Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет20/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ
Lecture theses
мидың белсенді даму кезеңі
болып табылады. Бұл дерек балалардың жүйке-психикалық іс-әрекетін 
дамытудың биологиялық алғышарттарын қамтамасыз етеді. Осылайша, 


42 
сананың мінез-құлықты бақылауы күшейеді, бұл өз кезегінде психикалық 
үдерістердің дамуына әкеледі. Аталған жас кезеңінде бала өзінің ойлау үдерісін 
саналы ұғына бастайды және оларды басқаруға ұмтылады. Бұрын атап 
өтілгендей, аталған меңгерген тәсілдер реттеуші метапәндік біліктерді құрайды. 
Бұдан басқа, автор мидың дамуының өзінің қалыпты қызметінде аналитикалық-
синтетикалық қызметтерінің дамуына ықпал ететінін атап көрсетеді, бұл өз 
кезегінде 
когнитивті метапәндік біліктердің компоненті
болып табылады 
[134]. 
Үш-төрт жылдағы ақыл-ой дамуының барысы айқын болады. Егер бұған 
дейін көрнекі-әрекеті және қарапайым бейнелі ойлау басым болса, ал 
логикалық пайымдаудың қоры жеткілікті жұтаң болса, онда мектепте оқыту 
кезеңінде бастауыш сынып оқушысы өзінің дамуында озық болады және 
сөздік-логикалық ойлау арқылы нақты ұғымдар деңгейінде әрекет етеді.
Л.С. Выготскийдің терминологиясына сілтеме жасай отырып, аталған жас 
кезеңінің басында операциялыққа дейінгі ойлаудың басымдылығымен және 
соңында ұғымдар негізінде операциялық ойлаудың басымдылығымен 
байланысты болатынын атауға болады [135]. 
Осыған байланысты Л.Ф. Обухованың еңбектеріне сүйене отырып, 
бастауыш сынып оқушыларының когнитивті метапәндік біліктерін дамытуда 
екі негізгі сатыны бөлуге болады. Бірінші сатыда (оқытудың 1-ші және 2-ші 
сыныптарына сәйкес келеді)
бастауыш сынып оқушыларысының ойлауы әлі де 
мектепке дейінгі жастағы баланың ойлауына көп жағдайда ұқсас болады. Оқу 
материалын қабылдау негізінен көрнекі-әрекеттің және көрнекі-бейнелі тәсіл 
арқылы жүреді. Аталған сатыда балалардың заттар мен құбылыстар туралы 
тұжырымдары олардың жекеленген сыртқы белгілерін талдаудан біржақты 
және үстірт құрылады. Көрнекілік ой қорытындысының алғышарттары болып 
табылады. Тұжырымдар логикалық операциялар негізінде емес, пайымдау мен 
қабылдаудың тікелей арақатынасы негізінде жасалады. Аталған сатыда 
жалпылау және ұғымдар заттардың сыртқы сипаттамаларына тікелей 
байланысты болады. Тек кеңістікте болатын қасиетттер тіркеледі. Жалпылау 
ретінде бала өз бетімен алынған білімге сәйкес мысалды келтіре алады [136]. 
Балалар ұғымдардың жекеленген белгілері арасындағы тектік-түрлік 
арақатынастарды тек 3-сыныпқа қарай меңгереді. Яғни, іс-әрекеттің
аналитикалық-синтетикалық типіне сәйкес келетін жіктеуді жүргізу білігі
қалыптасады. Бір мезгілде формальды-логикалық ойлау қалыптаса бастайды. 
Мұндай ойлау негізінде бала ақпаратты өңдеудің 
метапәндік біліктерінің 
компоненті 
болып табылатын 
модельдеу әрекетін меңгереді.
М.В.Аверина [137], Л.Ф.Обухова [138], Дж.Варгас [139] және т.б. 
зерттеулеріне сүйене отырып, когнитивті метапәндік біліктердің элементі 
болып табылатын талдау әрекетін дамыту практикалық-әрекеттік түрден 
сезімдік түрге қарай, содан кейін ғана ақыл-ой әрекетіне ауысатынын сенімді 
түрде айтуға болады (1-сыныптан 3-сыныпқа өтуге сәйкес келеді). Бұдан басқа, 
алдымен ішінара талдау біртіндеп кешенді және жүйелі талдауға айналады. 
Синтез операциялары қарапайымнан, жиынтықтан неғұрлым қамтылатын және 


43 
күрделіге дейін дамиды. Сондықтан бастауыш сынып оқушылары үшін талдау 
әрекеті аса жеңіл үдеріс болып табылады және синтезге қарағанда тез дамиды. 
Алайда, бұл екі үдерістің өзара байланысты болатынын атап өткен жөн (
талдау 
неғұрлым терең болса, синтез соғұрлым толық болады
). С


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет