13
метапәндік тұрғыдан оқыту үдерісінің мазмұнын, өлшемдер мен көрсеткіштерді
қарастырады;
4.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту мынадай
педагогикалық шарттарды сақтаумен қамтамасыздандырылады: әлемдік
тәжірибені зерделеу және басшылыққа алу; бастауыш білім беру пәндерін
метапәндік тұрғыдан оқытуды ұйымдастыруда пәндерді кіріктірудің
ұстанымдарын жүйеге түсіру; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін
бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуға даярлау.
5.Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту арнайы
әдістемені, метапәндік тапсырмаларды, ұтымды әдістерді, жаңа технологиялық
оқыту құралдарын қолданғанда нәтижелі болады. Метапәндік нәтижелерді
қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесін орындау барысында
оқушылардың теориялық ойлау мен іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін қолдану
оқушы санасында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: