Какибаланова Маржан Бокебаевна Мұғалім портфолиосы В1 есебі
№2 топ ІІІ деңгей
Өскемен қаласы 17.04.15
Оқушыларды тәрбиелеу , дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді. (Barber and Mourshad ,2007 ) (МАН 6 бет) . Менің ойымша , мұғалім оқушымен бірге әр сабақта "СМАРТ" мақсатты бірге қойып жоспарласа , оқушылар өз табыс критерийлерін анықтай алады.
Осы орта мерзімді жоспар құруда сабақтарымда деңгейлік бағдарлама идеясын ықпалдастыра отырып жүзеге асыруды жоспарладым. Ондағы мақсатым: Ұлыбританияға кіретін мемлекеттер туралы ақпаратты талқылауда ауыз-екі сөйлеуге үйрету.
Тақырыптарды меңгерту үшін оқыту мен оқудағы әр түрлі әдіс-тәсілдерді жоспарладым. Диалогтік және сыни тұрғыдан ойлау модулдері негізінде жекелеме және жұптық жұмыстар: Инсерт , Венн диаграммасы, Жиксо , БББ кестесі , волейбол , аквариум әдістерін сабақта қолдануды жоспарладым. Осы әдіс –тәсілдерді қолданғанда сыныптағы ынтымақтастық атмосфераны құруды , өздігінен оқуға және түсіне отырып әңгімелей алуға жетелеймін .
АКТ енгізген кезде , теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді (МАН 62 бет) . Осы орайда ақпараттық технологияны тиімді қолдана отырып оқушылардың ойлау , тыңдау , қолдану және визуалды көру қабілеттерін арттырамын. Сонымен қатар жеке қабілеттеріне байланысты екі тілде "эссе" жазу арқылы дарындылықты анықтаймын. Өрмекші торы , Т кестесі , ассоциация әдістерін қолдану кезінде оқушылардың белсенді әрекеттерін көруге болады.
Осы әдіс- тәсілдерді сабақтарымда пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар бағалаудың бірнеше түрі критериалды бағалау, смайлик арқылы, шапалақтау, «бас бармақ» әдісі, өзара бағалау, топ басшыларының бағасы, «екі жұлдыз, бір тілек» бағалаулары арқылы белсенділік байқалады .
Осы әдіс-тәсілдерді белгілей отырып келесі нәтижелерге жетемін : Ұлыбританияны өз елі Қазақстанмен салыстыра оқып үйрену арқылы ағылшын тілінде ауыз-екі сөйлеу дағдылары дамиды , білімді өздігінен меңгереді және ұсынылған материалдарды сараптай алады.
|
Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары
|
2. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
4. Оқып-үйренудің нәтижесі
|
5. Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау
|
6. Барлығын қосқанда
|
7. Негізгі дерек көздер
|
1
|
Geography of Great Britain
Мақсаты:
Ұлыбританияның географиясымен танысу
Present Perfect шағы жасалу жолдарын жаттығуларда қолдану.
|
Тақырыпты ашу: "INSERT"
Жұптық талқылау : «Мен-саған , сен-маған»ойыны сұрақ-жауап әдісі, Біілімді жинақтау: деңгейлік тапсырмалар ұсыну.
Қорытынды: Кластер жасау.
Кері байланыс «Сэнгвич»
|
-Географиялық орналасуын, қай елдермен шектесетінін, жер көлемін, көрнекті жерлерін біледі.
- Present Perfect шағы қандай жағдайда қолданылатынын, жасалу жолдарын біледі, қолданып өз өмірінен мысал келтіре біледі.
|
Екі жұлдыз , бір тілек, сэнгвич бағалауы
|
С Грамматикалық карточкамен жұмыс,
В географиялық картамен жұмыс,
А Present Perfect " қолдана отырып "Ұлыбританияға саяхат" тақырыбында әңгіме құрастыру
|
Күнтізбелік тақырыптық жоспар , оқулық Аяпова 8 сынып 2000ж
Интернет ресурс
|
2
|
Countries of the UK
Біріккен Корольдік құрамына енетін елдер туралы мәлімет алады.
Present Perfect пен Present Perfect Continuous шақтарын жаттығуларда ажыратып қолдануға үйрену.
|
Тақырыпты ашу: "Оқы, кестені толтыр" , "Өрмекші торы"
топтық жұмыс, Білімді жинақтау: Т кестесі : True or False. Қорытынды:
(постер жасау) «Біріккен Корольдік Құрамы".
Кері байланыс «блоб» ағашы
|
Ұлыбритания құрамына кіретін елдерді біледі;
мәтінге байланысты сұрақтар қойып, жауап бере алады;
Present Perfect Continuous шағын сөйлемде талдай біледі.
|
Мадақтау,
Екі жұлдыз, бір тілек, бағдаршам бағалауы,
Өзіндік бағалау "блоб" ағашы ,
|
С. Біріккен Корольдіктің құрамына кіретін елдердің символдарын бейнелеу,
В. Суретке қарап Present Perfect Continuous шағында сөйлемдер құрайды,
А. Мәтінді оқи отырып өзара түсіндіреді.
|
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, оқулық Аяпова 8 сынып 2000ж
Интернет ресурс
|
3
|
London
Мақсаты: Англияның астанасы Лондонға саяхат жасай отырып , оның көрнекі жерлерімен танысады.
|
Тақырыпты ашу: "ассоциация" топтық жұмыс Лондон.
Білімді жинақтау: "Венн диаграммасы",
Қорытынды бөлім: жеке жұмыс "эссе" жазу.
Кері байланыс: спикер бағалауы
|
Лондонның көрнекі жерлерімен танысады, өз еліміз Астанамен салыстырады. Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді.
|
Екі жұлдыз бір тілек, бағдаршам , спикер бағалауы.
|
C. Жаңа сөздіктерді мәтіннен тауып жаттайды.
В. Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды
А. Лондон тақырыбына презентация жасайды.
|
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, оқулық Аяпова 8 сынып 2000ж
Интернет ресурс
|
4
|
Revision
Қазақстан мен Ұлыбритания туралы алған білімдерін жүйелейді , қорытындылайды.
|
Өткен тақырыпқа шолу: "аквариум" әдісі , жұптық жұмыс,
Тақырыпты ашу: "Жигсо" әдісі,
Қорытынды бөлім: "өрмекші торы" топтық жұмыс
Кері байланыс: "смайлик"
|
THE LIVING WORLD тарауындағы алған білімдерін нақтылайды , өз ойларын еркін жеткізе алады. Өзара сұхбаттаса алады. Топтық жұмысқа үйренеді. Сыни ойлай біледі. Сабақ барысында алған мағлұматтарды өмірде пайдалануға дайын болады.
|
Смайлик арқылы бағалау, спикер бағалауы
|
Аквариум әдісі арқылы осы шаққа шолу жасайды. "Өрмекші торы" ойыны арқылы тараудан алған білімдерін жүйелейді. Т кестесі арқылы тарауды қорытындылайды.
|
Күнтізбелік тақырыптық жоспар, оқулық Аяпова 8 сынып 2000ж
Интернет ресурс
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасының Жалпыға Білім Берудің Міндетті Стандарты.
2.Күнтізбелік жоспар 2014-2015оқу жылы.
3. Ағылшын тілі, 8 сынып.
Достарыңызбен бөлісу: |