Тақырыбы: Жұмбаққа да қалмас шешім табылмай!
Мақсаты: 1. Оқушылардың ойларын тыңдау, толықтыру.
2. Жұмбақтар арқылы оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытып,
танымын кеңейту.
3. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
«Жұмбаққа да қалмас шешім табылмай!» атты сайысымыз бірнеше кезеңнен тұрады.
1. Сөзжұмбақ шешу.
2. Мағынаны ашу.
3. Жұмбақ айтысы туралы түсінік беру.
4. Жұмбақбай атайдың сыйлығы.
1. Сөзжұмбақ шешу.Сөзжұмбақты шешіп көрейік. Тігінен « жұмбақ» деген сөз шығады. Сұрақтардың жауаптары көлденеңінен жазылады.
1. Жеті қазынаның бірі ? (Жылқы)
2. Не көрсең көзін аш ? (Бұлақ)
3. Тышқанның жауы ? (Мысық)
4. Араның қорегі ? (Бал)
5. Періште не көрсе жолдан таяды ? (Алтын)
6. Тамақ ішетін құрал ? (Қасық)
Тапсырмалардың жауабын шешкенде қандай сөз шықты ?
Жұмбақ дегеніміз не ?
2. Топтастыру. Мағынаны ашу.
Жұмбақ- ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. Жұмбақ туралы ұлы жазушы М.Әуезов былай деген: «Жұмбақ- адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді».
Жұмбақ – қарым- қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер.
3.Жұмбақ айтысы.. Бұл айтыс өнерінің бір түрі. Онда табиғат құбылыстары, адам, жан-жануар, қоғам тіршілігіндегі көріністерді жұмбақтау арқылы өнер бәсекесіне түскен ақындар бір-бірінің ақыл- парасаты мен ой- түсінігін сынап, сөзден тосып, тізе бүктіруді көздейді.
Олай болса осы бүгінгі өтілетін іс- шарамызда өз өнерімізді, білімімізді ортаға салайық. Жұмбақбай атамыздың шәкірттерін ортамыздан табайық. Жұмбақтардың өздері әртүрлі тақырыптарға байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |