Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Тақырыбы: Киото хаттамасы
Орындаған: Кеңесбай А.
Қабылдаған: Алтаев Ө.
Тобы:112-17а
2020 жыл
Киото Хаттамасы (Жапония)
1997 ж желтоқсанда Жапонияның Киото қаласында әлемдік қауымдастықтың елдері ғаламдық жылынуға себеп болатын парник газдарын атмосфераға шығаруды бақылау жөніндегі тарихи келісімдерді жалғастырды.
Олардың негізінен дамыған елдердің атмосфераға шығарылатын парник газдарының шамасын 2000 жылдан 1990 жылғы деңгейіне дейін қысқарту туралы өз еріктерімен, заңмен міндеттелмейтін мәлімдемелері алынды.
Бұл келісімнің берік экологиялық және экономикалық негізі болуы үшін үш негізгі міндеттер белгіленді:
1. Қатысушы елдер үшін парник газдарын шығаруды қысқартудың нақты мерзімі мен көрсеткіштерін белгілеу.
2. «Міндетті сызбалар мен шаралар» ғана емес, көміртек қос тотығын шығаруға салық сияқты икемді нарықтық механизм ендіру.
3. Дамушы елдердің байыпты қатысуына қол жеткізу.
Киото хаттамасының міндетін орындау мысалын қарастырайық. Ол үшін АҚШ шығарады деп күтілген парник газдарының мәліметін пайдаланамыз. АҚШ-та базалық (1990 жылы) парник газдарын шығаруды 5,842 млрд т болды. 2010ж. болжам 7,241 млрд т. Киотода қабылданған міндетіне сәйкес АҚШ 2008-2012 жылдары парник газдарын шығару шамасын базалық жылдығының 93% жеткізеді, яғни жыл сайынғы парник газдарын шығару шамасы 5,433 млрд т (5,842 х 0,93) болады. 5 жылда АҚШ шығаратын парник газдары күтілген 36 млрд т орнына 27 млрд т (5,433 х 5) тең.
Сонымен, бірінші міндеттің орындалуы төмендегідей.
Атмосфераға шығарылатын эмиссия көлемін қысқартудың қатаң мерзімінің орнына АҚШ ұсынған ұзақ мерзімдік тұжырым алынды. Ұзақ мерзімдік график мемлекеттерге белгіленген көрсеткіштерді орындауға икемді мүмкіндік береді.
Әр жылға емес бес жылға орташа көрсеткіш белгілеу, әсіресе экономикалық даму болашағы белгісіз екенін ескерсек, шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қатысушы елдер белгілі көрсеткіштерге 2008-2012 жылдары жетуі тиіс. Бұл оларға шығындарының тиімділігін арттыра отырып жаңа технологияларды біртіндеп қолданысқа енгізуге, сөйтіп компанияларға және жұмысшыларға ауырпашылығын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Басты өнеркәсіпті дамыған елдерге парник газдарын шығаруды базалық жылдарға (1990ж, 1995ж) қарағанда қысқартудың 6-дан 8%-ға дейін сараланған деңгейлері белгіленді. Кейбір әрекеттерді, мысалы, көміртек қос тотығын сіңіретін ағаш отырғызуды, яғни «табиғи тұтқыштарды» құруды шығарылымдарды қысқарту есебіне жатқызу туралы ұсыныс қабылданды. Бұл мәселені шешудің экономикалық әдістерін қолдануға жол бере отырып, пайдалы іс-әрекеттерді – ағаш отырғызуды ынталандырады.
Екінші міндеттің орындалуы келесідей көрініс табады. Киото хаттамасында нарықтық механизмнің негізгі элементі – компаниялар және елдер енді парник газдарын шығаруға квотасын бір-біріне сату және сатып алу мүмкіндігін алды. Яғни, квота – бағасы бар тауар. Квотаны сату және сатып алуды есептеу механизмі банк жүйесінде ақшаны есептеумен бірдей. Артық ақшасы бар банк оны басқа банкке өзі сатып алғаннан жоғарырақ өсіммен сатады. Алған табыстарын банк өз қажетіне жұмсайды. Оған керісінше, сатып алушы банк қарызын қайтару үшін қаржы алады. Нәтижесінде, банкаралық операцияларға қарамастан банк қаражатының жалпы шамасы өзгіріссіз қалады.
Енді квота сату мен сатып алу мысалын қарастырайық. Үш елді: А, В және С алайық. Хаттамамен белгіленген шығарылымдар лимиті жылына 150, 100 және 200 млн т.
Айталық А елі 20 млн т парник газын сатады және басқа бір себептермен 10 млн т сатып алады. Нәтижесінде, А елінің жол берілетін шығарылымы жылына 140 млн т (150 – 20 + 10) болады. В және С елдерінің жол берілетін шығарылымдары да осылай есептеледі. Сонымен, алғашқы үш елге лимит шамасы 450 млн т өзгеріссіз қалады. Бірақ әр ел үшін жол берілетін шығарылымдар алғашқы бөлінетін газ мөлшерінен өзгеше.
Олардың әрқайсысын бөліп шығаратын газдардың соңғы мөлшеріне экономикалық мүдде – квота саудасынан түсетін пайда итермеледі. Оның үстіне бұл мысал «квота саудалаудан табиғат зиян шеге ме?» - деген сұраққа жауап береді. Жауап айқын, өйткені сауда шығарылымдарды ұлғайтпайды, тек қана елдер арасында қайта бөледі. Белгі мен шектеулерді сақтай отырып оны орындаудың ұтымды жолдарын табу мүмкін болады.
Киото хаттамасының үшінші міндеті дамушы елдердің қатысуына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |