45
– оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері;
– жаңа білімді меңгерту барысында оқушылардың ойлауы мен қабылдауын
ұйымдастыру ерекшеліктері;
– оқушылардың жас ерекшеліктері мен ұйымдаса білу ерекшеліктері [140].
Ол талаптар орындалуы арқылы метапәндік тұрғыдан оқыту үдерісі
оқушының білім алу мотивациясына, білімді қабылдауына, оқушының
интеллектуалдық эмоциясына, оқу-танымдық қабілетіне, ойлауына,
зейініне
қандай дәрежеде игі ықпалын тигізе алғаны анықталады. Осы ойымызды
4-кестеде көрсетуге тырыстық.
Кесте 4 – Метапәндік тұрғыда оқытудың психологиялық үдерісі
Оқушының
психологиялық
сапалары
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың баланың
психологиялық әсер етуінің көрсеткіштері
1
2
мотивіне
Метапәндік тұрғыдан оқытуда оқушыда жаңа білім алуға және жаңа
дағдыларды үйренге деген оң мотивациясы қалыптастырылады. Білім алу
барысында кездескен қиындықтарды жеңу жолын іздеу, оған үйрену
және оны әрдайым қолдану арқылы жаңа әрекеттерді үйренуге деген
құлшынысы оянады. Оқушы өзінің қолынан келетін позитивті
дағдыларды білген соң, қоғамның жақсы
азаматы ретінде сезінуі
басталып, қоғамдағы моралды-этикалық нормаларды үйрену, сақтау және
біртіндеп басқалардан да талап ету дағдыларын қалыптастырады.
Метапәндік сабақтардың ерекшелігі арқасында оқушы әрбір сабақ –
өмірдің сырын жан-жақты танытатын мәні мен бағасы зор уақыт екенін
түсінеді. Сол арқылы білімді мол әрі терең етіп алу қызығушылығы
мотиві дамытылады.
қабылдауына
Метапәндік тұрғыдан оқыту үдерісінде бастауыш мектеп оқушысының
қабылдауы тиімді және жайлы нәтижелерге алып келуі маңызды болып
табылады. Ол үшін арнайы әзірленген оқу бағдарламасында белгіленген
білім мазмұнын мұғалім мұқият әрі тиянақты түрде оқушылардың
қабылдауына лайықтап әзірлейді. Сол білім мазмұны оқушылардың
метапәндік білім мазмұнының базасын құрайтын болады. Мұғалім
оқушылардың жас және тұлғалық ерекшеліктеріне
сәйкес бірқатар
жұмыстар жүргізіп, қабылдау ерекшеліктері түрлерін анықтап алады.
Соларға сәйкес оқу материалын бейімдеп ұсыну жұмыстары жасалынады.
Оқушылардың ішінде визуалдар, аудиалдар, кинестетиктер болатыны
белгілі. Әрине осының үшеуі де бірдей дамыған оқушылар бары да анық.
Солардың әрқайсысына лайықталған тапсырма түрлері беріледі.
эмоциясына
Метапәндік тұрғыдан оқытуда оқушыда өзіне және қоршаған ортаға
тұлғалық,
эмоциялық
қарым-қатынас
орнату
дағдылары
қалыптастырылады.Өзін
және
қоршаған
ортасын
эмоциялық,
интеллектуалдық
эмоциялық
тұрғыдан
қарау
қызығушылығын
қалыптастырылады.Эмоциялар мен сезімдер – адамның жүйке жүйесінің
аса қуатты стимуляторлары. Олар адам ағзасының психикалық және
физикалық резервтерін қуатты қозғалысқа келтіре де алады, тіпті өшіріп
те тастай алады. Оқушыны да эмоцияның жағымды не жағымсыз
46
4 - кестенің жалғасы
1
2
түрлеріне бірыңғай бағыттау мүмкін еместігі белгілі.
Сондықтан
метапәндік оқытуда тек жағымды эмоциямен оқытуды ғана емес, кейбір
жағымсыз эмоциялармен күресу қабілеттерін қадлыптастыру да аса
маңызды болып табылады. Оқушы диалог не монолог құруда, өз ойын
дұрыс және орнымен, эмоциялық шектеулер қою керек тұсты реттеп
отыруға дағдыланады. Мұғаліммен,
басқа оқушылармен, жалпы барлық
адамдармен қарым-қатынас жасауда сыйластық танытып, эмпатиялығын
танытады.
қабілетіне
Оқушы өзі оқу мақсаттарын қоя алатын және ол мақсаттарды оқу
әрекетінде қолдана алатын болады. Өзінің алдына қойға мақсатынан
ауытқымауға және табандылық танытуға қалыптасады. Оқу әрекетін
жоспарлай алу қабілеті дамытылады және сол жоспарды басшылыққа
алып отыруға дағдыланады
.
Метапәндік оқыту үдерісін бақылауға оқушы
өзі де қатысып, өзінің оқу әрекетінің нәтижесін
бірге анықтай алатын
болады. Оқу міндетінің объективті қиындық дәрежесін және объективті
күрделілігін айырып тани алатын болады. Метапәндік тұрғыдан оқу
бағдарламасы бойынша көзделген педагогикалық міндеттер шешілуі
арқасында қажетті қабілеттер қалыптастырылып, дамытылады.
ойлауына
Метапәндік тұрғыдан оқыту үдерісі оқушының ойлауын дамытуда нақты
оқу әрекеттерін орындатуға сүйенеді. Логикалық әрекеттер мен
логикалық операциялардың түрлерін біледі және оқу тапсырмасын
орындауда орнымен қолданады. Сол оқу-танымдық әрекеттер негізінде
оқушының жинақтау (синтездеу) қабілеті дамытылады, салыстыра алады,
жіктей алады және ұғымдарды, заттарды жіктеуде басшылыққа нені алып
отырғанын негіздей алады және критерийлерін атай алады.
Сонымен
бірге оқушы өз бетімен құбылыстың, нәрсенің себеп-салдарлық
байланысын табады; өзінің көзқарасын дәлелдеуге үйренеді; болжамдар
айтып, оны негіздей алады. Алдына қойылған оқу міндетін шешудің
нәтижелі жолдарын нақты шарттарға сүйене отырып, ойлап табады. Оқу
проблемасы қойылса, оның жетпей тұрған кесіндісін анықтап, таба
алады.
зейініне
Ұсынылатын метапәндік тұрғыдан оқыту бағдарламасы оқушылардың
өздері
танып-меңгеріп
отырған
құбылыстарға
деген
зейінін
шоғырландыруға толыққанды жауап бере алады. Нәтижесінде оқушы оқу
материалын зейін қойып тыңдай алады, ести алады.
Мұғалімді, басқа
оқушыларды зейін қойып түсінуге тырысады. Оқушылармен бірігіп оқу
тапсырмасын орындау барысында жоспарлай алады және үйлесімді түрде
бірігіп жұмыс жасауға бар ықылас-зейінін қояды.
Жас ерекшелік психологиясы саласындағы зерттеулерді қорытындылай
келе, белгілі психологиялық-педагогикалық шарттардың болуы жағдайында,
кіші мектеп жасының метапәндік біліктерді қалыптастыру үшін сенситивті
кезең болып табылатынын сенімді түрде айтуға болады. Келесі тармақшада
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың құрылымдық-
мазмұндық моделі ұсынылады.