93
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытудың тиімді
болып, сапалы нәтижеге қол жеткізуі оқу үдерісінің өтіп жатқан шарттарымен
тығыз байланысты. Ол шарттар педагогикалық шарттар деп аталатыны белгілі.
Нақты айтар болсақ, педагогикалық шарттар педагогикалық үдеріс өтіп жатқан
ортаны, жағдай-жағдаятты білдіреді. Сол ортамен үйлескен
жағдайда
педагогикалық үдеріс пайда болады, қалыптасады, дамиды, өмір сүреді.
Ерекше бір атап кететін қыры – педагогикалық үдеріске ықпал ете отырып,
даму барысында педагогикалық шарттардың өздері де өзгерістерге ұшырап
отырады. Cондықтан да бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан
оқыту үдерісін және сол арқылы оқу үдерісінің тиімділігі мен сапасын
жоғарылату жолдарын зерттеуде осыған байланысты педагогикалық шарттарды
қарастырудың орны ерекше. Бастауыш мектепте оқыту барысында
оқушылардың тек пәндік білім
мазмұнын меңгерумен ғана емес, әсіресе,
олардың жеке тұлғалық өсуі жағынан алдыңғы орынға шыға алуы, оқу
әрекетінің әмбебап амал-тәсілдерін игеруі, сол арқылы мектепте оқудың барлық
кезеңінде табыстылықты қамтамасыз ете алуы маңызды болып табылады. Бұл
туралы көптеген ғалымдардың пікірі жоғары тарауда айтылған болатын. Қазіргі
кезеңдегі бастауыш мектепте метапәндік білім беруді ұйымдастыру мәселесі
тұрғысынан қарастыратын болсақ, бастауыш мектеп мұғалімдеріне білім
берудегі метапәндік білім беру туралы түсінік
қалыптастыру және
технологиялық жүйе ретінде қамтамасыз ету жағынан қиындықтар бар екені
анықталды. Осымен де байланысты, бастауыш білім беру пәндерін метапәндік
тұрғыдан оқытуды мүмкін ететін кешенді түрдегі ұйымдастырушылық-
әдістемелік шарттар анықталды. Ол шарттардың анықталуы және метапәндік
білім беру үдерісінде белгіленуі қазіргі бастауыш сынып мұғалімдерімен бірге
болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындау үдерісінің бір компоненті
ретінде енгізуін қажет етеді.
Осылайша, бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуды
ұйымдастырудың педагогикалық шарттары келесідей 16-суретте ұсынылған.
Сурет 16 –
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік
тұрғыдан оқытуды
ұйымдастырудың педагогикалық шарттары
Әлемдік тәжірибені зерделеу және
басшылыққа алу
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік
тұрғыда оқытуды ұйымдастыруда пәндерді
кіріктірудің ұстанымдарын жүйеге түсіру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік
тұрғыда оқытуға даярлау
94
1-шарт.
Әлемдік тәжірибені зерделеу арқылы метапәндік білім беру
бойынша қол жеткен нәтижелерге шолу жасаудың қажеттілігі метапәндік
оқыту
жүйесінің осы кезге дейінгі қарастырылуын әзірлеу ғана емес, сонымен қатар,
қаншалықты тиімді болғанын да анықтау болып табылады.
Бүгінгі күні әлемнің Ресей, Қытай, Сингапур, Канада секілді озық
елдерінде кіріктіріп оқыту қалай жүзеге асырылуда? Осы сұраққа жауап іздеу
мақсатында осы елдердің тәжірибесіне шолу жасауды жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: