Антитромбин III тромбин факторын инактивациясын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, антитромбин III гепариннің плазмалық кофакторы болып табылады және онымен айқын антикоагулянттық қасиеті бар кешен түзейді.Антитромбин III тапшылығы (тума немесе жүре пайда болған) ауыр тромбоздық күйлермен, өкпе артериясының тромбоэмболиясымен, әртүрлі ағзалардың инфаркттарымен байқалады.Соңғы жылдары клиникалық тәжірибеде маңызды физиологиялық антикоагулянт ретінде антитромбин III функционалды белсендігін анықтау кең қолданады. Ол иммунологиялық әдіс, ұю уақыты бойынша тіркелетін тромбиннің инактивация интенсивтілігінің стандарттық дозаларын бағалауға немесе стандарттық антисарысуларды қолданған кезде плазмада антитромбин III антигенінің сандық мөлшерін анықтауға негізделген.
Еритін фибрин мономерлік кешенді анықтау
Клиникада ЕФМК анықтау үшін жиі паракоагуляциондық тесттер қолданылады. Ол ЕФМК-нің ферментативтік емес ұю феноменіне негізделген: құрамында ЕФМК бар плазмаға этанолдың 50% ерітіндісін немесе протаминсульфаттың 1% ерітіндісін қосқан кезде, фибриноген/фибриннің ыдырау өнімдері және фибриногеннен тұратын фибрин-мономердің еритін кешенінен фибрин-мономерлер босап шығып, гель түзей отырып, полимеризацияға ұшырайды. Этанолдың сынақ салыстырмалы сезімталдыққа ие. Протамин сульфатымен сынақ ЕФМК-дан босап шыққан фибрин-мономерлердің полимеризациясын көрсетіп қоймайды, сонымен бірге фибриноген/фибриннің ерте ыдырау өнімдерін тұнбаға түсуін анықтайды. Қалыптыда протамин сульфатының барлық сұйылтуларында «теріс» нәтиже анықталады. Егер де сұйылтулардың біреуінде ғана гель түзілсе, онда нәтиже «оң» деп бағаланады. Екі сынақ та «оң» болуы фибринолиз жүйесінің белсенуімен жүретін ТШҚҰ-синдромды немесе массивті тромбоздар мен тромбоэмболияларды көрсетеді.
Қанды зерттеу әдістері:
NB! жалпы клиникалық, биохимиялық және иммунологиялық.