Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет21/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ
Lecture theses
алыстыру 
сияқты 
маңызды элемент сыртқы белгілерге бағдарланған жүйелі емес түрінен, 
жоспарлы, жүйелі түріне қарай дамиды. Аталған жас кезеңінің ерекшелігі
ретінде балалардың таныс, белгілі заттарды салыстыруда ұқсастықтарды оңай 
байқайтыны, ал жаңа заттарды салыстыруда айырмашылықтарды байқайтыны
алынады. 
Метапәндік пәндерден алысқа кетпеуі қажет болғандықтан, метапәндік 
біліктерді компоненті ретінде ғылыми ұғымдар туралы түсініктер алынады.
Пәндік ұғымдарға
заттардың жалпы және маңызды белгілері мен қасиеттерін – 
құстарды, жануарларды, жемістерді
және т.б. жатқызуға болады; 
метапәндік 
ұғымдарға
– қатынас ұғымдарын 
(объективті заттар мен құбылыстардың 
байланысы мен қатынастарын көрсететін білімдер – шама, эволюция және 
т. б.
) жатқызуға болады. 
Жеті жасқа дейін, жас психологиясы мәселелерімен айналысатын 
психологтердің зерттеулеріне сәйкес (А.В.Аверина [140], Л.Ф.Обухова [139], 
В.В.Давыдов [65,б. 22-32] және т.б.) балаларда мектепке дейін репродуктивті 
бейнелер – заттар туралы ұғымдар байқалады, бұл бейнелер көп жағдайда 
статикалық болып саналады. Мысалы, олар тік және көлденең арасындағы 
құлап бара жатқан таяқшаның аралық орнын көрсетуде қиындықтарға кезігеді. 
7-8 жас аралығында өнімді бейнелер-ұғымдар қалыптаса бастайды. 
Білімді меңгеру үдерісінде оқушы ұғымдарды құрастыру үдерісімен 
танысады. Осылайша, ұқсас белгілері бойынша емес (олардың жалпылық 
шамасы болса да), жалпылауды құрудың метапәндік біліктерін абстракциялау 
негізінде қалыптастыру жүреді. Басқаша айтқанда, оқушы ұғымдарды меңгеріп, 
ондағы алғашқы мағынаны да меңгереді. Пайымдаулар кешені пайда болады, 
нәтижесінде аталған кешен ұғымнан ұғымға, өзіндік пайымдауға өтіп, яғни 
теориялық тұрғыда талқылауға өтіп, кеңейтілу мүмкіндігіне ие болады. 
Балаларда жалпы ұғымдарды құрудың қиындықтары көрнекті психолог 
Л.С. Выготскийдің еңбегінде толыққанды сипатталған, онда автор дамудың 
белгілі 
сатысында 
ұғымдар 
арасындағы 
ортақтықтың, 
осындай 
қатынастарының бала үшін мүлдем қолжетімді болмайтыны туралы тұжырым 
жасайды. «Бұрын құрылған ұғымдардың жанында тұрған алғашқы жоғары 
ұғымның пайда болуы, «жиһаз» немесе «киім» түріндегі бірінші сөздің пайда 
болуы, алғашқы саналы ұғынылған сөздің пайда болуынан гөрі, балалар 
сөйлеуінің мағыналық жағын дамытудағы прогрестің маңызды белгісі» [135,б. 
362]. 
Психологтер кіші мектеп жасын метапәндік байланыстарды орнатудағы 
ерекше қиындықтармен байланыстырады. 
Балаға салдардан себепке қарай 
байланысты қадағалаудан гөрі, себептерден салдарға қарай қадағалау оңай.
Мұндай ерекшелік себептен салдарға қарай ой қорытындысын жасауда тікелей 
байланыстың орнатылатынымен түсіндіріледі. Ал фактіден себепке қарай ой 


44 
қорытындысын жасауда, тікелей байланыс қадағаланбайды: көрсетілген факт 
жеке талдау қажет болатын әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. 
Мысалы, балаға «
Бұл ағаш неге қурап қалған?
» дегеннен гөрі, «
Егер өсімдікке 
су құймаса, не болады?
» дегенді түсіну оңай. 
В.В.Давыдовтың зерттеулері бастауыш сыныптарда когнитивті метапәндік 
біліктер топтарының құрамдасы болып табылатын теориялық ойлаудың 
элементтерінің қалыптасу мүмкіндігін дәлелдейді. Кіші мектеп жасында 
теориялық ойлаудың меңгерілген тәсілдері ретінде біліктерді қалыптастыру 
эмпирикалық негізде жүреді. Теориялық ойлауға келесі қасиеттердің 
жиынтығы тән болады: рефлексия; тапсырманың мазмұнын оны шешудің 
жалпы тәсілін, әрекеттің ішкі жоспарын бөліп көрсете отырып талдау. 
Эмпирикалық ойлау қоршаған әлемнің заттары мен құбылыстарының сыртқы 
ұқсас, жалпы белгілерін «Сынақтар мен қателер» әдісімен салыстыру арқылы 
жүзеге асырылады [19,б. 22-32]. 
Бұрын атап өтілгендей, бастауыш сынып оқушылары оқыту үдерісінде 
ғылыми ұғымдар жүйесін меңгереді, мұны оқушыларда ұғымдық немесе 
теориялық ойлаудың негізгі тәсілдерінің дамуы көрсетеді. Оқушыларға 
объектілердің сыртқы, көрнекі белгілері мен байланыстарына емес, ішкі 
маңызды қасиеттері мен қатынастарына бағдарлана отырып, тапсырманы 
шешуге мүмкіндік беретін біліктер қалыптасады. 
Дж.Варгас кіші мектеп жасында еріктілік және қиялдың дамуы жүретінін 
атап көрсетеді, бұл өз кезегінде басқа жаңа құрылымдардың қалыптасуына 
немесе құрылуына ықпал етеді. Балалар объектінің мазмұнды талдауын 
меңгереді, тапсырманың маңызды қатынастарын анықтауға қабілетті болады, 
рефлексиялауға қабілетті – оқушының әрекет тәсіліне қаратылу қабілеті, 
жоспарлау операциясын меңгереді, мақсаттар қояды, әрекеттерді құрады, 
нәтижені болжайды, оңтайлы шешімді іздеуді және таңдауды жүзеге асырады. 
Барлық аталған жаңа құрылымдар балалардың жағдай контексінің тұтастығын 
көру қабілетіне және жоғары ситуативті позицияны сақтау қабілетіне 
негізделеді [138]. 
Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауы мүмкін қателерді табу 
қабілетінде көрінеді; таным объектісіндегі жағымды және жағымсыз жақтарды 
көру, содан кейін фактілерге негізделген пайымдаудан субъективті алынған 
бағалаушы пайымдауды ажырату және анықталған қателерді дәлелдеу білігінде 
көрінеді. Осылайша, В.В.Давыдовтың [19,б. 22-32], Л.С.Выготскийдің [113], 
Л.Ф.Обухованың [136] және басқалардың еңбектеріндегі балалар ойлауының, 
жас даму психологиясының психологиялық-педагогикалық зерттеулерін 
талдау, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет