Жүктіліктің ықтимал белгілерін төмендегі тәсілдермен анықтайды



бет3/4
Дата06.04.2023
өлшемі15,22 Kb.
#173852
түріАнализ
1   2   3   4
Байланысты:
Жүктіліктің ықтимал белгілерін төмендегі тәсілдермен анықтайды-melimde.com
Индия, Міржақып Дулатұлы ә, Metod Klinicheskaya famakologiya v pediatri i nefrologi detskogo vozrasta Klinicheskaya medicina Pediatriya-001
Мәлімет алу

Объективтілік зерттеулер


  • Бойы: 150 см-ден төмен болса,тар жамбас белгілерін анықтау керек.

  • Салмағы: Семіздік-босанудың асқынуына душар етеді. 4 дәрежесі бар:

      1-дәреже: Дене салмағынан 10-29 % артық;

      2-дәреже: 30-49 % артық;

      3-дәреже: 50-99 % артық;

      4-дәреже: 100 % артық.

      3. Емшек бездері:


  • Емшек бездерінің дамуын;

  • Емшек ұштарының түрлерін;

  • Бөлінетін уыздың қасиеттерін анықтайды.

Пельвиметрия



Іш айналымын сантиметрлік лентамен кіндік тұсында өлшейді (90-100 см-ге тең)
Жатыр деңгейі 36-37 см-ге тең, босанар алдында төмендеп 34-35 см-ге тең.
Жамбас өлшемдерін өлшеу
1. Distantia spinarum – мықын сүйектерінің алдыңғы – жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы (25-26 см).
2. Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралығы (28-29 см).
3. Distantia trochanterica – ұршық аралығы (31-32 см-ге тең)
4. Conjugata externa – сыртқы конъюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі (20-21 см)
Диагональдық конъюгата – шат сүйегінің төменгі қырынан сегізкөздің ең шығыңқы мүйісіне дейінгі аралық (12-13 см)

Сыртқы акушерия зерттеулері (Леопольд тәсілдері)



1-ші тәсілі: екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып, саусақтарды жақындастырады. Жатыр деңгейін, нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Әдетте, ірілеу, жұмсақ, жазықтау бөлігі жамбас болып анықталады.
2-ші тәсілі: екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай төмен ығыстырып, жатыр қабырғасына қояды. Қолмен сипап, жазықтау бөлігі арқасы, бұдырлау бөлігі майда мүшелері екенін анықтайды.
3-ші тәсілі: Жүкті әйелдің оң жағынан бетпе-бет тұрып, оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Тығыз,дөңес, қозғалмалы болса-басы.
4-ші тәсілі: оң жағынан, аяғына қарап тұрады. Екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң және сол жағына орнықтырып, саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақтар ұшын жамбас қуысына тереңдете отырып, сол жерде орналасқан нәресте бөлігін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет