88
Өту орны: .....
Уақыты: .....
Осы тапсырма арқылы коммуникативтік әмбебап оқу әрекетін оқушы
хабарлама жасау арқылы жүзеге асырады.
Танымдық ӘОӘ бағытталып ұсынылған тапсырмалар:
1)
Сипаттама беру
Бұл әмбебап оқу әрекеті мынадай тапсырма арқылы орындалады.
Оқушылар суреттегі қарлығаштың бейнесін бақылайды.
Оның ерекше
белгілерін анықтайды, сипаттау дәл әрі анық болуы үшін қандай сөздерді
пайдаланатыны жайында ойланады. Оған өз көзқарасын білдіреді.
2)
Әрекетті рефлексиялау
Мұғалім оқулық бетіндегі мәтінді оқып береді. Оқушы тыңдаған мәтіннің
негізгі тұстарын түртіп алады.
«Байлығым
байтақ жерім, бақытты елім. Көрсең, көз тоймас асқар
шыңды тауларым, миуалы бауларым,
асу-асу белдерім, айдын-шалқар
көлдерім, орам-орам орманым. Алтай тауларынан Ақжайықтың жасыл
жағалауына дейін созылып жатқан кең-байтақ жерімізге ірі-ірі елдер тұтасымен
сыйып кетері анық. Елімізде жүзден астам ұлт пен халықтың өкілдері тату-тәтті
еңбек етеді. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып
жатқанын екінің бірі айтпай-ақ біледі. Ал ғарышқа жол Байқоңырдан
басталатынын мақтан етпейтін кім бар?! Орынды мақтаныш. Елім де, жерім де
оған әбден лайық.
Мәтіннің мазмұны бойынша парталас досының қатесін тауып, өз нұсқасын
ұсынады.
Тұлғалық ӘОӘ бағытталып ұсынылған тапсырмалар:
1)
Өзін-өзі анықтау
Оқушы «Мен эколог бола аламын ба?» сұрағына жауапты тест
тапсырмаларын орындау арқылы алады. «Иә», не «кейде», не «жоқ» деп жауап
береді. Тест тапсырмалары төмендегідей сипатта берілген:
– Бау-бақшада жұмыс істегенді ұнатасың ба?
– Ауа райы көңіл күйіңе әсер ете ме?
– Әлдекім гүлді жұлып немесе ағаш бұтақтарын сындырып жатса, сен оған
ескерту жасайсың ба?
– Саңырауқұлақ немесе емдік шөптерді жинағанды ұнатасың ба?
– Үй жануарларына күтім жасайсың ба?
– Үй өсімдіктерін тұрақты түрде суарып тұрасың ба?
–Табиғатта демалғаннан кейін қоқыс қалдықтарын жинайсың ба?
Тест нәтижесі бойынша «Мен эколог боламын ба?»
сұрағына жауап ала
алады.
Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған «Қазақ тілі»
оқулығын талдау барысында метапәндік нәтижелерді қалыптастырушы
универсалды оқу әрекеттерін жүзеге асыратын тапсырмалар толыққанды
қамтылмағандығын анықтадық. Толығырақ тоқталатын болсақ, оқулықта
тапсырмалардың әрекетті рефлексиялау, мағыналық
оқу секілді әрекеттерді
89
ұйымдастыра отырып, танымдық ӘОӘ-ні ұйымдастырады. Бірақ та оқулық
мазмұнында мәселені тұжырымдау, тапсырманы құрылымдау, модельдеу
секілді әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған тапсырмалар өте аз көлемде
кездеседі.
Реттеушілік
ӘОӘ-ге бағытталып, мәтінге жоспар құру, берілген
тапсырмалар арқылы грамматикалық ұғым туралы тұжырым жасау, мәтінде не
туралы айтылатыны туралы болжам жасату, қатемен берілген сөздерді түзеу,
орны ауыстырылып берілген сөйлемдерді қалпына келтіріп, мәтін құрау,
сәйкестендіру,
толықтыру, жағдаяттық және әр бөлімнің соңында берілген
«Өзіңді өзің тексер» тапсырмалары арқылы өзін-өзі бағалау жүзеге асырылады.
Коммуникативтік ӘОӘ ұйымдастырушы тапсырмалар оқушының белгілі
бір мәселе төңірегінде диалог құруын, хабарлама жасауын қажет етеді.
Дегенмен оқулықта оқушылардың берілген мәселелерді шешу, сыныптасының
әрекетін бақылау, бағалау, түзету, оқу ынтымақтастығын жоспарлау, сұрақтар
құрастыру секілді әрекеттерді жүзеге асыру аз көлемде қарастырылған.
Тұлғалық ӘОӘ бағытталып ұсынылған тапсырмалардан оқушының белгілі
бір мәселе төңірегінде өзін-өзі анықтауына
арналған тапсырмаларды
кездестірдік. Алайда, оқушылардың белгілі бір мәселені адамгершілік-
эстетикалық тұрғыда бағалауына, оқу әрекеті мен оның түрткісі арасында
байланысты орнату әрекетін ұйымдастыруға арналған тапсырмалардың бұл
оқулықта жүйелі жүзеге асырылмағандығын айқындадық.
Келесі талдауды
жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына
арналған
«Математика» оқулығына жүргіздік. Осы оқулықтың оқушылардың
реттеушілік, танымдық, коммуникативтік, тұлғалық ӘОӘ жүзеге асырудағы
әлеуеті төмендегідей [182]:
Достарыңызбен бөлісу: