18
бағытының – Г.П.Щедровицкийдің жүйелі-ойлау тұғыры идеясына сүйенетін
ойлау-әрекеттік педагогиканың компоненті ретінде метапәндік оқытудың
тұжырымдамалық негіздерін негіздеумен байланысты енгізілген болатын.
Біздің ойымызша, Ю.В. Громыко ұсынған білім берудің жаңа бағытының
болашағы әлі де кең арналы болады. Өйткені, метапәндік тұрғыдан оқытудың
ұстанатын идеясы кең арналы болып табылады.
«Метапедагогика» ұғымының мазмұны педагогиканың пәндік саласынан
тыс және әдіснама, философия, дүниетаным мәселелеріне
қатысты теориялық
мәселелерді қамтиды.
Ю.В.Громыко өз зерттеулерінде «метапән» ұғымына төмендегідей
анықтама береді.
«
Метапә
н» – дәстүрлі циклдегі оқыту пәндерінен өзгеше пән. Ол
пәнішілік
және пәнүстілік
идеясын біріктіреді. Метапәнділік пән аясынан шығу, бірақ
олардан кетіп қалу дегенді білдірмейді. Метапән
пәннің немесе бірнеше
пәннің «арқасында» тұрады, ол олардың негізінде,
олармен тамырлас
байланыста болады. Метапәндік пәндіктен бөлек шыға алмайды [51,б. 159],
дейді Ю.В.Громыко. Ғалымның басшылығымен өткен ғасырдың соңында
мектепте метапәндердің оқытылуын көздеуші оқыту технологиясы әзірленді.
Ғалым «Метапән оқу материалының ой-әрекеттік типте кіріктірілуіне
негізделеді және дәстүрлі мектеп пәндерінің үстінде тұратын білім беру
формасы» деп тұжырымдайды. Ол «Білім», «Белгі», «Проблема», «Тапсырма»
секілді метапәндерді атап өтеді.
Осы ретте мектептегі білім беру үдерісі қарқындап дамып жатқандықтан,
осындай жаңалықтардың өз орнымен болып жатқандығын атап кеткіміз келеді.
Ғалым А.В.Хуторской бойынша «метапән»
білім беру жүйесінің және
кез келген оқыту түрінің бөлінбейтін бір өлшегі. Бүгінгі метапәнділік
эвристикалық оқытудың қажетті шарты «Білім мұғалім арқылы берілмейді,
оқушының оқу әрекетінде туындайды» деген тұжырымға келеді [50,б. 73]. Біз
де А.В. Хуторскойдың ізімен, білімнің оқушының
белсенді әрекеті негізінде
қалыптасады деген идеяны басшылыққа аламыз.
О.М.Корчажкин метапәнділікті дәстүрлі оқу пәндеріне негізделетін білім
беру формасы ретінде қарастырады. Негізінде оқу материалын кіріктірудің ой
әрекеттік типін қолданады [76].
Біздіңше, О.М. Корчажкиннің пікіріне терең үңілетін болсақ,
метапәнділікті дәстүрлі пәндерге негіздей оқытудың әлі де болса қарастырылуы
тиіс әлеуетті қырлары анықталуы керек.
А.А.Кузнецова өзінің зерттеулерінде: «Білім беру әрекетінің метапәндік
нәтижелері
бір немесе бірнеше пәндер аясында игерілген білімді шынайы
өмірлік жағдайда проблемаларды шешуде және білім беру үдерісінде
қолданылатын әрекет тәсілдері»
[71,б. 1534],
дейді.
Негізінде, А.А. Кузнецованың метапәндік нәтижелер туралы пікірі өте
дұрыс. Өйткені, метапәндік білім шынайы
өмірдегі мәселелерді шешуде
қолданылатын құрал болуы керек.