95
міндеттеріне сәйкес сөйлеу сөздерін саналы түрде құру және ауызша және
жазбаша түрде мәтіндер құрастыру;
– салыстыру, талдау, синтездеу, жалпылау, белгілер бойынша жіктеу,
аналогиялар мен себеп-салдарлық қатынастарды құру, пайымдауды құру,
белгілі ұғымдарға жатқызу логикалық әрекеттерін игеру;
– әңгімелесушіні тыңдауға және диалог жүргізуге дайын болу; әр түрлі
көзқарастар мен әркімнің өз құқығына ие болу мүмкіндігін мойындауға дайын
болу; өз пікірін білдіру және өз көзқарасын дәлелдеу және оқиғаларды бағалау;
– ортақ мақсат пен оған жету жолдарын анықтау; бірлескен қызметте
функциялар мен рөлдерді бөлу туралы келісе білу; бірлескен қызметте өзара
бақылауды жүзеге асыру, өзінің және басқалардың мінез-құлқын барабар
бағалау;
– нақты оқу пәнінің мазмұнына сәйкес объектілердің, шындық
үдерістері мен құбылыстарының (табиғи, әлеуметтік, мәдени, техникалық және
т. б.) мәні мен ерекшеліктері туралы бастапқы ақпаратты игеру;
– объектілер мен үдерістер арасындағы маңызды байланыстар мен
қатынастарды көрсететін негізгі пәндік және пәнаралық түсініктерді игеру;
– нақты оқу пәнінің мазмұнына сәйкес бастауыш жалпы білім берудің
материалдық және ақпараттық ортасында (оның ішінде оқу модельдерімен)
жұмыс істей білу.
Бүгінгі күні әлем елдерінің арасында Ресей Федерациясының білім беру
мазмұнының негізіне метапәндік тұрғыда оқыту алынып, ол он екінші жыл
тәжірибеде жүзеге асырылып келеді. Келесі Қытай Республикасының білім
беру бағдарламасындағы кіріктіріп оқыту тәжірибесіне тоқталамыз.
Достарыңызбен бөлісу: