Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет53/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ
Lecture theses
Қытай республикасының
2017 жылы 17 қыркүйектегі 19-партиялар 
кеңесінде Білім минстрі Чен Баошенг колледждерге, ЖОО түсу емтихандарын 
және білім алушылардың негізгі оқу нәтижелерін дамыту бағдарламаларын 
(Chinese Student Core Qualities Development Programme)
реформалау туралы сөз 
етті. Бұл реформалар білім беру саласындағы соңғы жылдардағы маңызды 
саяси өзгерістер болып табылады. Олар бағалауға бағытталған ескі білім беру 
моделін бұзады (grade-oriented model). Осылайша Қытайда кіріктіріп оқытуды 
жүзеге асырушы STEAM – білім беру дәуірі басталды [188]. 
2018 жылы Бейжіңдегі Фангкаоди халықаралық оқу орталығында (Beijing 
Fangcaodi International School) STEAM бағдарламасы бойынша бастауыш 
сыныптарға арналған алғашқы оқулық таныстырылды. Оқу материалдарының 
сериясы жобалық оқытуға негізделген және оқушылардың ойлауын дамытуға 
бағытталған. 
Бұл бағдарламаның ерекшелігі 

ол жеке тақырыптарды емес, тақырыптық 
модульдерді басшылыққа алады. Мұғалімнің материалды түсіндіруіне аз уақыт 
жұмсалуында. Оқушылардың өзіндік жұмысына көп уақыт бөлінеді. Жаңа 
бағдарламаның артықшылығы 

оқушылардың белсенді қызметі болып 
табылады. Олар сандық дәптерлерге бақылаулар жазады, өз зерттеулерін 
жүргізеді. Мұғалімдер оқушыларға нақты жағдаяттар мен проблемаларды 
беруде инновациялық тәсілдерді қолданады. Сыныпта студенттердің өз бетінше 


96 
оқуға мүмкіндігі болуы үшін жоба негізінде оқыту ұйымдастырылады. Ол 
арқылы оқушының ақпаратты өздігінен игеруіне және сыни ойлаудың дамуына 
мүмкіндік алады.
Оңтүстік Корея
мемлекетінің білім алушыларында физика, биология, 
математика, технология облыстары бойынша мәселе туындады. PISA 
қорытындысы бойынша ғылыммен байланысты қызығушылығы, ынтасы 
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының басқа елдеріне қарағанда 
төмен болды [189]. 
Оңтүстік Кореялық ғалымдар Х.Ли және K.Парк бастауыш сынып 
оқушылары ғалымдар мен инженерлер туралы нақты түсінікке ие 
болмағандығын айтып өтеді.
1957 жылы негізі қаланған негізгі миссиясы ғылыми мәдениетті ілгерілету 
және шығармашылық таланттарды тәрбиелеу болып табылатын Корея ғылым 
мен шығармашылықты дамытуға жәрдемдесу қоры (Korea Foundation for the 
Advancement of Science and Creativity) Оңтүстік Кореяның білім, ғылым және 
техника министрлігі STEAM пәндеріне интегративті көзқарас мектептегі білім 
беруді қайта құрылымдаудың негізгі элементі болып табылады деген пікірге 
келді. АҚШ-тың STEAM білім беру тәжірибесін талдағаннан кейін, Оңтүстік 
Корея ғалымдары Г. Якман және Х. Ли ғылыми білімді дамытудың, 
жетілдірудің кілті гуманитарлық ғылым элементтері деп санайды. Олар: 
эстетика, эргономика, әлеуметтану, психология, философия және т. б. 
гуманитарлық ғылымдар. Дегенмен, интеграцияға қарамастан, әр пән өзінің 
білім беру базасын сақтауы маңызды деп көрсетілген [190]. 
Сонымен қатар, Г. Якман, Х. Ли STEAM – білім берудің әрбір бағыты 
бойынша өз анықтамаларын ұсынды. 
Ғылым

табиғатта бар және оған сырттан әсер етуші. 
Технология

адамзаттың қажеттілігін қанағаттандыру үшін табиғи 
ортаның түрленуі, өзгеруі. 
Инженерия 

бұл адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 
объектілерді, үдерістерді және жүйелерді жобалау. 
Математика 

бұл сандарды, символдық қосылыстарды, үлгілерді, 
формаларды, белгісіздік пен аргументтерді зерттеу.
Өнер

өз кезегінде бейнелеу, тіл, гуманитарлық және физикалық өнерді 
қамтиды. Ең алдымен тілдік өнер 

коммуникацияның және байланыстың 
барлық түрлерін, олардың қалай түсіндірілетінін меңгеру; музыка өнері; 
физикалық өнер 

атлетикалық өнер; гуманитарлық өнер (әлеуметтік 
ғылымдар) 

білім беру, тарих, философия, саясаттану, психология, 
әлеуметтану, теология және т.б; бейнелеу өнері 

өркениеттің ең көне, тұрақты 
мәдениеттерін оқытатын эстетика.
STEAM оқушыларға тәртіптік ойлау дағдыларын (discipline-specific 
thinking) және функционалдық сауаттылықты, яғни білімді бір қызмет 
саласынан екінші қызмет саласына тарату қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. 
Функционалды сауатты адамдар пәндер арасындағы байланысты көре 
алады. STEAM бойынша білім алатын оқушылар бір салада ғана емес, бірнеше 


97 
саланың үйлесімінде де сауатты болады. Steam бағдарламасының оқушылары 
өмір бойында болып жатқан өзгерістерге оңай бейімделе алады және жаһандық 
қауымдастықты жетілдіре алады. 
Сондай-ақ, STEAM басқа пәндер мен мәдениеттерге қатысты адамдар мен 
ұғымдарды жақсы түсінуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет