Жұлдызды бұлт
Жаңа жұлдыз
Сарғыш түсті жұлдыз
Қызыл алып жұлдыз
Ақ ергежейлі жұлдыз
Аса алып қызыл жұлдыз(Red supergiant, RSG) — Жұлдыздардың спектрлік жіктелуі (Йерктік спектр бөлу, МКК) бойынша жіктегенде бірінші түрдегі жұлдызға жататын Аса алып жұлдыз түрі. Олар салмағы ең үлкен жұлдыз емес, бірақ көлемі бойынша ғаламдағы ең үлкен жұлдыз есептеледі.
Массасы 10 күн массасына ие жұлдыздың өзегіндегі сутегі жанып таусылған соң гелийлік жануды бастан кешіреді де аса алып қызыл жұлдызға айналады.
Мұндай жұлдыздардың беткі температурасы өте төмен болады (3500-4500 K). Құс жолы жүйесінде белгілі болған төрт Аса ауыр қызыл жұлдыз Цефей μ, Мерген кВА, Цефей V354 және Аққу KY қатарлылар.
Ауыспалы жұлдыз — негізінен температурасы мен радиусының бірде ұлғаюы, бірде кішіреюі салдарынан жарығы құбылып тұратын жұлдыз. Нақты айтқанда, жұлдыз жарықтығы бірнеше деңгейге уақытқа тәуелді өзгереді. Мысалға, Күннің шығаратын энергиясы 11 жылдық жұлдыздық цикл деңгейінде 0,1%-ға өзгереді, яғни абсолютті жарықтығын мыңнан бірге өзгертеді. Ауыспалы деп ба0ылаушы техниканың жеткен деңгейінде сенімді табылған жұлдыз аталады. Жұлдыз ауыспалылар қатарына енуі үшңр бір рет өзгеріс болса жеткілікті.
Ақ ергежейлі жұлдыз-күйреуік материядан (лат. Degenerate matter) құралған ұсақ тұрақты жұлдыз. Олардың тығыздығы жоғары, массасы күнмен қарайлас Ақ ергежейлінің көлемі бар болғаны жер шарындай ғана болады. Олардың әлсіз жарығы бұрынға мол энергияның сақталып қалған соңғы қалдық қуатынан келеді. Күнге жақын аймақтағы жұлдыздардың шамамен 6% Ақ ергежейліге жатады.Бұл түрдегі жарығы әлсіз Ақ ергежейлі сипатына Генри Норрис Рассел, Эдвард Чарльз Пикеринг, және У. Флеминг қатарлы кісілер 1910 жылы назар аударды. "Ақ ергежейлі" деп алғаш 1922 жылы Willem Luyten атады.
Көк ергежейлі – қызыл ергежейліден бастау алатын, массасы Күннің массасынан кіші гипотикалық жұлдыздар классы. Қазіргі таңда ешқандай да қызыл ергежейлі жұлдыздың көк ергежейлі жұлдызға айналғаны байқалмады. Бірақ та бұл жұлдыздар теориялық тұрғыда бар болып есептеледі.
Жұлдыздар ғарышқа біркелкі шашылған емес. Олардың көбі тартылыс күш әсерінде ұйысып екіден көп қосаржұлдыздарға біріксе, тіпті неше миллиард жұлдыздар топтасып алып үйіржұлдыздарға айналады. Екі жұлдыздың орбитасы оларды жақындатқанда олардағы өзгеріс тездейді. Мысалы, Ақ ергежейлі жұлдыз өзінің серік жұлдызына жақындағанда оның газдарын өзіне сіміріп, ЖАҢА ЖҰЛДЫЗ болып жарқырайды.
Сары ергежейлі – массасы Күннің массасынан 0.8-ден 1.2 есе және температурасы 5000-6000К болатын кіші жұлдыздар класы. Анықтамалық атына сәйкес бұл жұлдыз фотометриялық құбылыс нәтижесінде сары түске ие, бірақ адамдарға ақ түсті болып көрінеді. Негізгі энергриялық көзі гелий мен сутегінің термоядролық синтезі болып табылады. Ең танымал сары ергежейлі жұлдыз- Күн.
Вольф-Райет жұлдыздары - өте жоғары температура мен жылтырлыққа ие жұлдыздардың класы. Вольфа Райе жұлдыздары басқа жұлдыздардан сутек, гелий, оттегі, көміртегінің әр түрлі дәрежеде иондалуы кезінде спектрленуімен ерекшелінеді. Бұл жұлдыздар класының атауы фразцуз астрономы Шпрль Вольф пен Жорж Райенің есімдерімен тығыз байланысты. Себебі, дәл осы ғалымдар осындай жұлдыздардың спектрленуіне бірінші болып ерекше назар аударған.
T Tельца классындағы айнымалы жұлдыздарының прототипі болып табылатын Тельца жұлдыздарындағы айнымалы жұлдыз. Ол жұлдызды 1852жылы Бишоп обсерваториясында Джон Расселл Хинд ашты. Т Тельца Эплисон Тельца жұлдызынп жақын орналасқан Градистің шашыраңқы жұлдыздар класстерінде байқалады. Т Тельца түріндегі жұлдыздар жасы бірнеше миллион болатын өте жас жұлдыздар болып саналады.