ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Ребус: ,,, ,,,
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Шешуі: СЫЗЫҚ
2.Қайталау: - сызықтың қандай түрлерін білесіңдер?
- сызықтарды маркерлік тақтаға салғызу.
3. Практикалық жұмыс: жіппен
Түзу сызық – қисық сызық – тұйықталған – тұйықталмаған
ә) Түзу жіптің екі жағынан қайшымен қиып алу
Мен не істедім? (қайшымен кесіп алдым)
Қиып алған бөліктің аты – КЕСІНДІ. Ендеше бүгін сабақ үстінде немен танысамыз?
Дұрыс, бүгінгі сабақта біз «Геометрия» елінің жаңа тұрғындарымен танысамыз,
олар – КЕСІНДІЛЕР және НҮКТЕЛЕР.
4. Салыстыру: сызық - кесінді.
- Жіп арқылы сызықтарды көрсеткенде, жіпті не істеуге болады? (созуға)
- Ендеше, сызықтардың шеті бар ма? (жоқ)
- Ал жіптен кесіп алған кесіндіні созуға бола ма? (жоқ)
- Неге? (себебі, оның екі жағынан қиылған)
- Ендеше, кесіндінің несі бар?(басы мен ұшы бар)
5. Қорытынды: сызықтың шеті жоқ,
кесіндінің екі шеті бар.
Үлгі көрсету:
ІҮ. Білімді тиянақтау.
1.Оқулық бойынша жұмыс.
№1 – нүктелер жайлы
түсінік беру.
Сызық неше нүкте арқылы салынған? (екі)
Қалай ойлайсыңдар, үш нүкте арқылы сызық өткізуге бола ма? (болады)
Ол сызықтың аты қандай болады? (қисық сызық)
№ 2 – кесіндіні әртүрлі өлшеммен салыстыру.
Қорытынды: бір кесіндіні әртүрлі өлшеммен өлшеген кезде әртүрлі шама шығады.
№3 - кесінділерді салыстыру.
Көзбен өлшеу арқылы
Берілген өлшем арқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |