру сәбиді жаңа өмір жағдайына бейімделуін, жылудың реттелуін қиындатады, неғұрлым әлсіз болады. Анасымен нәрестенің екі сағат бөлек болғаннан кейінгі бірге болуы тек қана сүт түзілу механизмін қалпына келтіре алады, бірақ баланың өзін реттеуін қалыптастыру механизмін емес.
Демек, зерттеу ана мен нәрестенің туылған соң бірден бірге болуы, ананың сәбиіне қамқорлық көрсетуге ұмтылысын көрсете алуы үшін қажет екендігін көрсетті, ал ол бондингтің ойдағыдай қалыптасуына себепші болады.
Нәрестенің анасы, Д.А.Винникоттың сөзімен айтқанда, барынша қамқор болуы тиіс. Ол холдинг түсінігіне енеді, яғни анасы нәрестесіне қандай қамқорлық жасайфды, соның бірі кіреді. Оның көзқарасы бойынша Холдингті қалыптастыру үшін анаға 9 ай беріледі. Холдинг екі қабат әйе өзіне, пренейтке сосын нәрестеге қарым-қатынас жасаудың маңызды факторы. Нашар холдингтің себептерінің бірі, анасының холдингті нашар меңгергені және өзінің ержеткен қызына өзінің аналық сенімсіздігін беруі. Ең кішкентай нәрестелер оларды қолға қалай алғанын (ұстағанын) да сезеді, біреуінде олар жылайды, екінші біреуінде бондинг сапасын көрсетіп тынышталады.
Винникот нәрестенің дүниеге қатынасын үш деңгейге бөледі.
Бірінші деңгей: кеңістікпен қоршалған тірі ағза, өзімен өзі тұйықталған, тек өзін біледі.
Екіні деңгей: кеңістікті бағындыру – аяқ пен қолды бүгіп, оны жеңуге болатынына көз жетеді.
Үшінші деңгей: кеңістікті анасының көмегімен бағындыру, диаданы сақтау.
Винникотт, жаңа нәресте тез индивидиум болатын сөзсіз тірі адам (ағза) деп атап көрсетті.
6-7 айлығында ол (сәби) бөліну мен жұту процесін байланыстыруға қабілетті. Нәресте үнемі қамқорлығына зәру болады. Винникот, әрбір нәрестенің «Жақсы» мен «жаманды» айыруы, жаманнан құтылуы үшін уақыт керектігін атап өтеді.
Ана сәбиінің қажетін түйсігімен сезінеді және оған көмектеседі. Оқыту сәби мен анасы арағы нәзік қарым-қатынасты қиындатып жіберуі мүмкін. Винникот, медбикемен дәрігерлердің, бала мен ананың кездейсоқ нәзік (әлсіз) қарым-қатынас механизміне араласпуы тиіс деп атап көрсетті.
Демек, бондингті қалыптастыру мен холдингтің қалыптасуы үшін сәби мен анасын туылған соң айырмай керек деп сеніммен айтуға болады.
Бондинг пен холдинг ана мен баланың протодиологын қалыптастыру үшін жағдай жасайды, табиғи тамақтандыруға (ана сүтімен) себепші болады.
Протодиолог және ана сүтімен тамақтандыру
Ана мен бала арасындағы ерте диалогты қалыптастыруда ана сүтімен тамақтандырудың мәні зор. Баланы ана сүтімен тамақтандыру (емізу) жағдайында ана мен баланың физикалық шекараларының бірігуі біртіндеп қалпына келеді, себебі мұндайда бала жатыр ішіндегі болған кейбір жайттарға еліктейді, баланың сепарациялық (базальды) қорқынышы төмендейді және бұл баланың тойғанына қарағанда маңызы кем емес ана сүтін емізудің маңызды міндеттерінің бірі. Міне, Винникоттың «емізудегі ең басты нәрсе емізу емес» екендігін растағаны сондықтан. Анасы мен нәресте емізу жағдайында біріккен кезде, адамдың қарым-қатынас инициациясы өтеді. Баланың қоршаған орта нысан мен біртұтас әлемге қарым-қатынас үлгісі қалыптасады. Көптеген қазіргі заманғы авторлар ананы сәбиін емізу кезін де онымен өзара әрекетке үйрету (оқыту) қажеттілігіне көп көңіл бөледі. Табиғи (ана сүтімен емізу) тамақтандырудың болу немесе болмауы, бондин, холдинг сапасы көбінесе бауыр басу вариантының қалыптасуын анықтайды.
Бауыр басудың қалыптасуы және оның түрлері
Баланы дамытудың маңызды ынталандыруы қоршаған орта туралы ақпараттың жетімсіздігін қысқарту жолмен базальды қорқынышты төмендетуге ұмтылу болып табылады. Мұндайда ол неғұрлым дербес, анасына азырақ тәуелді болады. Бірақ «ана мен бала» диадасы онда өзіндігі сана пайда болғанға дейін өмір сүруін жалғастырады.
Бауырбасу (жақсы көруді) зерттеуге ағылшын психологы мен педиатры (балалар дәрігері) Дж. Баулби 1951-1960 ж . орындаған жұмыстары орындалған. Өз зерттеулерінде ол баланың психикалық денсаулығы үшін қуаныш әкелетін, жылылық орнататын анасымен өзара қарым-қатынас керек екендігін көрсетті.
З.Фрейд баланың анасына негізгі қарым қатынасы рахаттану принципі деп есептеді, себебі сәби қарнын ана сүтімен тойдырып, ләззат алуға ұмтылады. Фрейдтен айырмашылығы, ләззат алу принципінен бас тартпай, Дж.Баулби жетістікке жету тәсілін дамытумен анаға жақындықты байланыстырады. Жақындық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, зерттеу жұмысымен айналасуға, оқуға, жаңа өмір жағдайына бейімделуге мүмкіндік береді. Демек, жақындықты қажетсіну – баланың негізгі қажеттілігі.
Әлі бір жасқа толмаған бала өзінің қыңқылдауымен өзінің қажеттіліктері туралы білдіруге және көмек алуға қабілетті.
Егер анасының баласына қолы жетпей жатса, жақындықты қалпына келтіруге бағытталған, баланың іс-әрекеті белсендіріледі. Анасын жоғалтып алу қауіпі (қорқынышы) үрей туғызуы мүмкін. Егер жақын болуға деген қажеттілігі жиі қанағаттандырмаса, онда анасы жанында баланың өзінде бала өзін қауіпсіз сезінуін доғарады.
Дж. Баулбидің теориялық ережелерін М.Эйнсвортт тәжірибесімен растады. 1-2 айлық балаларды бақылай отырып, ол баланы анасы емізу процесінде бала жылаған кезде және ойын сәттерінде анасымен қандай өзара қарым-қатынас ерекшеліктері байқалатынын анықтауға тырысты. Зерттеу нәтижесінді, бала мен ананың өзара қарым-қатынасы алғашқы үш ай ішінде қалыптасатындығы және жылдың соңы (1 жас) мен әрі қарай олардың бауыр басушылық (жақсы көру) сапасы қалыптасатындығы анықталды.
Баланың дамуына синхронды қозғалыстағы эмоциясы экспрессивті, баламен байланысы әртүрлі аналар қолайлы. Баланы қолына сирек алатын, өз эмоцияларын білдіре білмейтін («ағаш жүзді әйелдер») – керісінше баланың психикалық қызметінің дамуына себепші болмайды.
М.Эйнсвортқа тәжірибелі жолмен және бақылау нәтижесінде анасымен қарым қатынас әсерімен қалыптасатын балалар мінез-құлқының 3 түрін бөліп алуға мүмкіндік береді.
А типі (түрі) қашқақтап жүретін жақсы көрушілік шамамен оқиғаның 20-21,5 пайызында кездеседі. Анасының бөлмеден шығып кетуіне, сосын оның қайтып келуіне бала көңіл бөлмейтіндігімен, онымен байланысты іздемей, ойынын жалғастыратындығымен ерекшеленеді. Ол тіпті анасы онымен ойнай бастаған кезде де байланысқа түспейді. Осыған ұқсас мінезді балаларды индифферентті (балалар) деп атайды.
В түрі. Қауіпсіз немесе сенімді, жақсы көрушілік басқаларда жиі кездеседі (65-66 пайыз). Жақсы көрушіліктің бұл түрі анасы бар кезде бала өзін жайлы сезінетіндігімен ерекшеленеді. Егер анасы кетіп қалса бала мазасыздана бастайды, зерттеушілік жұмысын тоқтатады. Анасы қайтып келген кезде, онымен байланыс орнатып, тез тынышталады, ісін қайта жалғасытрады.
С түрі. Амбивалентті жақсы көрушілік шамамен оқиғаның 10-12,5 да кездеседі. Тіпті анасы қасында бар кезінде бала мазасыз болады. Ол кетіп қалған кезде қорқынышы арта түседі. Анасы қайтып келген кезде бала оған ұмтылады, бірақ байланысқа қарсыласады. Егер анасы оны қолына алса, ол қолынан босап шыққысы келіп жұлқынады.
Кейінірек жақсы көрушіліктің тағы бір Д түрі табылды. Д түрі шырқы бұзылған жақсы көрушілік шамамен оқиғаның 5-10 пайызында кездеседі. Жақсы көрушіліктің бұл түрі патологиялық болып есептеледі және баланың қайтып оралған анасын көріп, мемшіп қалады немесе одан қашқақтайды.
Егер, бала анасын мұқият аңдып отырып, ол бөлмеден сәл шығуға әрекет жасаса, оған жармасып, ұстап алып, оны жібермей, тәжірибе жасауға мүмкіндік болмаса, жақсы көрушіліктің симбиотикалық түрі деп аталады.
Дж. Баулби мен М.Эйнсворттың жұмыстары бихевиоризмнің негізгі принциптеріне күмән тудырды.
Оперантты себепші болу негіздеріне және реакцияның қалыптасуына сүйене отырып, бихевиористер педагогикаға үлкен әсер көрсете отырып, ана на балаларын қодарына үйрету керек деген ұсыныс жасады, себеі, олардың көзқарасын бойынша бұл, зерттеу жұмысын тоқтатты. Диаданың постнатальды кезеңінде сақталған сапасын көрсететін жақсы көрушілік ерекшеліктері баланың психикалық дамуы сияқты соматикалық жағдайында да әсер етеді.
Ерте кезеңдегі психосоматикалық бұзылулар
Жоғарыда атап өткеніміздей, туылған кезде жарақат, алған, қоршаған белгісіз әлем алдында қорқыныш пен үрейді бастап кешіретін жаңа туылған нәресте үшін, анасы қауіпсіздік өмір сүруі үшін кепілдік болады. Егер анасында психикалық жүйке, бұзылулар болса, ол бұл міндеттерді орындай алмайды. Оның үстіне жаңа туған нәресте оның қорқынышын басқа да теріс эмоциясын индукциялайды және оның қоршаған ортаға бейімделуі барынша қиын. Мұндай нәрестелерде қоршаған ортаны зерттеу мен оны тануға қабілетті, анасын жақсы көрушіліктің қауіпсіз формасы қалыптаспайды. Невроздық бұзылулар бар немесе босанғаннан кейінгі депрессиядан зардап шегушілер қауіпсіз жақсы көрушіліктің үш түрімен сипатталады.
Постанальды кезеңде сәбилердегі бұзылуы мен соматикалық бұзылудың алдын алу жақсы көрушіліктің қауіпсіз формасы болып табылады. Жақсы көрушіліктің қауіпсіз формалары бар балалар қорқыныш (үрей) деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді оң (жағымды) эмоцияларды аз өткереді, ереже бойынша қарым-қатынаста қиындыққа кезігеді. 0-3 жасқа дейінгі балада психикалық жүйкені сезіну деңгейі жоғары жалпы және психикалық әсерленгіштігімен ерекшеленеді және самотовегетативті деген атқа ие болды. Бұл фонда оларда психосоматикалық бұзылулар сирек дамиды, ең алдымен ас қорыту жүйесіне қатысы бар. Нәрестік түйілу аэрофагия инфантильді анорексия, ас қорытудың дамымауы, тамақты тоя ішу, мерицизм, пикацизм тағы басқалар неғұрлым тіптік болып табылады.
Нәрестелік кезеңдегі түйілу әдетте 3 аптаның кезеңінен бастап, 3 айға дейінгі кезеңда байқалады. Түйілу (шаншудың) негізгі белгілері айқай мен жыау болып табылады. Тамақтандыру (емізу) аз уақытқа баланы тыныштандыра алады. Тамақтану тәртібін өзгертуге кірісу емшек сүтін қапаға ауыстыруғ дәрі-дәрмек терапиясы, ереже бойынша жеңілдік әкелмейді. Х.Финкельштейн бұл бұзылуды «Спастикалық диатез» деп атады (1938 жыл). А.Г.Аларкон (1943 ж), ал кейінірек Р.А.Шпиц (2000 ж) бұл бұзылудың ана қамқорлығынан айырылған, балалар үйіндегі балаларды (нәрестені де) мүлде болмайтындығын атап өтті. Д.М. Леви нәресте түйелуін анасының алғашқы үрийлі салғырттығымен байланыстырады (1943 ж). Левимен А.Беллдің бақылаулары бойынша, түйілуден (шаншу) зардап шегетін нәрестелер аналары үйінде тәрбиеледі және көп көңіл бөлді және алғашқы талабы бойынша емшек емізді. Шпиц нәрестенің шаншуы ең алдымен «ана-бала» диадазындағы қарым-қатынастың ерте бұзылуы болып табылады және объекті қарым-қатынастың ескі жаршысы болады. Сол кезде ол оның 2 факторының қосылысы кезінде пайда болатынын атап көрсетті: анасының мазасыздана шамадан тыс қамқорлық жасаумен баладағы жоғары бұлшық ет тонусы соңғысын қалпына келтірумен үш немесе төртінші айының соңында баланың басым көпшілігінде бұлшық ет тонусы қалпына келтіріледі.
Аэрофагия – (грек тілінен ыаударғанда – ауа жұтып қою) мазасыз ананың нәрестелерде кездеседі және олардың ашқарақтана емген кезде ауаны жұтуынан байқалады. Олар ауаны сол сияқты тағам қабылдауға қатыссыз жұтуыда мүмкін. Мұдай кезде жайсыздық пен ауырсыну сезімдерін тудыратын іштің желденуі жиі байқалады. Мұндай балада кезекпен жүрек айну, құсуды қоздыратын кекірек пайда болады.
Инфантильді анорексия – неврозды (жүйкесі тозыған) ананың сәбилерінің тәбеттерінің жоғалунан байқалады. мұндай аналар ереже бойынша, сәбилері тоқпа, жоқпа оны түсінбейді. Нәтижесінде балалар таммаққа тоймайды (емшекке жарымайды), салмағы аз болады. Мұндай бұзылу күйеуі жоқ, психикалық жүйке бұзылулары бар әйелдерге тән. Мұндай әйелдерде екіқабат кезінде, ереже бойынша, гестационды даминанттың мазасыз және мазасыз – депрессивті түрлері, гипогестогозиялық түрлері байқалды. Инфантильді анорексия мен ауыратын балаларды емдеу (педиатрдың) балалар дәрігерінің гипотрофиямен күреске бағытталған күшін, сол сияқты «ана-бала» жүйесі қарым-қатынасындағы кикілжіңді жеңу күшінде талап етеді. Сол сияқты инфантильді анорексия құбылысы (байқалуы) анаклитикалық (тіректің болмауы) депрессияның маңызды көрінісі болып табылады. Бұл атауды Р.Шпиц анасынан айырылған балаларда жиі байқалатын күйлерін суретту үшін ұсынды. Бұзылудың ауырлық деңгейі мен симптоматиканың тұрақтылығы мұндайда көбінесе ажырағанға дейінгі «бала-ана» диадағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты болады.
Тағамның жетіспеуі ағзаға тағам аз түскен кезде және онда ешқандай ауру байқалмаған кезде дене салмағының төмендеуімен сипатталады. Мұндай жағдай «ана-бала» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас бұзылған кезде, яғни баланы жақтырмау және оның эмоционалды және сенсорлық депривациясы кезінде дамиды. Ереже бойынша, мұндай балалардың аналарынан жасырын түрде бала сүйгісі келмейтін, некеге қанағаттанбайтындықтарымен және тағы басқаларға байланысты эмоционалды ренішін анықтауға болады. Тиімді психотерапиялық көмек беру кезінде баланың жағдайы жақсарады.
Баланың толып кетуге алып келетін тамақты тоя ішуі, баланың тамақтан бас тартуы сияқты, баланың анасымен қарым-қатынасына қанағаттанбауы нәтижесінде пайда болады. Баланы анасымен қарым қатынасы неғұрлым көбірек алаңдатса, ол соғұрлым гепарациядан көбірек қорқады, соғұрлым ол тамақ ішуге өзін жиірек мәжбүрлейді. Тамақ мұндай бала үшін аштықты жеңу тәсілі емес, керісінше дабылды төмендетуге, сенімділікке, өзінің анасына әсерін сезінуге әрекет етуі (талаптануы).
Мерицизм – (грекше шайнау). Мерицизм анасының өзіне жеткіліксіз қамқор болуының құралы сияқты, шамадан тыс мазасыз қамқор ананың реакция нәтижесі болуы мүмкін. ұзақ уақыт бойы тамақты қайтадан шайнау эндрофиндер түзуге себепші болады және нәрестеге жақсы көрушіліктің қауіпсіз форамсы жасалады.
Пикацизм – балаларда жеуге жарамайтын тамақтарды жегісі келген кезде байқалады. Копрофагияға бейім көптеген баланың аналарда психотикалық деңгейдің бұзылуы байқалады (негізінен депрессивті анларда). Балаларға қарым-қатынасы оларда тұрақсыздығымен және қарама-қайшылығымен сипатталады. Шамадан тыс қамқорлық жасаумен қатаң бақылауға алу байқалуы қамқорлықтың азаюы мен эмоционалды шеттетілу мен алмасады, оның үстіне анасының балаға деген теріс сезімін ашық түрде көрінуі жоқ. Копрофагия балаларда өзінің құрдастарына қарағанда анасының өзіне аз көңіл бөлуімен байланысты болатын бақытсыз жағдайлар айтарлықытай жиі болады. Балаға әсер етуге тырысудың ереже бойынша, еш мәні жоқ. Психотерапиялық көмек мұндай жағдайда «ана-бала» жүйесінде де көрсетілуі тиіс. Себебі, кішкентай балаларда психикамен дене аралығы дифференциция әлі аяқталмаған, бірегей және шамадан тыс күрделі. Сондықтан, біріңғай жүйе құрайтын, анасы арқылы кішкене балалар мақсатқа сай әсер ету керек. Келтірілген деректер, әйел екі қабат кезден бастап психосоматикалық бұзылулардың анада да, балада да пайда болуының алдын алу шаралары қарастыру керек деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |