4
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге
сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Мета іс-әрекет
– «пәннен жоғары» болып саналатын әмбебап іс-әрекет.
Метабілім –
білім туралы, оның құрылымының қандай болатындығы және
құрылымданғаны туралы білім;
білімді меңгеру туралы білім, яғни танымның
амалдары мен әдістері (когнитивті біліктер)
және олармен жұмыс істеу
мүмкіндіктері туралы білім (философия, әдіснама, көпсалалы ғылым).
Метатәсіл
– олардың көмегімен адамның міндеттерді шешудің жаңа
тәсілдерін ашатын, міндеттерді шешудің мазмұнды тәсілдерін табуға мүмкіндік
беретін стереотиптік емес жоспарлар мен бағдарламаларды құратын әдістер.
Метабілік
–
меңгерілген метатәсілдер, жалпы-оқу, пәнаралық (пәннен
тыс) танымдық біліктер мен дағдылар.
Метапән
– бұл дәстүрлі оқу пәндерінен тыс
құрылатын жаңа білім беру
формасы.
Метапәндік тәсілдеме
оқу материалын біріктірудің
ойлау әрекетіне
негізделген және дәстүрлі мектеп пәндерінің үстіне құрылған білім беру
формасы.
Пәнаралық байланыс
– жеке пәндерге тән ортақ қасиеттерді білу, саналы
меңгеру – оқушылардың білім танымының
жоғары дәрежелігін көрсетеді,
дүниетанымдық көзқарасының орнықты қалыптасу үдерісін танытады.
Интеграция
– бұл екі ғылым элементтерінің жай қосылуы емес, ол табиғат
заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретіндей дәрежеде олардың
жаңаша жүйеленген ішкі бірлігі педагогикалық техника – мұғалім іс-әрекетінің
ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәсілдер
жиынтығы
Достарыңызбен бөлісу: