Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет55/80
Дата29.10.2022
өлшемі6,28 Mb.
#155552
түріДиссертация
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80
Байланысты:
ДИССЕРТАЦИЯ
Lecture theses
неге?
қалай?
қалайша?
сөздерінен 
басталатын сұрақтарды жатқызуға болады. Контенттің, ойлаудың және тілдің 
өзара әрекеттесуі, ойлаудың күрделі үдерістерін тұжырымдау қабілеті ана 
тілінде де, оқылатын екінші және шет тілінде де жүйелі дамыту мен 
жаттықтыруды талап етеді [191].
Аталған ұстанымдарды сақтау барысында оқыту мақсатқа бағытталады.
3-шарт.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуды 
ұйымдастырудың келесі педагогикалық шарты – қазіргі мектепте еңбек етіп 
жүрген мұғалімдерге ғана емес, қазір университет қабырғасында білім алып 
жатқан болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыда оқытуға даярлау. 
Бұл шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында зерттеу 
жұмысымыздың педагогикалық эксперимент бөлімін жүргізуге қатысатын 
мектеп мұғалімдеріне арналған және болашақ бастауыш сынып мұғалімдері 
ретінде қазіргі студенттерге арналған арнайы семинар жүйесі әзірленді. Өйткені 
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін бастауыш білім беру пәндерін 
метапәндік тұрғыдан оқытуға дайындауға іріктелген тақырыптар мектептегі 
бастауыш сынып мұғалімдерінен алынған сауалнамалар нәтижесінде 


99 
айқындалған мәселелелерден туындайтын жұмыс мазмұнымен үндес 
болғандықтан, ортақ бір семинар әзірленді.
Бастауыш сыныпта осы міндетті жүзеге асыруда бастауыш сынып 
мұғалімдерінің рөлі орасан зор. Метапәндік тұрғыдан оқыту мәселесі 
төңірегінде түсініктерінің бар немесе жоқтығын анықтау мақсатында «№ 76 
жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш 
сынып мұғалімдерінен сауалнама алдық. Сауалнама мазмұны төменде 
көрсетілген: 
Сауалнама сұрақтары 10-кестеде ұсынылған: 
Кесте 10 – Сауалнама сұрақтары
«Тәcілдеме» ұғымын қалай түсінесіз? 
Оқыту үдерісін ұйымдастыру барысында қандай тәсілдемелерді негізге аласыз? 
«Метапәндік тәсілдеме» ұғымымен таныссыз ба? (Ия / Жоқ) 
«Метапәндік тәсілдеме» ұғымы жайында не білесіз? 
«Метапәндік тәсілдеме» ұғымы шеңберінде біліміңізді қанша баллға бағалар едіңіз? 
(1-ден 10-ға дейінгі шкаламен) 
«Метапәндік», «пәнаралық байланыс», «кіріктіру» ұғымдары бір 
-бірімен өзара байланысты ма? Неліктен? 
Метапәндік біліктерге қандай біліктер жатады? 
Бүгінгі күні жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында әзірленген оқулықтарда 
метапәндік тапсырмалар қаншалықты кездеседі? 1-2 мысал келтіріңіз. 
Бастауыш сынып мұғалімдерінен алынған сауалнама нәтижесі 18-суретте
 
ұсынылған.
Сурет 18 

Семинар жүргізілгенге дейінгі сауалнама нәтижесі 
20%
28%
42%
5%
48%
0%
0%
0%
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%


100 
Сауалнама қорытындысы бойынша сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің
20%-ы тәсілдеме ұғымымен таныс екендігі өздерінің жауаптары арқылы дәлел 
болды. Бірақ та оқыту үдерісін ұйымдастыру барысында қандай тәсілдемені 
негізге алып отырғандығы жайында сұрақтың қиындық тудырғандығын 
байқаймыз (28%). Метапәндік тәсілдеме ұғымымен мұғалімдердің 42%-ы 
таныс. 42% көрсеткіштің тек 5%-ы ғана бұл тәсілдеме жайында түсініктерінің 
дұрыс бағытта екендігін байқауға болады.
Метапәндік тәсілдеме жайында білімдерін 1-ден 10 баллдық шкаламен 
бағалау тұрғысынан қойылған сұраққа мұғалімдердің 48%-ы 5-7 балл 
аралығында бағалағандығын көруге болады. Метапәндік, пәнаралық байланыс, 
интеграция ұғымдарының бір-бірімен байланысы қандай деген сұраққа жауап 
беру қиындық тудырғаны анықталды. Ал 7 және 8-сұрақтарға мүлдем жауап 
бере алмағандығы мұғалімдерге осы тәсілдеме жайында әдістемелік көмек 
көрсетуді қажет ететіндігі аңғарылды [192].
Болашақ мамандарды бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда 
оқыту жолдарымен таныстыру керек деген пікір басшылыққа алынды. Соған 
орай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет