Әдістемелік әзірмелер кезеңіне аңдатпа:
- Касимова Райхан Баймырзақызы, бастауыш сынып мұғалімі;
- Бидайық орта мектебі;
- Уәлихан ауданы; СҚО
- Назарларыңызға 1-ші сыныпта «Математика» пәнінен геометриялық фигуралар жайында білім беру барысында келесі тақырыптар бойынша сабақтардың әдістемелік әзірмелерін ұсынып отырмын:
- Сызықтардың түрлері;
- Нүкте. Кесінді;
- Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру;
- Пысықтау;
Бірінші сабақ барысында оқушыларға түсінік бере отырып, келесіде білімдерін кеңейтіп, практикалық жұмыс үстінде ары қарай дамытып, соңғы сабақта білім деңгейлерін анықтау үшін «Жаттықтыру парағын» қолданғанымды көрсеттім.
«Көктем аруы» атты сыныптан тыс іс-шара жалпы бастауыш сынып оқушылардың арасында 8 Наурыз мереке қарсанында өткізілген. Ол арқылы
қыз балаларды ұлттық, халықтық тәрбие рухында тірбиелейміз, ана өнегесінен үлгі алуға үйретеміз, салт-дәстүрлерді бойына сіңіруге жағдай жасаймыз да эстетикалық тәрбие бере отырып, сұлулыққа тәрбиелейміз, тазалыққа үйретеміз.
.
Тақырып: Сызықтардың түрлері.
Білімділік мақсаты: сызықтардың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық мақсаты:фигураларды салыстыруды жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа,
ауызбіршілікке баулу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы.
Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, жіп орамы.
Қолданылатын әдіс: ойын, өздік жұмыс, жүппен, топтық жұмыс.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.
2. «Жұмылған көзбен тап» ойын арқылы құрал-жабдықтарын тексеру.
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
-Бүгін біз «Геометрия» еліне саяхат жасаймыз. Мұнда ерекше тұрғындар өмір сүреді.
Кейбіреулерімен сендер даярлық топта оқығанда таныстыңдар.
1.Логикалық тапсырма «Қандай фигура артық?»
Қорытынды: пішіні бойынша – дөңгелек артық, себебі қалғандары – үшбұрыш;
түстері бойынша – жасыл үшбұрыш, себебі қалғаны – сары түсті.
2.
Достарыңызбен бөлісу: |