біріншіден
, интеграцияланған білім оқушыларда дүниенің тұтас
ғылыми бейнесін қалыптастыруға (бастауыш сынып оқушыларының дүниені
эмоциялық-тұтас қабылдауына) мүмкіндік береді. Осы арқылы оқушылардың
дүниетанымындағы бөлшектенушілікке, есте сақтау қабілетіне шамадан тыс
жүк түсіруге, шығармашылық ой-өрісін тарылтуға жол берілмейді.
Екіншіден
, оқытудың бастапқы (1 – 2 сыныптарда) және соңғы (10 – 11
сыныптарда) кезеңдерінде білім мазмұнын, оқу пәндерін интеграциялау үшін
де, әсіресе, соңғы кезеңінде қоғам үшін де практикалық жағынан маңызды
мәселелерді дұрыс шешуге көмектеседі. Бастапқы кезеңде (1 – 2 сыныптарда)
комплекспен оқыту 6–7 жасар балаларды мектеп өміріне, оқу ісін
психологиялық-физиологиялық, эмоциялық және практикалық жағынан
нәтижелі дайындауға мүмкіндік береді. Олар музыкалық, көркемөнер, еңбек
және дене тәрбиесін алады; тыңдай білу, жазу, оқу, бақылағыштық, көргенін,
естігенін, оқығанын айтып беру; есеп шығару сияқты білік, дағдыларды,
жергілікті материалдар, айналадағы дүние негізінде табиғат, адам, еңбек т.б.
туралы алғашқы білім, біліктерді меңгереді. Осының барлығы оқудың келесі
сатыларында оқушылардың әр түрлі пәндерді терең талдап оқып, білімді
жүйелі курстар бойынша сапалы меңгерулеріне, оқу ісіне білгірлікпен еркін
араласуына жол ашады. Оқытудың соңғы сатысында интеграцияланған курстар
оқушыларды
кешенді
(комплексті)
біліммен,
білік,
дағдылармен
33
қаруландырып, олардың мамандық таңдау, жоғары білім алу, еңбекке араласу,
тағы басқа осылар сияқты өмірлік мәні бар, әлеуметтік мәселелерді дұрыс
шешіп, өмірден адаспай өз орнын табуына көмектеседі.
Үшіншіден,
оқу пәндерін интеграциялау жалпы білім мазмұнын, көлемін
едәуір ықшамдауға, апталық оқу сағатын азайтып, эстетикалық тәрбие мен дене
тәрбиесіне көбірек уақыт, көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Бұл – білім мазмұнын,
оқу-тәрбие жұмысын гуманизациялау мен оқытуды дифференциялауды жүзеге
асыруды қамтамасыз ететін тиімді жолдардың бірі.
Жаңа бір затты, я құбылысты көрсеткенде, бала ол затты (құбылысты)
және оның
айналадағы дүниемен кейбір байланысын біртұтас қабылдайды
.
Содан кейін ғана тұтас қабылданған бейне талданады. Жаңа затты, я
құбылысты қабылдаудағы мұндай сатылықтың өзіндік физиологиялық
себептері, тетігі бар: объектіні көрсеткенде, нервтік қозу үдерісі мидың үлкен
жарты сыңарлары клеткаларына әп-сәтте таралады. Осымен бір мезетте жүзеге
асатын нервтік тұйықталу (нервтердің өзара түйісуі) нәтижесінде көру, есту,
тері сезінуі т.б. осылар сияқты сезім мүшелері арқылы баланың тікелей алған
түйсіктері алғаш рет синтезделіп, зат я құбылыс біртұтас бейнеде қабылданады.
Сондықтан, әдетте, бала объектінің, айналадағы дүниенің ең алдымен біртұтас
бейнесін оңай қабылдайды. Тек осыдан соң ғана дифференцияланған тежелу
басталады да, біртұтас бейне талданады, қорытындыда ол қайтадан неғұрлым
тереңірек синтезделіп, мәні, мазмұны жағынан ғылыми дәрежедегі біртұтас
ұғым болып қалыптасады. Осылайша ойлау үдерісі алғашқы жеңіл синтезден
талдауға қарай дамып, неғұрлым терең синтезбен аяқталады [5,б. 45-46].
Психологияның деректері бойынша 6–7 жас – адамның «адамдық» мәнінің,
басқаша айтқанда, адамға тән қасиеттердің білініп, толысатын, жетілетін,
ядросының қалыптасатын шағы. Бұл жастағы баланың жеке басының
ерекшелігі – қиялдауға бейімділігі. Ал оның қиялы, яғни ойша елестетуі тікелей
өз көргендерінің, заттар мен құбылыстар туралы естігендерінің, осыдан туған
сол заттарға, құбылыстарға деген қатынасының синтезі болып табылады.
Осының арқасында баланың ойы біртұтас болып, қиялында дүниенің
жалпыланған біртұтас қатынасын білдіре алады. Бұдан бала ойының
біртұтастығын көреміз. Балаға тән тағы бір ерекшелік – оның эмоциялық көңіл-
күйі мен практикалық іс-әрекетінің тікелей және тез байланысатынында,
бірлігінде, яғни жеке басының біртұтастығында. Жеке бастың осы
біртұтастығын тәрбие арқылы бекітіп, тұрақтандыру, адамгершілік дамуының
сенімді кепілі болып табылады. Баланың шығармашылық іс-әрекетінің, бір
жағынан, ойлаумен, екінші жағынан, эмоциялық көңіл-күйі сферасымен
байланыстылығы оның жеке басын үйлесімді дамыту проблемасының негізгі
аспектілерін ертерек, неғұрлым баланың жас кезінде белгілеп, оларды тәрбие
арқылы жүзеге асыруды ертерек бастауды қажет етеді. Егер баланың дүниені
біртұтастықта көре білу және дүние туралы біртұтас түсінігін өзінің
щығармашылық іс-әрекетінде жүзеге асыра білу сияқты қабілеттерін тиісті,
сәйкес іс-әрекеттер арқылы іске асыруға мүмкіндік туғызса, онда бұл
қабілеттер мақсатты сипат алып бекиді.
34
Н.С.Сердюкова оқу пәндерін интеграциялау жағдайында төмендегілерді
бөліп көрсетеді:
– жетекші пәндер мазмұнының жақындығы;
– олардың логикалық жағынан өзара байланысы.
Біз де автордың ізімен, бұл жағдайларда білімдер жүйелілігіне сай келеді,
оқушылар оқып отырған материал мазмұнын жақсы меңгереді, оқылған
материалды анағұрлым еркін де, жеңіл айтып бере алады деп есептейміз.
Интеграция іске асуы үшін үшін төмендегі шарттар қолайлы:
–
кіріккен оқу пәндерінің оқылып отырған нәрсеге сай жақын болуы;
–
зерттеуде қолданылатын әдістердің бірегейлігі;
–
әр пән негізіндегі теориялық тұжырымдама мен заңдылықтардың
жалпылығы [115].
Жоғарыдағы талдауларды топтай отырып, «пәнаралық байланыс»,
«интеграция» ұғымдарының контент-талдауын 2-кестеде ұсынамыз.
Кесте 2 – «Пәнаралық байланыс», «интеграция» ұғымдарының контент-талдауы
Зерттеген ғалымдар
Ұғымдарға сипаттама
1
2
Н.Д.Хмель
Оқушыларда ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тұтас
үдерісі оқытудағы сабақтастықпен, оқу пәндерінің бір-бірінің
байланысымен қамтамасыз етіледі. Пәнаралық сабақтастықты
жүзеге асыру бір құбылысты жан-жағынан көруге, ол туралы
тұтас түсінік алуға мүмкіндік береді [116].
В.М.Лихач
Р.С.Туревич
Оқытудағы сабақтастық – түсініктер, ұғымдар, біліктіліктер,
дағдылар арасындағы өзара байланысты іске асыру мүмкіндігі
[117].
Б.Г.Ананьев
Ш.И.Ганелин
Пәнаралық сабақтастық – білім алушыларда білім, білік және
дағдыларды қолдану және әрі қарай дамытуға тірек жасау, бұл
арқылы оқушыларда әртүрлі байланыстар құрылады, тақырыптың
негізгі идеялары ашылады, жаңа ескі білімдер өзара әрекет етеді,
нәтижесінде терең және берік білімдер жүйесі қалыптасады [118].
А.А.Бейсенбаева
Пәнаралық байланысты, яғни жеке пәндерге тән ортақ қасиеттерді
білу, саналы меңгеру – оқушылардың білім танымының жоғары
дәрежелігін көрсетеді, дүниетанымдық көзқарасының орнықты
қалыптасу үдерісін танытады»; Ғылымдар интеграциясы – бұл екі
ғылым элементтерінің жай қосылуы емес, ол табиғат
заңдылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретіндей дәрежеде
олардың жаңаша жүйеленген ішкі бірлігі [90,с. 437].
Б.Г.Ананьев
Оқытудағы сабақтастық – бұл ғылым негіздерін байланыстыру
барысында студенттер үшін берілетін білім жүйесін дамыту. Ол
әр сабақта жаңа оқу материалын іс-әрекеттің ұқсас құбылыстары
туралы жақында пайда болған немесе бұрыннан бар біліммен
байланыстыру кезінде жүзеге асырылады. Сабақтастық бір пәннен
келесі бір пәнге ауысу кезінде қызмет атқарады, яғни сабақтар
жүйесінде бір пәннен сабақтас пәнге және т.б. әмбебап
педагогикалық сипаты бар пәнаралық байланыс [119].
35
2 – кестенің жалғасы
1
2
Н.А.Оразахынова
Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың жеке пәндерден алған
білімі барынша күрделенсе, тиянақтала түседі, оқушылар бір пән
аясымен шектелмей, оны өзге сабақтас пәндермен байланыстыра
отырып, пәнді еркін меңгеруге мүмкіндік алады. Бұл – оқушының
белгілі бір пәннен алған білім шеңберінің кеңеюіне, басқа
сабақтас пәндердің мүмкіншілігін пайдалана білуі деген сөз [109].
С.Н. Жиенбаева
Білім беру мазмұнындағы сабақтастық – бұл пәндік-мазмұнды
компоненттің үздіксіз дамуы, атап айтсақ,: әр кезеңде еңбек
тақырыбын кеңейту және тереңдету есебінен, жоғары деңгейдегі
базаны құру [117].
А.М.Мұханбетжанова Ғылымның
интеграциясы
«қиылысушы»
және
«өтпелі»
ғылымның пайда болуында байқалады. Ал білімнің синтезі
неғұрлым жалпылама ұғымдарда, қағидаларда, теорияларда,
тұжырымдарда, дүниенің локальдық бейнесін құруда, дүниенің
жалпы ғылыми бейнесін жасауда көрініс табады [91,б. 362].
Г.К. Шолпанкулова
Пәнаралық байланыс – ғылымдар арасындағы интегративті
фактор бола отырып, оқыту үдерісінің қызметтері негізінде жеке
тұлғаның гумандық қарым-қатынасты қалыптастырушылық
қызмет атқарады [43].
Д.Ж. Кішібаева
Пәнаралық байланыс тұрғысынан практикалық іс-әрекеттерді
жоспарлау және орындау – бұл төмендегідей тапсырмаларды
орындаудан тұрады: тапсырманы орындау жоспарын құрастыру;
бақылауды; өлшеуді және эксперименттерді жоспарлау және
жүргізу; жүйенің дамуын болжау, іс-әрекетті орындау жоспарын
талдау [97,б. 134].
Ш.А.Убниязова
Білім жүйесінде жаңа, шекаралық ғылымдардың пайда болуы, әр
түрлі
ғылым
өкілдерінің
ынтымақтастығын,
ұжымдық
шығармашылығын, кешенді зерттеушілігін дамытады; интеграция
кез-келген бөліктердің, субъектілердің тұтасқа бірігуі арқылы,
олардың
арасындағы
байланыстарды
дамытып,
өзара
ынтымақтастықты іс-қимылын тереңдету [98,б. 170].
В.Т.Сопегина
Интеграция – бұл белгілі бір тұтастықтың қалыптасу үдерісі мен
нәтижесі, онда синтезделген компоненттердің өзара әрекеттесу
қарқындылығы өседі, олардың салыстырмалы дербестігін азайту
кезінде олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі
күшейтіледі [120].
Р.А. Дәрменова
Пәнаралық байланыс – ғаламдық біртұтастық диалектикалық
заңдылықтарды ғылыми тұрғыда, жүйелі түрде қарастырып
пәндік бірлестік негізде жаңа мазмұндық идеяға жетелейтін
педагогикалық үдеріс [121].
36
Біздің ойымызша, кестеде берілген барлық анықтамалар бір ортақ
мәселенің сан түрлі қырын танып, соның анықтамасын жасайды.
Сабақтағы метапәндік тәсілдеме сабақтастықты мазмұн деңгейінде ғана
емес, сонымен бірге өзіндік жолмен білімді алуға бағытталған қызметтің белгілі
бір типтеріне қабілеттерді ұйымдастыру деңгейінде сабақтастықты болжайды.
Мұндай үрдістің нәтижесі білімдер мен өмірлік қарекеттің әртүрлі
аумақтарында қолданылатын, белгілі-бір қабілетті игеру болып табылады. Шын
мәнінде, оқытудағы метапәндік тәсілдеме арқасында оқушылар икемді болады.
Себебі олар кез-келген бейтаныс жағдайларда қолдана алатын, әмбебап оқу
әрекеттерін игереді. Шын өмірде оқушылар өз білімдері мен біліктерін қолдана
отырып, жылдам әрекет ете және шешімдерді қабылдай алады. Нәтижесінде
бітіруші түлек табысты әрі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болады.
Пәндердің дербестігі, олардың бір-бірімен әлсіз байланысы оқушыларды
әлемнің тұтас бейнесін құрудағы күрделі қиындықтарды туғызады. Бұдан
пәндерді метапәндік тұрғыда оқыту қажеттілігі туындайды.
Пәндерді метапәндік тұрғыда оқытудың әлеуметтік-педагогикалық
тұрғысынан өзіндік ерекшелігін қарастырып өтудің де маңызы үлкен. Пәндерді
метапәндік тұрғыдан оқытудың мақсаты оқушыға тек білім ақпараттарын
меңгертіп қою ғана еместігі белгілі. Қандай білім ақпараттары болса да, олар
уақыт өте келе ұмытылады. Өйткені оқушыға өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік
ортаға байланыстырылмаған білім мазмұны оқушы үшін керексіз болып
қалатыны белгілі. Екінші қырынан қарайтын болсақ, ғылымның қарқынды
дамуы білім мазмұнының уақыт өте келе ескіріп қалуын танытатын бір
көрсеткіш екені белгілі. Сондықтан білім мазмұны дегеніміз – білім
жиынтығын жай ғана меңгерту емес, оқушыны ойлауға үйрету, бір пән мен
екінші пәннің арасындағы байланысты тани отырып, біртұтас дүниетаным
қалыптастыратын әдістерді меңгерту [122].
Оқушы – қоғамдық-тарихи тіршілік иесі. Оның басты сипаттарының бірі –
оның әлеуметтілігі. Белгілі ғалым С.Л. Рубинштейн былай деп жазады:
«Адамның өмір сүруінің алғашқы шарттарының ең біріншісі – басқа адамның
бар болуы. Басқа адамдар – орталықтар, солардың айналасында адамның әлемі
құрылады. Басқа адамға, өзге адамдарға деген қатынасы Адам өмірінің негізгі
тінін, оның өмірінің өзегін құрайды» [123].
А.В. Мудрик адамның әлеуметтенуі туралы өзінің зерттеу еңбегінде жаңа
әлеуметтік-мәдени, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдаяттарға байланысты
өскелең жас ұрпақтың әлеуметтану үдерісіндегі заман дамуымен байланысты
жаңа мазмұндық контенттің пайда болатыны туралы атап көрсетеді. Сөйтіп,
дәстүрлі және инновациялық оқыту жүйелерінің арасындағы алшақтық байқала
беретін болады [124]. Жаңа заман жағдайындағы қоғамның бастауыш мектепке
қоятын жаңа әлеуметтік тапсырыстары оқушының алдағы өміріне дайын
болуын қалыптастырумен тікелей байланысты. Метапәндік тұрғыдан оқыту
барысында қалыптасатын дағдылар мен әрекеттер оқушыға өмір талабына
жауап бере алуына тірек болуы керек.
37
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту оқушының жас
ерекшеліктері ескерілген, педагогикалық бейімделінген әлеуметтік-мәдени
тәжірибе деп те түсініледі. Ол әлеуметтік-мәдени тәжірибеде адам баласының
мәдени-тарихи тәжірибесін танытатын жалпыадамзаттық құндылықтар, ұлттық
мәдени құндылықтар, базалық ұлттық құндылықтар, аксиологиялық мазмұн
қамтылады. Ол білім мазмұны оқушының дүниені біртұтастықпен танып-
қабылдауына және сол арқылы таным үдерісін өз бетімен ұйымдастыруға
дағдылануына сенімді тірек болып табылады [128].
Метапәндік тұрғыдан оқытудың әлеуметтану аспектілерін қарастыруда
білім әлеуметтануының негізін қалаған Э.Дюркгейм [125] және М.Вебер [126],
Т.Парсонс [127], Н.Гросс [128,б. 204], Р.Будон [129], Р. Коллинс [130] еңбектері
басшылыққа алынады.
Білім берудің әлеуметтік қызметін, білім алушының әлеуметтік жағдайын,
оның жетістіктерін әлеуметтік тұрғыдан талдаудың жолдарын қарастырған
аталған еңбектерде білім философиясы мен білім әлеуметтануының негізі
қаланған [131].
Метапәндік тұрғыдан оқыту үдерісінің әлеуметтік жүйенің болмысымен
байланысын тану, метапәндік тұрғыдан оқытудың ішкі жүйесіндегі
субъектілердің өзара әлеуметтік қарым-қатынасын анықтау осы жүйенін жақсы
нәтижелерге қол жеткізуінің тиімді жолы болып табылады.
Метапәндік тұрғыдан оқытудың әлеуметтік қыры келесі ерекшеліктерімен
танылады деп ойлаймыз:
–
оқушы тұлғасын дамыту және әлеуметтендіру;
– адамзат жинақтаған білім жүйесін бастауыш сынып оқушысына
метапәндік тұрғыдан меңгерте отырып, білімнің келесі ұрпаққа сапалы жолмен
жеткізілуін қамтамасыз ету;
–
білімнің интеграциялануын жүзеге асыра отырып, қоғамның
интеграциялануына сеп болу;
–
білім беруді ізгілендіру.
Метапәндік тұрғыдан оқыту, білім берудің тұтас табиғаты сияқты белгілі
бір әлеуметтік қызметтерді орындайды [132].
Ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, біз де екі маңызды қызметті
көрсете аламыз. Метапәндік тұрғыдан оқытудың бірінші әлеуметтік қызметі –
бастауыш сынып оқушысына білім бере отырып, «әлеуметтік типті»
қалыптастырып шығаруы. Нақты айтқанда, дәстүрлі білім берудің әлеуметтік
қызметінен өзгеше мақсат-міндеттерді көздейтін метапәндік тұрғыдан
оқытудың мақсат-міндетіне сай оқушының тұлғасы қалыптасуы көзделеді.
Метапәндік тұрғыдан оқытудың екінші әлеуметтік қызметі –
дамытушылық немесе бейімдеу-өзгертушілік қызметі, яғни анықтап айтар
болсақ, бастауыш сынып оқушысында, әлеуметтік субъект ретінде даму мен
инновацияға деген қабілетінің қалыптастырылуы. Бүкіл қоғам тұтас қозғалысқа
түсіп, өзгерістер жүргізілген кезде, субъектінің нақ осы қызметі бел алып,
оқушының өмірлік қабілетінен көрініс береді. Сөйтіп қиындықтарға төзу және
лайықты жолмен шыға алу қабілетін қалыптастырады [133].
38
Осылайша, ғылыми еңбектерге жасалған талдау негізінде, біз «метапән»,
«метапәндік оқыту» ұғымдарының мазмұны мен мәнін түсіну, метапәндік
оқытудың «кешенді оқыту», «интеграциялау» ұғымдары арасындағы өзара
байланыстың факторларын ашу мен анықтауда келесі қорытындылар жасадық:
– бастауыш мектепте білім мазмұнын кіріктіру тиімді, сондықтан пәндерді
кіріктіруде оқушылар іс-әрекетінің дамуына сәйкес келетін пәндерді есепке алу
қажет. Бұл жерде бастауыш сыныптарда жүргізілетін пәндерде жалпы
тақырыптарға, әрекет-дағдыларға құрылған тығыз, өзара байланыстар ескерілуі
тиіс;
– бірақ кез келген оқу пәндерін біріктіру, олардың жақындығы интеграция
болып есептелмейді. Интеграция тұтастығы мен байланысын жүзеге асыратын
жетекші идея қажет. Жетекші идея ретінде баланың іс-әрекетінің дамуы
негізінде барлық элементтердің жүйелік байланысын қамтамасыз ететін, әр
баланы тұлғалық-бағдарлы дамыту арқылы дүниенің ғылыми бейнесін
қалыптастыру алынуы қажет;
– бастауыш сынып оқу пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту мәселесінің
жеткіліксіз зерттелуі аталған мәселенің диагностикалық әдістемесін жасауды
қажет етеді.
Осы жасалынған қорытындымызға сүйене отырып, біздің тарапымыздан
«метапән» ұғымына келесідей анықтама берілді (сурет 1):
Сурет 1
Метапәндік оқыту анықтамасы
Қорыта келе, білім берудегі метапәндік тәсілдеменің мәні оның қоғамдық
ойлау мәдениетін және тұтас дүниетанымды қалыптастыру мәдениетін сақтауға
және алға тартуға мүмкіндік беруінен көрінеді. Сондықтан да метапәндік
тұрғыда оқытуды насихаттай отырып және оқыту үдерісінде жүзеге асыра
отырып, отандық педагогиканы дамытудың қандай да бір бағыты деп
есептейміз. Метапәндік тұрғыда оқыту білімнің пәндік нысанын дамытудың
озық дидактикалық-әдістемелік үлгілерін көрсете алады, бұл ретте ол оқу пәні
және оқу сабағы сияқты білім беру нысандары үшін дамудың жаңа
перспективаларын ашуға мүмкіндік береді.
•
Достарыңызбен бөлісу: |