Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет29/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ
Lecture theses
Метапәндік тұғыр
.
Оқу материалының мазмұны әлемнің біртұтас 
бейнесін қалыптастыруға және адамның ондағы алатын орны мен рөлін 
түсінуіне
ықпал етуі қажет.
Метапәндік тұғыр баланың жалпы-мәдени, 
тұлғалық және танымдық дамуының тұтастығын қамтамасыз етеді және іс-
әрекеттің арнайы-пәндік мазмұнына қатысты емес, оқушының кез келген іс-
әрекетін ұйымдастырудың және реттеудің негізіне алынады.
Сондай-ақ, бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуда 
әдіснамалық ұстанымдарды
басшылыққа алынуы қажет. Олардың 
бірқатарына тоқталып кеткенді жөн көрдік. 
Зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негізі ретінде ұсынылып отырған 
модельде 
ізгіліктілік, диалогтік

кешенділік, теория мен практиканың 
бірлігі
ұстанымдары таңдалды. Олар зерттеудің кешенділігін қамтамасыз етіп, 
ғылыми танымды ұйымдастыруды жүзеге асырады. 
Педагогикада, психологияда т.б. ғылымдарда кездесетін «ұстаным» сөзі – 
латынша әр нәрсенің бастамасын, білгілі бір құбылыстың негізі – дегенді 
білдіреді. Педагогикада ұстаным – негізгі ереже, қағида деп көрсетілген. 
Ұстаным, белгілі бір құбылыстарға байланысты жалпылама сипатқа ие. 
Ұстаным – белгілі бір заңдылықты негізге алатын, практикалық іс-әрекеттің 
шарттарын, одан келіп шығатын қорытындыны байқастыруда негізге алатын 
ережелер жиынтығы.
Жалпы 
зерттеулер 
барысында 
гуманитарлық 
ғылым 
ретінде 
педагогиканың әдіснамалық ұстанымдарына сүйену керек. Бұл ұстанымдар, 
біріншіден
– оның нақты проблемалары мен оны шешудің негізгі 
стратегияларын анықтауды, 
екіншіден
– білім беру жүйесіндегі барлық 
түйткілдердің бағасы мен оның иерархиясын айқындауды, 
үшіншіден
– аталған 
болжаудың толық нұсқасын іске асыруға қол жеткізеді.Ұсынылып отырған 
модельдегі әдіснамалық ұстанымдарды қысқаша сипаттап өтуді жөн санадық.
Ізгіліктілік
қоғамдық сананың және қоғамдық қарым-қатынастардың 
ерекше түрі, адамның қоғамдағы әрекетін нормалар көмегімен реттеу 
жолдарының негізгісі; мейірімділік, әділеттік, көрегенділік, ықыластық, 
көмекке келуге даярлық сияқты гуманистік құндылықтарға негізделген адамнаң 
ішкі құқықтарының жүйесі. «Гумандылық», «гуманизм» ұғымдары латынның 
«адамдық» деген сөзінен аударылғанда, «адамға деген құрмет» деген мағынаны 
білдіреді. Ізгіліктілік немесе гуманизм қағидасы мынадай ережелерді сақтауды 
қажет етедi: 
– қоғамдағы барлық балалардың дене, материалдық және әлеуметтік 
жағдайына карамай, оларға деген дұрыс қарым-қатынас пен құрмет болуға тиіс; 


57 
– әрбір баланың бойындағы «мен» ұғымының қалыптасуы мен дамуына 
көмектесу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау
– мейірімділік пен қайырымдылықты гуманизмнің алғашқы басқышы 
ретінде түсіну. 
Тәрбиені ізгілендіру идеясы Я.А. Коменскийдің еңбектерінде бастау алып, 
ол барлық елдер педагогтері тарапынан насихатталып келеді. 
Ізгіліктілік ұстанымы А.Маслоу бастаған гуманистік психологияда 
қарастырылатын: экзистенциалды-тұрмыстық құндылықтар – игілік, әдемілік, 
әділеттілік, шындық, өзіндік жеткіліктілік, әлемге, қоршаған ортаға 
құндылықты дарыта білуге негізделеді. Оқушылардың рефлексиясын дамытуда 
мұғалім тарапынан оқушыларға көрсетілетін ізгіліктілік пен оқушылардың 
өзара бір-біріне білдіретін сыйластығының орны зор, мәні ерекше. Тек сондай 
қарым-қатынас қана білім алу ортасын дамушы ортаға айналдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет