87
сұрақ құрастыруын қажет етеді. Дегенмен оқулықтың оқу тапсырмалары
жүйесінде оқушылардың берілген мәселелерді шешу, сыныптасының әрекетін
бақылау, бағалау, түзету, оқу ынтымақтастығын жоспарлау секілді әрекеттерді
жүзеге асыру көзделмеген.
Тұлғалық ӘОӘ-ге бағытталып ұсынылған тапсырмалардың көпшілігі
ситуацияны адамгершілік-этикалық бағалау әрекеті тұрғысында қарастырған.
Алайда, оқушылардың белгілі бір мәселені адамгершілік-эстетикалық тұрғыда
бағалауына, оқу әрекеті мен оның түрткісі арасында байланысты орнату
әрекетін ұйымдастыру бұл оқулықта жүзеге асырылмағандығын айқындадық.
Келесі талдауды
жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған
«Қазақ тілі» оқулығы бойынша жүргіздік. Осы оқулықтың оқушылардың
реттеушілік, танымдық, коммуникативтік, тұлғалық ӘОӘ жүзеге асырудағы
әлеуеті төмендегідей [181]:
Коммуникативтік ӘОӘ бағытталып ұсынылған тапсырмалар:
1)
Достарыңызбен бөлісу: