Жұмыс бағдарламасы 1 сынып Факультатив жұмысының бағдарламасы 1 жылға арналған



Дата10.06.2017
өлшемі85,19 Kb.
#18874
түріЖұмыс бағдарламасы
Тайынша қаласы

5 орта мектеп



2015/2016 оқу жылы

«Табиғат қызықтары» факультативінің

жұмыс бағдарламасы

1 сынып
Факультатив жұмысының бағдарламасы

1 жылға арналған

/ аптасына 1 сағаттан/ барлығы 33 сағат/
Мұғалім: Жұмабаева Т.А.

Түсінік хат
Экологиялық тәрбие –қазіргі таңдағы білім саласындағы ең бір басты бағыттардың бірі. Тіршілік үшін жауапкершілік тек адамдарға жүктелетінін жас кезінен ұғындыру қажет. Экологиялық білім алған балалар келешекте табиғаттың қадірін түсініп, оны аялап сақтау керектігін біледі. Табиғатқа қамқорлық етіп, оны сақтайды.. Бастауыш сатыда бір заттар мен табиғат құбылыстарды жүйелі түрде бақылау, зерттеу, эксперимент жүргізу негізінде жүзеге асады. Бұл бағдарлама табиғатты жаңа танып келе жатқан 1-сынып оқушыларына арналған. Ол дүниетану сабағына қосымша ретінде аптасына 1 сағаттан 33 сабаққа арналып жасалған. 

         Ұсынылып отырған бағдарлама оқушыларға тірі және өлі табиғат, адам және табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы білімді игеруге көмектеседі.

Ол оқушыларға экологиялық тәрбиемен қатар қоршаған ортаға, табиғатқа  мейірімділікпен қарауға тәрбиелейді. 

Негізгі ұғымдар дүниетану пәнімен байланыса отырып, ҚР білім стандартына негізделіп алынған.



Бағдарламаның мақсаттары:

  • қоршап тұрған табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас туралы білімдерін кеңейту;

  • экологиялық білім негізін қалыптастыру;

  • баланың эмоционалды сезімін байыту;

  • табиғат қамқоршысын тәрбиелеу.

 

Бағдарламаның міндеттері:

  • табиғатты қорғау саласында оқушылардың білімдерін жүйелеу, нақты мысалдар келтіре отырып, суреттермен көрсете отырып нақтылау; 

  • жас ерекшеліктеріне сай табиғаттану түсініктерін кеңейту, білімдерін тереңдету;

  • табиғаттың сенімді досы болуына көмектесу және қызығушылықтарын нығайту;.

  • Қазақстанда және облысымызда қорғауға алынған аймақтар туралы түсініктер қалыптастыру;

  • Анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс жасауға үйрету. Берілген тақырып бойынша өздігінен ізденуге дағдыландыру.

  • Әзірлемелер жасап оқуға , сөзжұмбақ шешуге үйрету.

Бастауыш буында алған білім одан кейінгі  алатын білімнің іргетасы екені бәріне мәлім. Дүниетану пәні жаратылыстану бағытында жүргізілетін пәндердің негізі болады. 

Бағдарламада беріліп отырған материалдың алуантүрлігі оқушының танымдық қабілетін белсендіріп, дүниетану сабағына қызығушылығын арттырады. Оқу үрдісін ұйымдастырған кезде саяхат-сабақ, экскурсия-сабақ, викторина-сабақ, т.б. сабақтардың  формалары ұсынылады . Сабақта сұрақтар мен тапсырмалар  білімді әр түрлі деңгейде (репродуктивті, продуктивті, шығармашылық),  қабылдауға , оқушының жас ерекшелігіне, жеке қабілетіне бағытталды. 





Тақырыптары

Сағат саны

мерзімі

1

Жер-біздің ортақ үйіміз

1




2

Экология дегеніміз не? Күзгі саябаққа саяхат

1




3

Табиғаттағы  өзара байланыс

1




4

Орман-біздің байлығымыз

1




5

Табиғат пен адам. Табиғатта өзіңді ұстау ережелері

1




6

Жануарларды білесің бе? Викторина.

1




7

Жануарлар туралы кітапша шығару

1




8

Сен білесің бе?

1




9

Табиғат түстері

1




10

Ормандағы өрт туралы

1




11

Табиғатты қорғау тәсілдерін үйрену

1




12

Жануарларды қорғау. Қорықтар,хайуанаттар бағы.

1




13

«Құстар» қаласы. Құстарды қоректендіру. «Құстарға өз қамқорымызды көрсетейік»

1




14

Саңырауқұлақтар әлемі

1




15

Ойын «Не?Қашан? Қайда?»

1




16

Қызыл кітап

1




17

Ауа мен өмір

1




18

Қысқы саябаққа саяхат

1




19

Топырақтағы өмір

1




20

Су және өмір

1




21

«Алтын балық» ертегісі.

1




22

Біздің қанатты достарымыз.

1




23

Құстардың аты мен дауыстары

1




24

Кімнің үйі жақсы?

1




25

«Қанатты достар».

1




26

Құстарға қалай үй жасауға болады?

1




27

Көктемгі саябаққа саяхат

1




28

Қорғауға алынған өсімдіктермен танысу

1




29

Қайыңдар да жылайды

1




30

Саяхат-сабақ«Ерте гүлдейтін гүлдерде қонақта».

1




31

Жасыл дәріхана

1




32

Жыл бойы өткенге қорытынды жасау

1




33

Қорытынды сабақ.  

1




Күтілетін нәтиже:

Экологиялық мәдениет негіздерін меңгереді;

Туған жердің табиғат ерекшеліктерін біліп түсінеді;

Туған жердің өсімдіктері мен жануарлар әлемін таниды;

Жыл мезгілдерінің негізгі қасиеттерін анық ажыратады;

Зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауды үйренеді;

Әр оқушының өз мүмкіндігі негізінде танымдық қызығушылығы артады;

Қазіргі заманның экологиялық мәселелерін түсінеді;

туған өлкені, оның байлықтарын қорғай білуге тәрбиеленеді.

Әдебиет тізімі:

Қазақстан табиғаты Алматы, 2009ж

Жануарлар әлемі, Алматы, 2010ж.

Өсімдіктер әлемі, Алматы, 2010ж.



Тайны окружающего мира. А.Клепинина Москва, издательство «Ювента», 2005 г.

Такие незнакомые и знакомые растения. Е.М.Елизарова. «Панорама», 2006 г.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет